Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі- әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астыранды елге, жерге, тілімізге, дінімізге деген үлкен құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде мекетепке дейінгі мекемеде ата-аналармен атқарылатын жұмыстардың орны ерекше.
Біздің балабақшаның да басты бағыты- ұлттық тәрбие. Осы тұста білім теңізінің балабақша атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызды дамытып, ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеуді негізгі міндетіміз деп білгеніміз жөн.
Сондықтан мен өзіме ерте жас тобынан балаларды ұлттық тәрбиеге баулуды көздедім. Ал мақсатқа жету үшін ата-аналар мен тәрбиешінің қарым –қатынасы мықты болу шарт.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» -деген ұлы жазушы М.Әуезовтің сөзімен ойымды жалғастыра отырып, «халық ауыз әдебиеті-халық шежіресі» дегендей, бесік жыры –балаға берітін алғашқы тәрбие екенін ұлықтау мақсатында ата-аналармен: «Әлди-әлди ақ бөпем» бейнесюжет шеруі өткізіліп, балаларға қиял ғажайып ертегілер мен бесік жырын жиі айтып беруге кеңес беріліп келеді.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» демекші, ата-ана –бала тәрбиесіндегі басты тұлға.Қазіргі таңда жас ата-аналардың көпшілігі ана тілінде сөйлемейтіндіктен ұлттық тәрбие беру қиынға соғып жатады. Ата-аналар қазақ балабақшаға бердік деп барлық міндетті тәрбиешілге аударып қоятыны да бар.Сондықтан да осындай қиындықтарды бірлесе шешу мақсатында балаларға ұлттық сананы қалыптастырып, өз тілін, дінін, салт-дәстүрін дәріптеу үішін бірқатар жұмыстарды қолға алынып, орындалып келеді.
«Ұлды тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып , ұлтты тәрбиелейміз»- демекші, әр халық өзінің ұрпағының қайырымды, адал, адамгершілігі мол, батыр да батыл , ұлтжанды болып өскенін қалайды.
Сондықтанда балалардың білімге, ұлттық тәрбиеге баулу мақсатында балабақшада күнделікті ойын-сауықтар, оқу іс-әрекеті ұйымдасытырлып отырады.
Ұлттық тәлім-тірбиенің ірге тасын дұрыс қалай білу тәрбиеші мен ата-ананың қосылып жүргізген іс-шараларына байланысты болмақ. Жас ұрпақты сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтпауы тиіс. Қазір де солай болуы шарт. Арғы ата-бабамыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мақсат тұтқан. Сол рухани үндеуді бүгінгі күнде жалғастыру біздің басты міндетіміз.
Бала тәрбиесінде ұсақ-түйек ешнәрсе жоқ. Ол үшін ата-ананың да, тәрбиешінің де алатын орын бөлек. Тәрбиенің алтын ұясы- отбасы мен балабақша бірі-бірін байытып, толықтырып жатса алмайтын қамал, жетпейтін мақсат жоқ. Сондықтан отбасы мен балабақша бірлігін нығайтып, ұлттық сананы дамытуды , салт-дәстүрді жалғастыруды жүзеге асыруда әрқашан бірлікте болғаны дұрыс. Осы тұста ұлттық қарым –қатынасты нығайту мақсатында ата-аналармен «Шебер қолдар» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Балаға туғаннан үш алуан мінез беріледі екен. Оны бірі атан-анасынан болса, екіншісі ұстаздан, үшіншісі қоршаған ортадан (құрбы-құрдастарынан, достарынан беріледі екен.Осы бағытта ата-аналармен «Ата салт –асыл қазына» атты ойын-сауықтар да өткізіліп келеді. Қорыта айтқанда, ұлттық тәрбие дәстүрлерін сақтау жолында, ата-ана, бала, тәрбиеші арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда атқарылатын жұмыстар барысында мынандай нәтижелер күтіледі.
- Балабақша мен отбасының бірлескен ұлттық тәрбиеге бағдар-бағыт жүзеге асады
- Жас ата-аналар ұлттық тәрбиеге бейімделеді
- Жас ұрпаққа ұлттық сана қалыптасады
- Ата-ана, бала мен тәрбиешінің арасындағы қарым –қатынас нығаяды
Сөз соңында «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулу керек» деген ұлы ақын
Абай Құнанбайұлының сөзімен ойымды аяқтай келе, ертеңгі жас ұрпақтың тәрбиесін бүгіннен қолға алып, ұлтын сүйетін ұлт-жанды ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды қолға алу біздің басты міндетіміз дегім келеді.Ендеше, тәрбиенің басы ұясы-отбасы мен білім теңізінің баспалдағы- балабақша болып бала тәрбиесінде ұлттық сананы дамытып үлкен қоғамдық міндетке үлес қосайық дегім келеді.