Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI960

Жас ұрпақ бойында азаматтық, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру

   Тәуелсіздігіміздің таңы арайлы, күні шуақты болуының басты қағидаларының бірі- жас ұрпаққа дұрыс бағыт бағдар беріп, адамгершілік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу әр ұстаздың толассыз үлкен еңбегі.                         

Елбасы Н.Назарбаев “Қалың елім – Қазағым” жинағында “Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...” және “Біз қазақстандық патриотизмді, Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге дәстүрін, әдет-ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау” деп жазған еді.

Отансүйгіштік рух қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан ойып тұрып орын алуға мүмкіндік беретін бірден бір күш.

Халқымыздың өткен тарихына көз жүгіртсек, Отансүйгіштіктің, ар-ождан, намысшылдықтың керемет баға жетпес үлгілерін көреміз.

Бүгінде төрт құбыламыз тең, егемен ел болып, отыруымыздың өзі ата –  бабаларымыздың ерлігінің арқасы. 
 Ұл-қыздарымыздың бойына ұлтжандылық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі.         
 Сонымен қатар адамгершіліктің тәлім-тәрбиесі, адамгершіліктің мәні, мінез-құлық біліммен кемелдендіріледі.   
 Оқушылар оларды оқып-үйреніп, ал ең бастысы оны оқу, тәрбие, еңбек үрдісінде іске асырғанда ғана адамгершілік, мейірімділік сияқты қасиеттер әр баланың бой тұмарына айналады.  
 Жаңа жас буынның дүниетанымын қалыптастыру мен тәрбиелеуде ұлттық дәстүріміздегі адамгершілік пен ар-ұят ұстанымдарын бүгінгі заман талаптарына сай тиімді түрде қолдана алсақ, бұл ұлтжанды ұрпақ қалыптастырудың негізі.
 «Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай атамыз айтқандай жас ұрпақтың ұлтжанды, жүрегінде адамгершілік сезімі бүр жарған, қайратты, жігерлі, намысшыл болып өсуіне бүкіл аға ұрпақ болып үлес қосу баршамыздың парызымыз.
 Халықта « Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсын»
 Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие ең алдымен отбасынан, содан кейін балабақша мен мектептен басталары айдан анық.  
 Әғни, ата-ана, ұстаз, оқушы бірлесіп, үлкен түсіністікпен, жауапкершілікпен жұмыс атқарса,  баланың жарқын болашағына дұрыс жол салынады.               
 Бұл жерде біз әр игі іс үлкен еңбекті талап ететінін жете түсініп, жұмыла әрекет етуіміз керектігін естен шығармауымыз жөн.      
 Сонда ғана әр баланың бойына қазақтың ұлттық сана-сезімін дамыта отыра, сонымен бірге еліне, туған жеріне, тарихына, мәдениетіне деген құрметін арттыра алсақ, үміттер ақталады.   
 Бүгінгі таңда жаңартылған оқу үрдісінде, сабақ барысында қолданылатын негізгі бағыттардың бірі болып ұлтжандылық құндылықтарды дамыту ерекше орын алғанын көріп отырмыз.   
 Осы орайда әр ұстаз құндылыққа бағытталған тәсілдемелерін шыңдап, оқушыға жеткізе білсе, оқу, тәрбие мақсаттары оң нәтижесін көрсететіні сөзсіз.
 Сондықтан жас буынға рухани тәрбие беру ең басты және өзекті мәселердің бірі екенін біз ғасырдан ғасырға мұра ретінде жеткізе білуіміз ұлт алдында аманат.
 

 
Сәби жүрек кіршіксіз, аппақ қағаз тәрізді,
 Бала күннен не үйретсең, қайталайды әр ізді.
 Мейірімге, махаббатқа толып өскен бүлдіршін,
 Үлкенді де құрмет тұтар, кішіге де көрсетеді іс ізгі.

 Нұрыңды төк, күнде жылы сөздеріңнен аянба,
 Ашу келсе сабыр сақтап, сөзіңді аңдып, аяңда.
 Ей адамдар, сыйласуды біле білсек бәріміз,
 Жетер едік талай шыңға жүгірмей-ақ, жаяу да. 

 Туғаныңдай қорғап жүрсе жаныңдағы жақының,
 Өсті дей бер қорғаны, жанашырың, батырың.
 Тәрбиесі қазағымның тал бесіктен нәр алған,
 Үлкендердің қолында болашағы халқымның. 

162 0
Ахмарал Қизатова, Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі Биология пәнінің мұғалімі Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы дала ұстазы № 001366
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: