3-сыныптарға арналған әдебиеттік оқу оқулығына қосымша
«Олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында мəтінмен жұмыс жасаудың дағдылары»атты оқу-әдістемелік құралы жаңартылған білім беру беру бағдарламасына негізделіп, оқытудың жаңа жүйесіне бағытталған бастауыш сынып мұғалімдеріне тиімді көмекші құрал болып табылады.
Мәтіннің мазмұндық құрылымы мен түрлерін ашу жолдарын, мәтінмен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін, мәтінді талдаудың алгоритімін құрастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыстың ролі ерекше маңызды.
Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да оқушыларды өз беттерімен ізденуге үйретеді, ақыл-ойы мен дүниетанымын кеңейтеді, тілін дамытады.
3-сыныптарға арналған әдебиеттік оқу оқулығына қосымша «Олқылықтардың
орнын толықтыру мақсатында мəтінмен жұмыс жасаудың дағдылары»атты оқу-әдістемелік көмекші құралдың мақсаты тек оқушыларды дұрыс түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдірумен шектелмейді, оның басты міндеттерінің бірі – оқушыларды көркемсөзге баулу.Әдіскер ғалым А.Байтұрсынұлының қағидалары мен тиімді тәсілдерін кәдеге жаратып, жас ұрпаққа тіл нақыштарын, мәтін құрастыра алу мен сөйлеу мәнерін үйрете білсек, ойы озық болып, тілі дамиды, сөздік қоры байи түседі. Бастауыш сыныпта ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетінің қалыптастыру болып табылады.
Мәтіндегі ізденіс оқушыны шығармашылық іс-әрекетке жетелейді. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілді пайдалану «Ойланайық», «Ойлан, тап» айдарларымен ұсынылған тапсырмалар оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдылары жүйелі жетілдіріп, сөйлеу әрекеттерін дамытады. Кластер құрастыр шығарма бойынша жоспар құру, тыңдаған шығарманың белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу, мәтінге жарнама жаса,сипаттап бер, хат жаз арқылы біз оқушы қиялын, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта түсіп, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
Сонымен мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да оқушыларды өз беттерімен ізденуге үйретеді, ақыл-ойы мен дүниетанымын кеңейтеді, тілін дамытады. Бұл әдістемелік көмекші құрал оқушылардың сыныптан тыс жұмыс жасауына көп көмегін тигізері сөзсіз.
Бастауышта мәтінмен жұмыстың маңызы – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға,сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға,адами ізгі,эстетикалық тәрбие беруге,әдеби және тарихи деректерді түсіну болып табылады.Бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу» оқулығында мәтін бес түрлі қызмет атқарады.
1.Мәтін оқушыға білім береді.
2.Мәтін – оқуға үйрету құралы.
3.Мәтін оқушының ойын дамытады.
4.Мәтін тәрбиелік міндеттерді шешеді.
5.Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлықтары дамиды.
Психологиялық зерттеулерде мәтінді түсінудің 4 деңгейі көрсетіледі, олар: сөзді, сөйлемді, абзацты және мәтінді түсіну. Мұның әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Сөзді түсіну – сөзбен берілетін заттың немесе құбылыстың бейнесін елестету. Әрбір сөз заттың, нысанның немесе құбылыстың бейнесін (таңбасын) бейнелейді. Заттар нақты, бөлек-бөлек немесе жинақы т.б. түрде болуы мүмкін. Мысалы, «Болжау», Кластер құрастыр» т.б. тапсырмалары берілді.Сөйлем деңгейінде түсіну – сөздердің астарында тұрған бейненің арасындағы байланысты табу.«Сызбадағы сөйлемді түсіндір», «Мақалдағы негізгі ойды айт» т.б. тапсырмалар сөйлемдегі ойды түсінуге әкеледі.Мәтінді түсіну – сөйлемдер арасындағы байланысты анықтау, сол байланыстарды қорыту, оларды ойлау өзегімен белгілеу. Мұнда мәтінді бөліктерге бөлу, ат ойлау, ойдың шегін тапқызу сияқты дәстүрлі әдістерді қолдану да көмегін тигізеді.Төртінші деңгейде ойлау өзегінің арасында автордың көзқарасына сай байланыс жасалады
Тілдік дағдыларды дамыту.
Тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға: - - тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
- шығарманы қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
- тыңдалған шығарма бойынша сұрақтар қою;
- шығарма бойынша жоспар құру;
- тыңдаған шығарманың белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
- шығарманың мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
- шығарманы өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
- мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
Оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- шығарманың тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;
- шығарманың негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;
- ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау;
- интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау).
Жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу;
- оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
- әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жазу;
- газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу;
- белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;
- әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
- ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;
- Сұрақ қоюға ыңғайлы мәтіндерді таңдап алынды. Оқушыларды ойландыратын, түсіндіруді мәжбүр ететін мәтіндер алған жақсы. Әсіресе, жақсы ертегілермен жұмыс жасаған ыңғайлы, өйткені онда айтылатын жағдайлар мен кейіпкерлер туралы көптеген ойлар тудыруға болады.
Оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу. Мұндай балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді.
Шығармаға жоспар жасау. Жоспар шығарманың мазмұнын көрсететін оқиғалар жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады:
1) әңгімені бөлімдерге бөлу;
2) бөлімдерге ат қою.
Мәтіннің мазмұнын айтқызу 2 түрлі жолмен іске асырылады:
*Толық. Көлемі шағын мәтіндерді, әсіресі, жазбаша мазмұндамаға дайындық барысында толық баяндаттыру қажет.
*Ішінара. Көлемі ұзақ мәтін бойынша және бөлімге бөліп оқу, жоспар жасау барысында, көбіне қорытынды әңгімеде іске асады.
Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
- оқылған материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік туғызады;
- балаларды өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талаптандырады.
Қорытынды әңгіме оқылған шығарманың сипатына қарай 2 түрлі жолмен ұйымдастырылуы мүмкін:
- Балаларға белгілі бір шеңберде білім беретін ғылыми мақалаларды, очерктерді оқығаннан кейін қайталау ретіндегі қорытынды әңгіме. Онда оқушыларға бағыт беріліп, олардың алған білімдерінің дұрыстығы, дәлдеу байқалады, білімдері бекітіледі.
- Көркем әдеби шығармаларды оқығаннан кейінгі қорытынды әңгіме эвристикалық сипатта құрылады, яғни шығарманың мазмұнын айту емес, оны бағалау, өзінің сын-пікірін айту және ондағы басты ойды анықтау.
Сонымен шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да оқушыларды өз беттерімен ізденуге үйретеді, ақыл-ойы мен дүниетанымын кеңейтеді, тілін дамытады.
3-сыныптарға арналған әдебиеттік оқу оқулығына қосымша «Олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында мəтінмен жұмыс жасаудың дағдылары»атты оқу-әдістемелік көмекші құралы оқу бағдарламасы мен оқу
жоспарының негізінде дайындалған.
Бұл әдістемелік құралы кітабына төрт тілдік дағдыларды дамытуға арналған тапсырма мәтінмен жұмыс түрлері ұсылынып отыр.Әдістемелік құрал әдебиеттік оқу сабағына қосымша сыныптан тыс оқушылармен жеке жұмыс жасауға негізделген.
Оқушылармен жеке жұмыс жасауда оқып-жаттап қана қоймай, қызықты тапсырмалар арқылы әдебиеттік оқудан білім-білікті қалыптастыру, бекіту үшін әдістемелік құралдың маңызы зор. Берілген мәтінмен, тапсырмалар баланың қызығып өз бетінше орындай алуына лайықтап құрылған.Бұл әдістемелік құралды мұғалімдер сыныптарында аптасына 1 сағат,жылына 34 сағат пайдалана алады.