Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI955

1 сынып оқушыларының дұрыс жазу және дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Қазіргі таңдағы рухани жаңғыруда «Ел болам десең - бесігіңді түзе» деген сөзде үлкен мағына жатыр, сондықтан біз бастауыш сыныптан бастап білімнің негізі бастауыш сыныпта екенін білеміз Сыныпқа келген әрбір жас жеткіншектерді оқуға сауатты сөйлеуге, сауатты жазуға, санау мен есептеуге үйрету – бастауыш мұғалімінің міндеті болып табылады. Мектеп табалдырығын аттаған баланы оқыту, оған білім беру оңай емес. Мұғалім оқушыны  тек білім бере қоймай,оларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке оны тәрбиелейді және   мектеп өміріне үйретеді.  Кейінгі кездері оқушылылардың психологиялық дамуы тежелуі байқалып жүр. Соңғы уақытта педагогика ғылымының психологиямен тығыз байланысына аса назар аударылмай тұр.  

Баланың мектепке бірінші келген кезде, әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі баланың жаңа ортаға келуі болып табылады. Әдетте, бұл процестегі қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі. Егер бұл балаларда құрбыларымен қарым-қатынаста жетерліктей тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден үйде қалыптасқан қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлмесе, оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға асықпайды және олар айтқанға құлақ аспайды.  Егер біраз уақыттан соң  достарымен  қарым-қатынаста әртүрлі тәжірибелері жоқ балалардың ата-аналары олардың мектепке келгісі келмейтіндігімен, сонымен қатар, оны барлығы ренжітетіндігі, ешкім тыңдамайтындығы туралы, мұғалім баланы жақсы көрмейді деп шағымданса, онда олай қалдыруға болмайды. Мұндай шағымдарға шынайы нақты жауап беру керек.

Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі іс-әрекетіне айналады. Мектепте бала белгілі бір мерзім ішінде қабілеттілік пен икемділіктің белгілі мөлшерін меңгеріп және оларды талдауды үйренеді. Қазіргі сәтте бала өзіне қызық емес, бірақ болашаққа маңызды материалдармен оқып танысады. Жалпы білім беретін мектептердің алғашқы сыныбына келген балалар оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. Қиындықтардың ең алғашқы себебі – мектептік оқуға деген қызығушылығының төмендігі немесе психологиялық дайын еместігі.   Осыған қоса мектепте оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары ғана емес, сонымен қатар жаңа байланыстар, қарым-қатынас және жаңа міндеттер. Осыған орай бала өмірі өзгереді: бәрі оқуға, мектеп іс-шараларына бағынышты болады. Бұл өте маңызды кезең.  Мектеп алғашқы күннен бастап оларға интеллектуалдық және физикалық күшті қажет ететін тапсырмалар береді. Сондықтан қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің барлығында мектеп алды даярлық орталықтарының жұмыс жасауы міне осының айғағы.

Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өлең – әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын танытып, өнер-білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, Сәкеннің, Жансүгіровтың, Майлиннің, Мұқановтың сондай – ақ көптеген жас жазушылардың балалар сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре отырып, термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер таппақ. Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген - білгенін қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата - аналарына айтып бере алса, тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді.
 Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен жүргізілетін cергіту жаттығулары да түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады.

Қорыта айтқанда, балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор. Қазіргі заман талабына сай оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт - бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын.

 

197 0
Лагыл Аскарова,Целиноград ауданы Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Байсалова Акгул Есиркеповна, "Целиноград ауданы Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ педагог-психолог Ұлы Дала Ұстазы № 001458
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: