Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ–ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Білімнің алғашқы қадамы балабақшадан басталады.Тәрбиемен білім деген ұғымдар егіз секілді.Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесімем¬лекеттік саясаттыңа жырамас бөлігі болып отыр.Тәуелсіз еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбиемен білім беру,қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу– білімді, жан-жақты тәрбиешілердің қолында. Балаалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістермен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс әсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие берумен білім сапасын арттырады.
Балабақша барлық тәрбиемен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Баланың тілі-бал, бала– қуанышымыз,бала-келешегіміз.Ендеше балабақша бүлдіршіндерін тәрбиемен,біліммен қамту қазіргі таңда өзімнің басты мақсаттарымның бірі.
Балабақша–тәрбие ошағы.Иә, әр үйдің еркелері мен тентектері бас қосқан мекенде олардың көңілін табу,қабақ шытпай қарсы алып, барлық еркелігін көтеріп шығарып салу тәрбиеші төзімділігін қажет етеді.Бірі үйдің кенжесі,бірі тұла бойы тұңғышы болса,енді бірі үйдің жалғызы.Әртүрлі мінезді әр балаға бірдей тәрбие беріп,бір тәртіпке баулуда үлкен тәжірибе.Болашақтың қақпасы-әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарын да ертеңге деген нық сенім,жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін біліммен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс.Қазіргі заман талабына сай өнерлі,шығармашылыққа бай,жан жақты дамыған,өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін,өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін.