Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI966

Менің сүйікті балабақшам

 «Армансыз адам-қанатсыз  құсқа тең»-  демекші ұямнан  алған тәрбиемнен бе,  әлде табиғатым сол тірлікті керек етті ме жасымнан ұстаз болу арманым еді.Сол бала арман жетелеп ,мектептен білім негіздерінен сусындап, әрі қарай  университетке оқуға  түсіп , мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығын игердім.Жоғары оқу орнын тәмамдап ,өз біліміме сай жұмыс іздедім. Осылайша алғашқы еңбек өтілімімді, осы Алматы облысы Алакөл ауданы ,Үшарал қаласында орналасқан  «Көркем « балабақшасында  педагог-тәрбиеші қызметіне орналастым. Балабақша деген үлкен бесік тәрбиесіне белсене кірістім. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, педагогикалық ұжымға ,соның ішінде қызмет ететін өзіме байланысты екенін түсіндім.
Ұстаз – киелі мамандық екенін еш есімнен шығарған емеспін. Ол ертеңгі болашақты , болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес.
Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар жақсы педагогта, психологта  бола білу керек екенін ұғындым.
 
 Оны осындай қиын да қызықты іспен шынайы айналысқан жандар ғана түсіне алады .Мен жас балғындарға арнаған осы уақыттарды өмірімдегі ең бағалы әрі бақытты кездерім деп есептеймін.Біздің балабақша елу балаға арналған жайлы,шырайлы мекен.Әр күн сайын балаларымыз арайлап таңдарын атырып,балабақшаға күлімсіреп келіп жатқанын байқайсың.Аналарының жылы құшағынан шығып, апайлап өзіңе қарай бет алғанын көріп ,іштей қуанып қаласың.Яғни осы салада еш жүрмегеніңді ұғынасың. Өз «Құлыншақ» тобымда бүлдіршіндеріммен болған әрбір сағатым мені жаңа әлемге енгізгендей болады .  Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді өз кішкентай достарымды асыға күтемін,олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл- күймен келетінін ойлаймын.Кішкентай адамның көкірегі ашық,жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай үлкен жауапкершілік, мен үшін!

 

«Өзгенің бақытын аялаған, өзінің уақытын аямаған» адам ғана тәрбиеші бола алады. Тәрбиеші жұмысқа уақытпен санаспай өзін ұстаз ретінде емес, тәрбиеші-ана ретінде кірісуі абзал.«Жұмыс уақыты біткенше ғана тобымдағы балалардың өміріне жауаптымын» деп ойлайтын тәрбиешілер қателеседі. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар. Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып,күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды.Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты.. Мен балаларды жанымдай жақсы көрем. Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтсада әділ, шындықты айтып отырады. Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді. Мен үшін әр бала өзінше бір әлем. Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл,  қиялшыл болып келеді.Әр сөздеріне мән беріп тыңдап отырсаң,бір қиял-ғажайыпқа толы әңгіме ,кітап шығаруға болады. Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қалтарыс- бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?! Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертетіндер сирек. Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай. Мен балабақшада төртінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп ауыз толтырып айта аламын.Өз ойымды қорытылай келе  ,Ел есіңде қалғың келсе-ас бер,он жыл қалғың келсе ағаш отырғыз ,ал мәңгі қалғың келсе –бала тәрбиеле  дейді дана халқымыз.Сондықтанда Сөзіміз түзу  ,Еңсеміз биік ,Рухымыз мықты болсын десек бірегей ұстаздық мамандығын құрметтей білейік.Өскелең ұрпағымыздың өсіп-өнуіне нәр беретін мамандық иесі екендігін ұмытпайық.

 

213 0
Гульбану Акишева, МКҚК №8 балабақша тәрбиешісі Алматы қаласы, Алмалы ауданы Ұлы дала ұстазы № 001372
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: