Балабақшаның бала үшін үйретері де, берері де мол. Тәрбие бастауы балабақшадан басталады. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қасы жауы» деп ғұлама,ғалым Әбу-Насыр Әл-Фараби айтып кеткен болатын.Үлкен астары бар бұл сөздердің растығын қазіргі қоғам өкілдерінің өзі-ақ дәлелдеп берді.Тәрбие мен білімді бір-бірімен ұштасыру арқылы кішкентай ғана балалардың жүрегіне мейірімділік ұшқынын ұяла білетін тәрбиешілердің жұмысын нағыз ерлік дер едім.Алдына келген балаға өз баласындай қамқорлық көрсетіп, мектеп табалдырығына аяқ басқанша күнделікті жүріп-тұру ережелерін үйретіп-ақ бағады. Баланың 70% жасаған іс-қимылы,сөйлеу мәнері отбасыдан, әке мен шешеден берілген тәрбие екендігін бүгінгі ғалымдар дәлелдеді.Ал,қалғаны қоғамның,айналасының берген бағыт-бағдары.Демек, болашағынан зор үміт күтетін,елдің тұтқасы болар бала көргіміз келсе, отбасыда орын алатын теріс қылықтарды бала көзінше жасамау дұрысырақ. «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер» деп дана халқымыз бекерге айтпаса керек-ті.
Бала жүрегі нәзік,айтқанды тез ұғынып,қайталап беруге әзір тұрады. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» демекші бала үшін кішкентай балапан кезінде берілген білім,тәрбие,адамгершілік сынды қасиеттерді жастайынан бойына сіңірген дұрыс.Осы орайда өз баласынан кем қарамай әрбір әріпті үйретіп, дүрыс жүріп-тұру, тамақты оң қолмен ішу әдебін, тазалықты сақтау қажет екендігін үйретіп отыратын ұстазы-тәрбиешілердің болашақ ұрпақ дайындаудағы үлесі зор.Сабақ өту процесінде небір көрнекіліктерді пайдаланып,баланы қалай қызықтыруға болатынын егжей-тегжейлі ойлап, толғану да осы қызметтің бір бөлшегі.
Осы тақырыпта мақала жаза бастағанда, мен бала кезімдегі арманымды бірден есіме алдым, мұғалімге бала кезімде қарағанымда, мен де оған ұқсап, мейірімді және істеген ісімді жақсы көргім келді. Мектепте мен алғашқы ұстазым сияқты болуды армандадым! Уақыт өте келе, жоғарғы оқу орнында оқып, балалармен жұмыс істегеннен кейін, мен өз жұмысыңыздың күрделілігі мен әртүрлілігін толық ашу және түсіндіру үшін, баланы шынымен қызықтыру үшін өз ісіңіздің шебері болуыңыз керек екенін түсіне бастадым.Біздің заманымызда, технологиялар қарқынды дамып келе жатқан уақытта, баланың назарын аудару қиынға соғуда. Бірақ соған қарамастан балалармен тығыз жұмыс жасау басты міндеттеріміздің бірі .Балабақша ол баланың мектепке даярлау мақсатында баратын мекеме. Ал балабақшадағы баланы қадағалап , оның дамуына бірден бір үлес қосатын ол – Тәрбиеші.
Тәрбиеші дегеніміз кім? Тәрбиеші балаларға білім беру үшін баланың іс-әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жеткізуші. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым — үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Бақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасына деп білуіміз керек. Болашақтың қақпасы-әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс.
Бүгінгі ұрпақ ертеңгі ұлт болашағы.Бала тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап ететін іс.Көзі ашық,көкірегі ояу азаматтың жетер жетістіктері мол.Әрбір ісін табандылықпен бастап,ешбір қорқынышсыз алға ұмтылуға әзір тұрады.Ал,біздің де қалауымыз әрбір өскелек ұрпақтың болашағы зор,елінің патриоты болғанын қалаймыз. Бала тәрбиелеу – біздің өміріміздегі ең маңызды міндет. Біздің қызметіміз де, өміріміз де бала өмірімен өте тығыз байланысты. Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарын білімді, жан-жақты дамыған, дені сау, рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтейтін саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиеттерімізді, білімімізді баланың бойына сіңіруде аянып қалаймыз!