Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI970

Алғашқы әскери жане технологиялық дайындық пәнінің патриоттық тәрбие берудегі рөлі

          Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  бері  балалардың жасөспірімдердің  оқу – тәрбие  ісіне   ұдайы  көңіл бөлініп  келеді. Оқу тәрбие  ісінде  назар  аударып  отырған  тәрбие  салаларының  бірі – отансүйгіштік  тәрбие. Қазақстан  Республикасы – көп  ұлтты  іргелі  ел. Жаңа  қоғамның  дамундағы  ең  маңызды  нәтиже – оның  барысында қалыптасқан  жаңа  адам  бостандықты  жеңіп  алып ,  оны  ауыр  күрестерде қорғай білген , барлық  сын – сынақтардан  өтіп, өзі  адам  танымастай  болып   өзгерген. Өзінің  бұрынғы  қасиеттеріне  саяси  мұраттылықты  қосып,  өмір  сүрудің  тәжірибелерінен  қуат  алып,  өзінің  жеке   басының мәдениетін,  білімін  кәдеге  жаратып,   мәреден  көріне  білетін  адам.

      Патриоттық  сезім – ұлт  рухының  деңгейінің  айнасы,  өлшемі. Елбасы өзінің  халыққа  Жолдауында  азаматтардың  Отаншылдық  сезімі  мен  өз еліне  деген  сүйіспеншілігін  дамытуды  ұлттық  қауіпсіздікті  сақтаудың негізгі  элементтерінің  бірі  ретінде  таниды. Патриоттық  тәрбиені қалыптастыру  үшін  алғы  шарттар  пісіп  жетілуі  керек . Сол алғышарттардың  пісіп  жетілуімен  сабақтаса   адамдардың  сана  сезімі артып  жаңа   құндылықтарды, оның  ішінде  отаншылдық  сезімді  бойына молырақ  сезінетін  болады. Патриоттық  сана сезім болса,  ол – отан құндылығы  көрінісінің   нәтижесі, өткендегі  өмір  сүрген  ата – баба санасының  қажеттілігі  мен   ұмтылысына, құлшынысынан   туған  елдік  салт  дәстүрлері   адамдардың  санасындағы  қажеттілігі мен  қызығушылығы   арқылы  қабылдау.

      Әрбір  оқушы   өзінің  сана – сезімі,  ақыл – ой   қабілеттілігін   психологиялық,  физиологиялық  мүмкіншілігін   пайдаланып,  өзін – өзі даярлау  қажет. Мұғалім  сабақта   оқу  амалдарын,  әдістемелерді   пайдаланып,  оқушылардың  жоғарыдағы   әртүрлі  кәсіби  қабілеттерін   және  мүмкіншіліктерін  анықтап, осылар  бойынша   әртүрлі  кәсіби  қызыметтерге   бағыттауы  керек. Бұл  әртүрлі   қабілеттер мен   мүмкіншіліктерді  орындаудың  негізгі   амалы,  дене  тәрбиесі   жаттығулары  мен  теориялық   білім. Алғашқы  әскери  және   технологиялық  дайындық  сабағын   дұрыс  өткізген  мұғалім   жеке  оқушыларды  таңдап   алған  спорт  түрлерінен   жоғары  жетістікке  жетуін   ғана  емес,  барлық   оқушылардың  денсаулықтарын  нығайту,   қозғалыс  ептілігімен  дағдыларын   қалыптастыратын,  оларды  үлкен   өмірге  дайындайтын  дене тәрбиесі   сабағының  негізгі  бағыттарын   құрайды.                                                                                                                                                                                                                   

   Алғашқы  әскери  және   технологиялық  дайындық  азаматтарды  Қазақстан   Республикасы  Қарулы  Күштерінің   қатарында әскери  қызмет  атқаруға   дайындық  жүйесінің  бір   бөлігі  болып  табылатындықтан,  қазіргі   кезеңде  алғашқы  әскери және   технологиялық  дайындық  пәнін   оқыту  Қазақстан  Республикасы   Конституциясы,  Қазақстан  Республикасының  Әскери   доктринасы,  Қазақстан  Республикасы   Қарулы  Күштері  және   Қорғаныс  туралы  және   Әскери  қызмет  туралы   Қазақстан  Республикасының  заңдарының   талаптарына  сәйкестікте  жүзеге   асып  отыр.

     Алғашқы   әскери  және  технологиялық   дайындық - Қазақстан   Республикасы  азаматтарын  Қарулы   Күштерде,  басқада  әскер   және  әскери  құрамаларда   қызмет  етуге  дайындайтын   мемлекеттік  жүйенің  негізгі   құрамы  болып  табылады.

     Осылайша,  Алғашқы   әскери және  технологиялық  дайындық   пәнін  оқыту  арқылы   Қазақстан  Республикасы  азаматын   тәрбиелей  отырып,  оқыту   арқылы  адамгершілік  рухани   тұрғыда  егемен  еліміздің   ұлттық  сана – сезімі мен  намысы   оянған  рухани  ойлау   дәрежесі  биік,  мәдениетті,   еңбекқор,  бойында  білімге   негізделген  ізгілікті  қасиеттері   қалыптасқан  азамат  тәрбиелеуге   болатынына  біздің  көзіміз   жетіп  отыр.

    Оқушыларды   отансүйгіштікке , елжандылыққа   тәрбиелеуде  басқа  пәндермен   қатар  алғашқы  әскери және   технологиялық  дайындық  пәнінің   атқаратын  жүгі  қомақты.

    Дені   сау,  мықты  болашақ   жауынгерлерді  тәрбиелеудің  маңыздылығын   жан – жүрегімен  түсініп, оқушыларды  ерлік  дәстүр   рухында  тәрбиелеуді  мақсат   тұтқан  ұстаз  ғана   ел  намысын  қорғайтын,   пендешілік  мүддеден  ұлт   мүддесін  жоғары  қоятын   шын  мәнісіндегі  азаматтарды   тәрбиелей  алады. Тұлғаны  тәрбиелейтін    ұстаздың  өзі де  тұлға   болуы  тиіс.  

 

 

281 0
САБИТ ПУРХАНОВ, Ақтөбе облысы, Алға аудандық білім бөлімі, Алға мектеп-гимназиясы АӘТД пәні оқытушы – ұйымдастырушысы Алға қаласы Ұлы дала ұстазы № 001376
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: