Авторлық бағдарлама әліппеге көмекші әдістемелік құрал ретінде жасалған. 1 жылға арналып жасалған бағдарламада әріптерді меңгеру мен буындап, жүргізіп оқу дағдылары мен сауатты жазу қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Сабақ жоспарлары әліппеде өтілген тапсырмаларды жүйелі түрде тереңдетуге бағытталған. Сызба бойынша сөйлем құрау, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою, дауыс интонациясын келтіріп оқу сияқты тапсырмалар оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдірсе, «Адасқан буындар», «Сөз құрау» т.б. жаттығу түрлері сауатты жазуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әр сабаққа көркем жазу минуты бөлінген. Авторлық бағдарламаның ең ерекшелігі, әр сабақтың соңында «Тіл дамыту жұмысы» деген бөлім оқушылардың тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын кешенді түрде дамытуға ат салысады. «Тіл дамыту» кезеңінің тапсырмалары күнделікті өмірмен байланыстырылып дайындалған. Тапсырмалар оқушылардың қабілет-икемін ұштап, шығармашылық ізденістерге кең өріс береді. Әр сабақтағы психологиялық дайындық және ширату жаттығулары тақырыпқа сай әзірленген. Мұндай жұмыстар әріпті меңгеріп, оқу, жазу машықтарын жетілдіруге оң ықпал етеді.
Бағдарламаның маңыздылығы оқушыларға әдеби тілдің нормаларын меңгерте отырып, олардың тілдік-эстетикалық талғамдарын қалыптастырады.
Бұл міндеттердің жүзеге асуына тапсырмалар әр оқушының лингвистикалық дүниетанымының қалыптасуына, олардың практикалық іскерлік дағдылардың базасы ретінде қызмет етеді.
Қорыта келе, авторлық бағдарлама 1-сынып оқушыларының оқу және жазу, сөйлеу дағдыларын арттырады деуге толық негіз бар. Ұстаздың еңбегін бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынуға болады. Бұл жинақта мұғалімдерге күнделікті практикалық жұмыстарына қажет деген материалдар жинақталған. Оларды оқушылардың тілін ұстартып, ой-өрісін кеңейтіп, білімдерін тереңдетуге, өтілген ережелерді қаншалықты меңгергендіктерін анықтап, сауатты жазуға одан әрі жаттықтыра түсу үшін пайдаланады
1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мен оқушымын. Сөйлем.
Мақсаты: Сөйлем құрай білуге, сөйлем құрылымын сызбалар арқылы көрсете отырып, сөздердің ара жігін ажырата білуге дағдыландыру. Шығарманы түсініп тыңдауға және түсінгендерімен бөлісе отырып, айтылым дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
Жазғы демалыс бітіпті.
Бірінші қыркүйек жетіпті.
Сабақ қызық болған соң,
Барлық бала келіпті.
ІІ. Тапсырмалар.
1. Сөйлемді сызбаға түсір.
Жазғы демалыс бітті.
.
Бірінші қыркүйек келді.
?
Сабақ қызықты.
!
Барлық бала мектепке келді.
.
2-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде айтылған киімдердің суреттерін түсіне келтіріп бояңыз.
Ербол далаға шықты. Ол көк жейде мен көк шалбар, сары тақия және қара аяқ киім киді.
3-тапсырма.
Түстерді білдіретін сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Көк сары қара
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тіл дамыту. Тыңдалым.
Анасы әкеп Шәріпке
Беріп еді «Әліппе»:
Оқу қайда Шәріпке
Танымайды әріпте.
Қызыққан бір қалыппен
Қарайды әрбір әріпке.
Әйтеуір, бұл «Әліппе»
Қымбат біздің Шәріпке.
Айтылым. Оқушылар өлеңді тыңдап, ойларымен бөліседі.
Сөйлемді аяқта.
«Маған сабақта ..... қызық болды»,
«Маған сабақта ..... қиын болды».