Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI965

Құзыретті тұлға қалыптастыруда мұғалім мен ата-ананың байланысы

                                                      «Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты

                                                   жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық 

                                                    психология қалыптасқан, имандылық әдебі

                                                    парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім

                                                беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның,

                                                   мектептің, барша елдің, халықтың міндеті»

                                                                                                         Н.Ә.Назарбаев

                                                     

   Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру.Тұлғаның дамуына қолдау көрсету,ата-ананың мектеппен тығыз байланысын орнату.Құзіретті тұлғаны қалыптастыруда туындайтын мәселелерді анықтау. Психологиялық-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру

2. Әр отбасының, мұғалімнің  бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету.

   

 Дүниенің тамаша туындысы - тамаша тәрбие алып шыққан адам. Ежелден мәлім қағида: адам бойындаға таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуында ата-ананың ықпал алатын орны ерекше. Баланың ер жетіп өсуі, бойындағы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады. Отбасы – бала тәрбиесіндегі ең алғашқы ұжымы.

Құзыретті тұлға ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген   тәрбиенің мәселелері мұғалім ді де ,ата - ананы да әрқашан толғандырып келеді.

Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның, оқушының бойында білім, дағды, іскерлік, ерік

 күш–жігердің болуы.   Ежелден мәлім қағида: құзіретті тұлға бойындағы қасиеттердің пайда болып қалыптасуында  ата-ана мен мұғалімнің  алатын орны ерекше. 

Құзыретті тұлға болып ер жетіп өсуі, бойындағы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады.Тұлғаның табысты болуының   басты кепілі  мұғалім мен ата - аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста.  Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата - ана.Ата-анасының қасында құзыретті тұлғаның бойында 

асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. 

Құзыретті тұлғаның  жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, сүйеушісі-ата-ана. Ғалымдардың дәлелдеуінше, бала өміріне қажетті мектепке дейінгі тәрбиені ата-анадан алады, ал мектеп соны дамытады, санаға сіңіреді, өмірге дайындайды.Мұғалім мен ата-ананың міндеттері-әр балаға бақыт сыйлау. Тек 

ата-аналармен бірлікте, ортақ күш - жігер жұмсау арқылы ғана мұғалімдер балаларға адамдық үлкен бақыт бере алады» деп ұлы педагог В.А.Сухомлинский атап көрсеткендей,  құзыретті тұлғаның қалыптасуы  үшін екі субъекті мұғалім -ата-ана,

тығыз байланыста жұмыс атқаруы керек деп ойлаймын.   Сондықтанда құзыретті 

тұлғаны қалыптастыруда бірлескен жұмыс барысында ата-аналардың барлығы да 

өзара қарым-қатынасқа  негізделген (интербелсенді) әрекеттерді атқарады. 

Нәтижесінде тұлғаны қалыптастыру жолында мұғалім мен ата-ананың арасындағы ойларды   тыңдай білуі, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткезе білу,  ортақ пікірді қалыптастырады.

Бүгінгі таңда құзыретті тұлға ол ертеңгі еліміздің болашағы,   тұлғалық қасиеттерін дамытуда ата-ана тәрбиесінің мәні өте күрделі екендігін байқатады. Осыған орай оқушыларының тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту үшін мұғалім  мен ата-

ананың  ынтымақтастығының болуы қажетті шарт екендігін аңғартады.

Бүгінгі күнгі ата-анасының  тәрбиесінің ролін арттырудың негізгі көзі – мұғалім.

- Құзыретті тұлға қалыптастыруда мұғалім  ата-анамен   ынтымақтастық 

тұрақтылығын ұйымдастырып, бағыт беруші  сыншысы болу керек.

-Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру.

 

-Құзыретті тұлғаның дамуына қолдау көрсетуі, ата-ананың мектеппен тығыз 

байланысын орнату.

-Құзіретті тұлғаны қалыптастыруда туындайтын мәселелерді анықтау.

-Психологиялық-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі

тәжірибесін арттыру.

-Мұғалім  мен ата аналардың  өзара әрекетінің арқасында ғана  құзыреті тұлға дамыту  мәселелерін табысты шешуге болады.

Біздер, педагогтер ата-аналарға егжей- тегжейлі кеңес бере отырып   ата-ананы 

тәрбилей отырып,құзыретті тұлғаны ұйымдастыруға белгілі бір дәрежеде ықпал етеміз.

     Құзыретті тұлғаны қалыптастыруда ата – аналарға психологиялық, физиологиялық,   педагогикалық,  білімдер және байқағыштық, педагогикалық такт, қарым- қатынастың, өз білімін жетілдіріп отыру қабілеттері, сонымен бірге мейірімділік, сөзі мен ісінің бірлігі, адалдық секілді тұлғалық қасиеттер бойынан табылуы тиіс.

      Бүгінгі күні мұғалім  мен ата-ананың байланысы негізгі формалары ата - аналар жиналысы, мектептегі ата-аналар күндері,  конференциялары және т.б. болып отыр.

Жұмыс түрлерінің өзгешелігімен оның мазмұнының жаңаша бағыт алуы қажеттілікке айналып отыр. Жанұядағы баланың өмірін, тұрмыс жағдайы мен қарым- қатынас жүйесін зерттеуде   әрбір ата - анамен жеке - дара жұмыс жүргізілуі қажет. Ата -аналар жиналысында баланың тұлғалық қасиеттерінің дамуына қатысты барлық ғалымдар саласы (психология, физиология, педагогика т.б.) интеграциялық бірлікте 

қарастырылып отырылуы керек.

Тұлға бойына  әрдайым сын көзбен қарап, пікір айта білсек, талап қойып, болашаққа ұмтылуға сендірсек, келешекте абзал азамат шығары сөзсіз

Құзыретті тұлға бойында осындай қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімнің соның

 ішінде сынып жетекшісінің рөлі зор. Бүгінгі күні сынып жетекшісі оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы, түрлі іс - шаралар барысында оқушылар арасында ынтымақтастық қарым - қатынасты қалыптастырушы, олардың жеке тұлға ретінде дамуын бақылаушы, оқушының күнделікті өміріне кеңес берер көмекші, сыныпта қолайлы ахуал тудырушы, үйлестіруші.

  Құзыретті тұлға тәрбиесінде әрбір сынып жетекшісі сыныпта психологиялық - педагогикалық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуі қажет. Ол психологтың көмегімен мониторинг, сауалнама, диагностика, тест түрінде оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық құзырлылығын, белсенділік деңгейін анықтайды.

Оқушы құзыретті тұлға ретінде қалыптасуда сынып ұжымының да ықпалы зор. 

Барлық бала бірдей емес мінездері әр түрлі. Сол сынып ішіндегі атмосфераны бір қалыпты деңгейде ұстау, сынып жетекшісіне байланысты. Сынып жетекші 

оқушыларды алалап, үнемі сол балаға батыра айтып, қол жұсап артық кетсе, 

ол баланың сынып алдында ешқашанда беделі болмайды және оқушының ұжымға 

деген көз-қарасы өзгереді. Сынып ұжымыда үнемі шеттетіліп отырады.

Ал мұғалім мұндай оқушымен жеке әңгіме жүргізіп, қоғамдық жұмыстар тапсырып, титтей істеген жұмысын мадақтап ұжым алдында беделін көтеріп отырса, оқушының өмірге деген, оқуға деген көз-қарасы өзгеретіні айдан анық.

    Аталмыш құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды 

үсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан, мұғалім тұлға   алдына мақсат қоя білетін, 

анық та дұрыс сөйлей алатын, өз ойын жарыққа еркін шығаратын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдайтын адамды өмір жолына аттандыра білуі қажет.

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамассыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыру.
 Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы – тұлғаны ең алғашқы дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.
 Отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірде қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрін болса да атқаруға психологиялық тұрғыдан даяр болуға, шығармашылық әрекетке даярлыққа, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Бала құқығы жөніндегі конвенцияда отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата – ананың,отбасы мүшелерінің қарым – қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата – ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке – бірлікті, түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығын қорғауы тиіс. Тек осындай ізгілікті мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін – жерін сүйетін өз ұлтының салт – дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
 Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол. Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінде жалғасын табуда.
 А.С. Макаренко «Ата – анаға арналған кітабында», « Бала тәрбиесінде сіздің іс – қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады.
 Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамыз деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмағанда да іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз,өзгелермен қалай сөйлесетініңіз,олар туралы не ойлайтыныңыз, сіздің дос –дұшпандарыңызбен қалай қарым – қатынас жасайтыныңыз, қалай күлгеніңіз, қалай газет оқығаныңыз, осы іс – әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Тіпті дауыс екпінінің өзгеруін де бала сезінеді, сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да.
 Ал , отбасында сіз дөрекі көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз, осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз» дейді.
 Сондықтанда, есею жолындағы басты нәрсе – баланы парасатты іске, адал қылыққа үйрету, жақсы іс атқару, одан қуаныш сезіміне бөлену, өзгені де, ата – ананы, мұғалімді, достары мен таныстарын, бейтаныс адамдарды да қуанта білу.
 Отбасындағы қарым – қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенім қалыптастыру керек. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек , ал ғасырлық өміріңді ойласаң, онда бала тәрбиеле».
 Ана тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық, дүниетаным , түсінік, рух, иман отбасынан қаланады. Егер жас бала отбасынан осы түсінсіктерді ана тілі арқылы, халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп, терең меңгертсек, ешкімге есебімізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз.

   А.Коменский « Жеке тұлғаны дамытып, тәрбиелемеуді  мойындамау адамдар-

дың отбасының, мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын.  Ал әке шешесінің педагогикалық  сауаттылығын арттыру-ХХІ ғасыр ұстаздарының парызы. Ендеше өскелең ұрпақ ел тізгінін ұстайтындай  азамат болсын десек ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың жаңаша бағыттарын қарастыру, іздену жолында шаршамағанымыз абзал.

Мағжан Жұмабаев «Тәрбиедегі мақсат- құзыретті тұлға етіп тәрбилеп , келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтқан.

Келешекте  жас ұрпақ бар мейірімі мен күш –жігерін сарп етіп болашақ еліміздің тұтқасы болуына мұғалім, ата-ана,  болып ықпал ете білейік.

Отбасы ¾ адамның барлық өмір ағымында бірге еріп жүретін маңызды феномендерінің бірі. Оның жеке тұлғаға əсерінің маңыздылығы, күрделілігі, жан-жақтылығы мен проблемалылығы отбасын зерттеудегі көптеген əр түрлі көзқарастар мен ғылыми əдебиеттерде кездесетін анықтамаларға алып келді. Отбасындағы өзара қарым-қатынас мəселелері көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған [1].

А.Б. Харчев берген «отбасы» ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады:«Отбасы денелік өмір мен əлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады». Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М. Свердлов жəне В.Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне

ұрпақ жалғастыру, тəрбиелеу, шаруашылық жəне өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.

Э.К. Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады: шаруашылық-экономикалық, генеративті-тəрбиелік, мəдени, репродукциялық. С.Д. Лаптеноктың пікірінше (1967), отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық-тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тəрбиелік жатады.

70 жж. басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П. Парыгин, А.Г. Харчев айтады, сондай-ақ əйел адамның кəсіби іс-əрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты жəне де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С. Голод, З. Янкова т.б. зерттенеді.

З.И. Файнбург «отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы, отбасының тұрақтылық жағдайы» туралы Ю.Г. Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептері жайлы А.М. Уматинов жəне т.б. сөз етеді 

Сол жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы əлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е. Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді» З.И. Янкова жəне т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды.

Қарым-қатынасындағы маңызды объект — бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол əрдайым отбасының, яғни ата-ананың, қамқорлығын қажет етеді. Сол кезеңнің бірі, яғни, бала өміріндегі толқымалы кезең — студенттік кезең [5].

Қазіргі зерттеулерде отбасына байланысты оның əр түрлі аспектілері қамтылды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн, Д.Л. Кондратьев жəне т.б., тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік И.С. Кон, Р. Дубровина, жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Г.П. Гаврилова, Т.В. Драгунова жəне т.б, танымдық эмоциялы-еріктік жəне мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский, жеке тұлғаның өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы В.В. Баруалкина, тұлғаның аномальды даму механизмдері туралы Е.Г. Дозорцева сияқты ғалымдарды атауға болады.

Отбасы туралы басқа көзқарас А.И. Захаровтың пікірлерінде жазылған. «Əлеуметтік психологияда «Бастапқы топ» деген түсінік бар. Бұл топтағы байланыстар топ ісіне оның мүшелерінің тікелей келісімдеріне, эмоционалдық əсерлерінен құрылады, оның қатысушыларының жоғары дəрежедегі бірігуін қамтамасыз етеді. Мұндай бастапқы топ отбасы болып табылады, ол жаңа мүшелердің сырттай «тəсілдерінің» арасында емес, балалардың дүниеге келуі арасында көбейіп, өсетін жалғыз топ».

Н.Я. Соловьёвтің анықтамасына сəйкес: «Отбасы ¾ ерлі-зайыптылардың одағы мен туыстық қатынастарына негізделген қоғамның кішкентай əлеуметтік тобы, жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге тұратын жəне жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін еркек пен əйелдің, ата-аналар мен балалардың, аға мен қарындастың немесе басқа туысқандардың арасындағы қарым-қатынас» [6].

Отбасы қатынасының категорияларына құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г. Харчев берген анықтама ерекшеленеді: «Отбасы ¾ бұл кішкентай топ ретінде ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың нақты тарихи жүйесі, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынаспен, тұрмысының ортақтығымен жəне өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан жəне халықтың рухани туындыларымен қоғам сұранысына негізделген əлеуметтік қажеттілік» [7].

А. И. Антонов отбасын «адамдардың біріккен жалпы отбасылық ортақ əрекетіне негізделіп, ата- ана-туысқандық желілермен байланысқан жəне балалардың өсіп-жетілуі мен отбасы мүшелерінің өмір сүруін қолдау» деп түсіндіреді [8]. Отбасы қарым-қатынасын зерттеудің тарихи негізін қалаған швед тарихшысы И.Я. Баховеннің 1861 жылы жарық көрген «Материнское право. Исследования гинекократии старого времени и её религиозной и правовой природы» атты кітабы көп үлес қосты. Екі автор да неке формасының өзгеруі туралы идеяны талдайды.

Отбасылық қатынас жеке тұлға мен қоғамның өзара байланысында қарастырылады. Бұл бағыттың негізін салушылар мен жақтаушыларына У.Джемс, Ч. Кули, У. Томос, Ж. Пиаже, З. Фрейд жəне т.б. жатады. Қандай да болмасын жолдың алғашқы қадамынан басталатыны сияқты, адамның жеке тұлғасының қалыптасуы да отбасынан басталады.

Отбасы ¾ бұл адамға өмірлік құндылықтар жайында түсінік беретін алғашқы ұжым. Адам қандай дəрежеге жетеді, жалғыз тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кеміс болып қалыптасады ма, мұның бəрі көбіне ол адамның балалық шағында қаншалықты дұрыс ата-аналық тəрбие алғанымен байланысты. Қарым-қатынас адамзат өмірінің аса маңызды жəне негізгі сферасы болып, соның нəтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мəмле қалыптасып дамиды.

Қарым-қатынас дегеніміз — өзара пікір алмасу, сезім əлемінде бірлесіп лəззат алу, қайғы, қуаныш-та ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, екі не бірнеше рухани əлем жəне ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсінік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мəмле үрдісі іске асады. Отбасы қарама-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісіне бой сынуы, бірінің екіншісін құптауы секілді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі əр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, ақпарат байлығы болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал.

Отбасы ¾ адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін жəне бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С.И. Голод (1998) пікірінше, отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар жəне ата-ана мен бала қатынасы деп қарастырады.

Терең тұлғааралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э. Фромм, ресейлік ғалым М.И. Лисина, өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі

 С.М. Жақыповтардың қойылған мəселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-əрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.

Екіншіден, жасөспірімдердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелері арасындағы бірлескен əрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді.

Жеткіншектерді зерттеуге психология ғылымындағы базалық теориялар мен концепциялар негізге алынады. Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның қалыптасуы жайлы Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьевтің ғылыми мектебінде қалыптасқан психикалық даму теориялары жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген негізгі жұмыстар жəне жеткіншектердегі тұлғаның дамудағы өзіндік сана сезімдерді зерттеген концепциялары, Э. Берннің трансактілік талдауы, С.М. Жақыповтың бірлескен диалогты танымдық іс-əрекет концепциясы зерттеудің методологиялық-теориялық негізін құрады.

Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқын зерттеген жұмыстар зерттеудің теориялық мəнділігін негіздеді (Н.Д. Левитов, Л.И. Божович).

Жасөспірімдердің психикалық даму мəселелеріне қатысты қазақстандық жұмыстар зерттеудің теориялық негізі мен мəнділігін құрады (С.М. Жақыпов, Қ.Б. Жарықбаев т.б.).

Ал басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, С.Б. Елубаева «қазіргі қазақ жас- өспірімдердің өзіндік бағалауларын мен этностық сəйкестік пен өзіндік бағалауларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеген. Бұл зерттеу нəтижесінде қазіргі замандағы жасөсіпірімдердің өзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы толқын жеткіншектердің өзіндік бағалауымен салыстырғанда этностық сəйкестіктің компоненттері мəнді түрде азаятыны анықталды, өзіндік бағалаудың жалпы құрылымында түсінуі «өзін білу» жəне «ұйымдасқандық» сияқты сапалар бірінші орынға шықты.

Жасөспірімдердегі агрессиялық мінез-құлықты өзіндік сана-сезімдерді құрайтын негізгі компоненттері өзіндік бағалау жəне өзіндік реттелу мен өзара байланыста қарастырған. Педагогикалық-психологиялық көп қолданылатын психокоррекциялық жұмыстарға негізделген топтық оқыту əдісі, яғни психологиялық-педагогикалық тренингтер, арқылы жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты азайту мен оның өзіндік бағалау мен өзара байланыс ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Зерттеу жұмысында белгілі ғалым Э. Берннің трансактілік талдау концепциясы арқылы жасөспірімдердің эго күйлерін белсендірудің негізінде олардағы агрессиялық мінез-құлықты өзгертудің психологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Жұмыста эксперименттік топтың сыналушылары «полигон балалары» деп аталатын əлеуметтік мəртебесі бар жасөспірімдер болды, яғни «радиациялық былғанған» аймақтардағы балалардың агрессиялық мінез- құлық ерекшеліктері теориялық-эксперименттік зерттеу барысында зерттеледі. Зерттеуде жасөспірімдердің өзіндік бағалау, өзіндік реттелу эго күйдің белсендендірілуі мен агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг арқылы зерттеу жəне агрессиялықты азайту үшін 

Ал В.В. Бушельяның пікірі де қызықты мазмұнға ие: «Жеткіншектік кезең үшін бала-құрдас қатынасы жетекші орын алады, ал ересек бала қатынасы жетекші орын алмайды. Жасөспірім жастың өзара қарым-қатынас типін қолдай отырып, Я.Л. Коломинский жəне А. Березовин мынадай пікірін ұсынады: «Баланың шағын ортасы негізгі екі əлеуметтік-психологиялық астарлы жүйе бірлігінен тұрады: алғашқысында бұл «ересек бала» қатынасындағы астарлы жүйе, белгілі бір кезеңде бұл жүйеге «бала–бала» қатынасындағы астарлы жүйе бастапқы жүйе орын алады. Дəл осы жүйеде қарым-қатынасқа қажеттілік пайда болып, дамуға түрткі алады, ол тұлғааралық қатынастардың негізінде жатыр. И.С. Кон құрдастарымен қарым-қатынасқа сілтей отырып, «құрдастарымен қарым- қатынасты» келесі түрде түсіндіреді:

  • ақпараттардың маңызды арнасы;
  • ерекше іс-əрекет түрлері мен тұлғааралық қатынастар;
  • эмоциялық қатынастың ерекше түрі.

Л.Н. Десев жеткіншектің сынып ұжымындағы құрдастарына деген қатынасына зерттеу жүргізді. Оның анықтауынша, жеткіншек өз құрдасының бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. А.В. Петровский сонымен қатар мынаны ескертеді, «жеткіншектер жақсы жолдас болуға даяр, əр бейім келетін құрдастарын бағалайды. Жомарттылық бастауыш мектеп кезеңіндегідей, тұлғааралық таңдаудың жетекші негізі болып қала береді».

Жасөспірімдердің бесінші бөлігі құрдастарымен қақтығыстардың болуымен сипатталады, қақтығыстың жағдайдан дұрыс түрде шыға білмеуімен байқалады. Құрдастарымен қарым-қатынаста ұмтылыс пен қақтығыстық жағдайлардан шыға білмеуі арасында қарама-қарсылық туындайды деп көрсетті Т. Шалғынбаев «Дезадаптивтік мінез-құлқы бар жасөспірімдердің жеке тұлғалық қасиет-тері мен тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері жəне оларды реабилитациялық жұмыста қолдану» атты зерттеу жұмысында.

Баланың даму жақтарының қайсысын алмасақ та, отбасы төмендегі маңызды қызметтерді атқара отырып, қандай да болмасын жас кезеңінде шешуші рөл атқарады, яғни, баланың

  • физикалық жəне эмоционалдық дамуын ретке келтіру;
  • психологиялық жынысын дамытуға ықпал ету;
  • ақыл-ойының дамуына ықпал ету;
  • əлеуметтік нормалармен таныстыру;
  • құндылық бағдарды қалыптастыру;
  • əлеуметтік қорғау.

Осы қызметтердің жүзеге асырылуына отбасы мүшелерінің əр түрлі ұрпақтарына тəн отбасылық қарым-қатынастық орта, отбасылық өмірдің реті (отбасындағы бір-біріне деген талаптарының деңгейі), іс-əрекет мазмұны да мүмкіндік жасайды.

 

 

 


Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н. Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы–2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!». — [ЭР].Қолжетімділік тəртібі: http://www.aikyn.kz/
  2. Конфликтология. — М.: Смысл, 2006. ¾ 325.
  3. Тəртібі қиын жасөспірімдерді арнайы мектеп жағдайында тəрбиелеудің жəне қайта тəрбиелеудің педагогикалық жолдары: психол. ғыл. канд. ... дис. автореф. — Алматы, 2004. ¾ 203 б.
  4. Психологические особенности этнической идентичности и самооценки современных казахских подростков: автореф. дис. ... канд. психол. наук. — Алматы, 2004. ¾ 145.
  5. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар. — Тараз: Қорғау, 2010. ¾ 206 б.
  6. Ф.Ə. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар. — Тараз: Сенім, 2009. ¾ 245 б.
1 475 0
Шолпан Ахметкалиева,Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Балалар шығармашылық үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының би үйірмесінің жетекшісі Ұлы дала ұстазы № 001371
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: