«Өзінің биік таза рухани қасиетімен:
Кітап мәдениет пен руханиятты
қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады.
Кітап адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлайды. »
Н.Ә. Назарбаев
Үздіксіз, ашық білім беруге ауысу –қазіргі білім бердің дамуындағы жетекші білім берудің дүниежүзілік тенденциялардың бірі . Қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізі тенденциялар.Негізгі ұғымдар білім беру,беру парадигмасы, жаһандық білім беру, дүниежүзілік білім беру кеңістігі, білім берудің дамуындағы тенденциялар.
Үздіксіз білім беру,тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығы, үздіксіз білім беру жүйесі.
Тұлғаның үздіксіз білім алуда: Білім ,білік ,дағды және танымдық іс-әрекет – жеке тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығының негізгі шарты ретінде: мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік компоненттері.
Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім берудің мәні. Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім алудың мәні және тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығын қалыптастырудағы оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің мүмкіндіктері.
Үздіксіз білім алуға даярлығын қалыптастыру үдерісіндегі оқушының тұлғалық станами. Үздіксіз білім алу тұлғаның кәсіби сұранысқа ие болу және болашақ маманды дайындаудағы құзыреттілік тұрғыда оқытуды іске асыру факторы ретінде.
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде. Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің квалификациялық сипаттамасы.
Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде.
Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның құқықтары мен міндеттері. Кәсіби-педагогикалық білім берудің үздіксіздігі – қазіргі заман мұғалімін дайындаудың негізгі талабы ретінде Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді модернизациялау.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық кәсіп, квалификациялық сипаттама, профессиограмма, кәсіби стандарт, нормативтік құжаттар.
Мұғалім іс-әркетінің обьектісі – педагогикалық үдеріс. Педагогикалық үдерісті басқарудағы мұғалім іс-әрекетінің функционалды түрлері. Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іскерліктері.
Педагог-мұғалім және тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері. Мұғалім тұлғасының кәсіби-педагогикалық бағыттылығы. Педагог тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттері. Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипаты. Педагогикалық шығармашылық.
Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті: мәні, өзгешелігі, өзара байланысы. Педагогикалық этика және мұғалім әдебі – педагогикалық үдеріс субьектілері арасындағы өзара қатынастарының негізі ретінде.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекет түрлері, функциялары, кәсіби-педагогикалық іскерліктер, кәсіби маңызды қасиеттер, педагогикалық шығармашылық.
Қазақстан педагогикасының кадрлары: қазіргі уақыттағы жағдайы мен мәселелері. «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы» жаңа формациялы мұғалімді дайындау туралы.
Үздіксіз педагогикалық білім беру – мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуындағы және өзін-өзі іске асырудағы жетістігінің шарты. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі: кәсіби дайындыққа дейінгі дайындық – базалық кәсіби білім – кәсіби тұрғыда жетілдіру – жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі мұғалімнің
көпдеңгейлі дайындалуы. Қазіргі уақытта педагогикалық еңбекте мұғалімнің кәсіби өсуінің түрлері. Оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісіндегі үздіксіз педагогикалық білім беруде оқушы даярлығын қалыптастыру факторлары мен жағдайлары.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық білім беру жүйесі, педагогикалық кадрлар, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі, тұлғаның үздіксіз педагогикалық білім алуға даярлығы.
Білім арқылы оқушылардың бойында еріктік, эмоционалды-бағалы қасиеттерінің қалыптасуына жол беру. Барлық жағдай жасау.
Педагогтың қоғамда алатын орнының маңыздылығын жеткізу. Өзінің мамандығына деген жауапкершілікті күшейту. Мұғалімге деген түзу көзқарасын қалыптастыру.
Педагогтың жеке басының жағымды жақтарын өз бойына сіңіру. Педагогқа қойылатын талаптарды ең алдымен өзіне қоюын үйрету.
Педагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицияларының нақты болуы педагогикалық мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және сапасын дамытумен байланысты. Көп жылдар бойы педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде оқушы саналды. Ал, мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің объектісі ретінде көрінеді.
Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан – педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.
Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.
Педагогтың әлеуметтік позициясы жалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікір, түсінік, бағалы құндылықтары жүйесінен туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда педагогикалық мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген мотивациялық-бағалы қатынас қалыптасады. Педагогикалық іс-әрекетке деген мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім бағыттылығынан көрінеді.
Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияны да анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ олардың арасында жеке тұлғаның кәсіби бағдары, дара типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді.
Л.Б.Ительсон педагогикалық позицияларға мынадай сипаттама береді. Педагог:
Егер ол талап, норма, көзқараспен т.б. ғана шектелсе, онда ол – ақпаратшы.
Егер ол бала жанын түсінуге ұмтылса, онда ол – жолдас.
Егер ол тәрбиеленушілердің санасына норма мен бағалы құндылықтарды күштеп игертсе, онда ол – диктатор.
Егер ол тәрбиеленушінің алдында төмендеп, одан қандай болу керектігін сұраса, онда ол – сұраушы.
Егер ол тәрбиеленушіні мақсат, идеялармен, перспективалармен қызықтырса, онда ол – шабыттандырушы.
Бұл позициялардың әрқайсысы тәрбиешінің жеке тұлғасына байланысты
жағымды және жағымсыз әсер беруі мүмкін.
Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық ретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады.
Кәсіби даярлық мазмұны педагогикалық білім беру мақсаты ретінде профессиограммада беріледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті көрсетіледі.
Қазіргі кезде мұғалімнің профессиограммасын құрастырудың бай тәжірибесі жинақталған. Бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыра алатын үш кешенді атап көрсетуге болады:
жалпы азаматтық сапа,
мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар,
мамандық немесе пән бойынша арнайы білім, іскерлік, дағды.
Психологтар профессиограмманы құрғанда педагогикалық
қабілеттерге тоқталуды ұсынады. В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді, педагогикалық шығармашылықты және зейінді бөле алу қабіліттілігін көрсетеді.
А.И.Щербаков маңызды педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, құрылымдық, перцептивті, экспрессивті, коммуникативті, ұйымдастырушылықты көрсетеді. Сонымен қатар ол мұғалімнің жеке басының психологиялық құрылымында жалпы адамзаттық сапаны, адамгершілік-психологиялық, әлеуметтік-перцептивті, дара психологиялық ерекшеліктер және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бөледі. Практикалық іскерліктер мен дағдыларға:
жалпы педагогикалық (ақпараттық, мобилизациялық, дамытушы, бағдарлаушы),
жалпы еңбек (құрылымдық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік),
коммуникативті (әр түрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас),
өздігінен білім алу (білімді жүйелеу және қорытындылау, оларды педагогикалық есептерді шешуде, жаңа ақпарат қабылдағанда қолдана алу).
Мұғалімнің профессиограммасында оның жеке басының бағыттылығы маңызды орын алады. Оның бағыттылығының сипаттамасына: әлеуметтік-адамгершілік, кәсіби-педагогикалық, танымдық бағыттылығы жатады.
Педагогикалық бағыттылық негізі мұғалім мамандығына қызығушылық болып табылады. Оның өзі балаға, ата-анаға, педагогикалық іс-әрекетке дұрыс қатынасынан көрінеді. Педагогикалық атағының педагогикалық қызығушылықтан айырмашылығы, ол педагогикалық іске деген қабілеттілік.
Педагогикалық атақ болашақ педагогтың теориялық және практикалық тәжірибесінің толықтырылу және педагогикалық қабілетін өзін-өзі бағалау процесінде қалыптасады.
Педагогикалық атақ негізіне балаларға деген сүйіспеншілік жатады. Бұл сапа мұғалімнің кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайды.
Осындай сапалар ішінен педагогикалық борыш пен жауапкершілікті атап кетуге болады. Педагогикалық борышты біле отырып, мұғалім балаларға, ересектерге көмек жасай отырып, өз-өзіне жауап береді, педагогикалық мораль кодексіне сүйенеді.
Педагогикалық борыштың жоғары түрде көрінуі мұғалімнің арнаулы маман иесі екені белгілі болады. Еңбекке деген мотивациялық-бағалы қатынасы көрінеді бұл сапада. Мысал ретінде А.С.Макаренко мен В.А.Сухомлинский өмірі мен шығармашылығын жатқызуға болады.
Мұғалімнің әріптестерімен, ата-аналармен, балалармен өзара қатынастары педагогикалық такт мәнін түсіндіруге тырысады. Педагогикалық такт көбінесе педгогтың жеке бас сапаларынан көрінеді, атап айтқанда, мәдениетіне, еркінен, азаматтық позициясы мен кәсіби шеберлігінен. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс қарым-қатынастың негізі болып табылады. Педагогикалық такт, әсіресе, педагогтың бақылау-бағалы әрекетінен көрінеді, ал оның өзіне ерекше зейінділік пен шындық қажет.
Педагогикалық шындық мұғалімнің объективтілігін, адамгершілік тәрбиесінің деңгейін өлшейтін сапа.
Педагогтың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайтын жеке бас сапасы оның беделінен көрінеді.
Жеке тұлғаның танымдық бағыттылығының деңгейінің негізі рухани қажеттіліктер мен қызығушылықта.
Жеке тұлғаның рухани және мәдени қажеттіліктері білімге деген қажеттіліктен туады. Педагогикалық өзіндік білім алудың үздіксіздігі – кәсіби дамудың қажетті жағдайы. Танымдық қызығушылықтың негізгі факторларының бірі – өз пәніне деген қызығушылық. Қазіргі мұғалім ғылымның әр түрлі саласынан хабардар болу керек, ол өз пәнін жақсы біліп, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, мәдени міндеттерді шешу мүмкіндіктерін білуі керек. Сонымен қатар жаңа зерттеулерді, жаңалықтарды, болжамдарды біліп, ғылымның жақын және алыс перспективаларын білуі керек.
Мұғалімнің танымдық бағыттылығының бірі ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениеті. Оның негізгі көрінісі – ол диалектикалық бірлікте. Ол кез келген педагогикалық құбылыстың қарама-қайшылықтарынан тұрады. Педагогикалық құбылыстарға диалектикалық көзқарас мұғалімге оны процесс ретінде қабылдауға көмектесіп, жаңа мен ескінің күресі негізінде үздіксіз даму болады.
Даму – адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəн- дене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.
Егер адам сана жəне өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-əрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дəреже даму барысында қалыптасады. “Адам” ұғымынан өзгеше “тұлға” түсінігі – адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан əлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде əрбір адам əлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы жəне ойластырылған тəрбие барысында қалыптасады. Əрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тəжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық жəне рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген жəне өмір мен тəрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт.
Адам дамуы – бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді жəне қарама-қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тəн-дене болмысы мен рухани дүниесі, əсіресе, балалық жəне жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларға кезігеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменннен жоғарыға бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес., бұл процестің өзіне тəн ерекшелігі – сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық жəне рухани сапалық қасиеттеріне диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы. Бұл құбылыстарды түсіндіруде əртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мамандардың бір бөлігі адамдардың дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтін өзінше жүрісі бар, даму өмір шарттарына тəуелсіз, сондықтан, тумадан берілген күштерге байланысты; адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр белгілейді. Ал басқа бір зерттеушілер тобының пайымдауынша: даму – бұл əуел бастан қозғалысқа қабілетті тірі материя. Даму жолында көне жойылып, жаңа туындап барады. Өмірге енжар икемдесуші жануарлардан адам өз дамуы үшін қажеттерін өз еңбегімен жасай алатындығымен ажыралады.
Дамуды қозғаушы күш – қарама-қарсылықтар тайталасы. Қарама-қарсылықтардың арқасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғыртулар дүниеге келеді. Қарама-қарсылықтар – бұл өзара екі полярлы күштердің бір-біріне сиымсыздығынан туындайтын диалектикалық процесс. Адам қайшылықтарды іздеп немесе ойдан шығарып, əлектенуінің қажеті жоқ, олар қадам сайын өмірлік қажеттіктердің өзгеру салдарынан пайда болып отырады. Табиғатынан адамның өзі де қарама-қайшылықты дүние болмысы. Қарама-қайшылықтар барша адамдардың дамуына ықпал жасаушы ішкі жəне сыртқы, жалпы (əмбебап), сонымен бірге қарапайым материалдық жəне ең жоғары рухани қажеттерінің жəне оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар əмбебап сипатқа ие. Ішкі қарама-қайшылықтар əр адамның өз болмысына қанағаттанбауынан туындайды. Олар жеке-дара ниеттерде көрінеді. Негізгі ішкі қайшылықтардың бірі – жаңадан пайда болған қажеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктерінің арасындағы алшақтықтар. Мысалы, оқушылардың өз психикасы мен интеллект, əлеуметтік деңгейінің жетімсіздігіне қарамай, мүмкіндіктері толысқан ересектермен бірге іс алып баруға ұмтылуы. “Қалаймын -“қолымнан келмейді”, “білемін” - “білмеймін”, “мүмкін”-“болмайды”, “бар”-“жоқ” – мəңгі қарама-қайшылықтарды белгілейтін қосарлы ұғымдар. Адам дамуын зерттей отырып, ғалымдар даму жəне оның нəтижелері – бір жағынан, жəне оларға ықпал жасаушы себептер – екінші жағынан, арасындағы заңдылықты байланыстарды аңдатушы бірнеше маңызды тəуелділіктерді ашты.
Неліктен кей адамдар өз дамуында өте биік нəтижелерге жетіседі, ал екінші біреулер - ондай мүмкіндікке ие емес? Бұл процестің жəне оның нəтижесі неге байланысты? Ұзаққа созылған зерттеулер осы сұраққа орай жалпы заңдылық ашты: адам дамуы ішкі жəне сыртқы жағдайларға тəуелді. Ішкі жағдайлар – адам ағзасының физиологиялық жəне психикалық қасиеттері. Сыртқы жағдайлар – бұл адамның қоршаған ортасы, ол жасаған жəне дамыған аймақ, сыртқы ортамен ықпалды араласу процесінде адамның ішкі мəні өзгереді, жаңа қасиеттері қалыптасады, ал бұл, өз кезегінде алдағы өзгерістерге жол ашады.
Сонымен, адамның дамуы сандық жəне сапалық өзгерістердің желісі мен нəтижесі. Даму барысында адам тұлғаға айналып, сана мен өзіндік сана, дербес жаңғыртушы іс-əрекет иесі болып жетіледі. Дамудың қозғаушы күші-қарама-қарсылықтар күресі. Адамның дамуы ішкі жəне сыртқы жағдайлармен анықталады.
Өсіп келе жатқан адамға белсенділіктің пайдалы бағыттарын көрсетіп, алдамшы қырларын мейлінше бəсеңсіту – педагогтар үшін тұрақты да жəне өте күрделі де міндет. Күрделілігі – адамның жеделдете кемелденуі дəуірінде іс-əрекет қажеттері мен сеп- түрткілері (мотивтері) өте қозғалмалы жəне ауыспалы келеді. Сондықтан, əртүрлі жас сатыларында іс-əрекет түрлері ауысып баруы шарт. Жалпы мектептік тəрбиенің өзгерістер ізімен үлгере орындалуы өте қиын, солай да бола, əрқандай тəрбиелік іс мезетінен бір де кешікпей жүргізіліп, келеңсіз салдардың алдын алып отыруы қажет.
Əрбір адамның өзіндік белсенділігі оның қабілеттері мен дарынының дамуы жəне табыстарға жетуінің міндетті кепілі. Оқушы тəрбиесімен қандай да бір ғажайып тəрбиеші шұғылданбасын, оқушының өз əрекет- ықыласы болмаса, ешқандай нəтиже болуы мүмкін емес. К.Д.Ушинскийдің пікірінше, бала өзі оқуы тиіс, ал педагогтың қызметі – оған игерілуі қажет материалды ұсынып беру, оның оқу процесін басқару. Осыдан, дұрыс қойылған тəрбиеде оқушы педагогикалық ықпалдың тек объекті ғана емес, ол сонымен бірге өз тəрбиесін белсенді өз қолына алған- субъект.
Іс-əрекет сияқты тұлға белсенділігі де таңдамалы сипатқа ие. Тұлғаның дамуы кез-келген əсерден болмайды, солардың ішінде адамның өз қажетіне сай келген, оның тұлғасына жарасымды болған, шынайы болмысқа деген оның жеке көзқарастарына сəйкес ықпал болса ғана, бала дамуы қарқынды жүреді.
Тұлғаның белсенділігі дамудың тек алғы шарты емес, оның нəтижесі де. Қоғамдық белсенді, ынталы, шығармашыл жəне өзі мен төңірегіндегі қатысқан адамдардың бəріне бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптастырушы тəрбие əрдайым өз мақсатына жетіп отырады. Саналы, педагогикалық сынақтан өтіп, ұйымдастырылған оқушы іс-əрекеті белсенділіктің қай түрін де қамтамасыз ете алады