Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI95

ҚАЙТАЛАУ САБАҒЫ- ОҚЫТУДЫҢ АНАСЫ

Бастауыш сыныпқа саналы да сапалы білім беруде қайталау сабағын жүргізіп отырудың мәні мен маңызы өте ерекше. Өткен сабақ материалдарын оқушылар ойына толық қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жұмыс түрін қайталау сабағы деп атайды, өткен сабақ материалдарын қайталап отыру білім беру процесінің басты бір бөлігі болып табылады.

Қайталау сабағын жүйелі жүргізу үшін оған мынадай талаптар қойылады: 

1. Қайталау сабағының негізгі мақсаты анық болуы тиіс. 

2. Қайталау сабағының түрі белгіленуі қажет. 

3. Қайталау сабағы жоспар негізінде өтілуі тиіс. 

4. Қайталау өткенді еске түсіріп қана қоймайды, оны терең ұғынуға көмектесуі керек. 

5. Қайталау түрлері бір-біріне байланысты түрде өткізілуі тиіс. 

6. Қайталау   оқушылардың белсенділігін арттыруы қажет. 

Осындай жұмыстарды іске асыруда, оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген әдіс — тәсілдер бірыңғай болмай, алмасып келіп отыруы керек. Бір типті жұмыстар баланы жалықтырып жібереді.

Сабақ барысында қайталау сабақтарын тиімді жүргізу үшін мұғалім әр қилы жұмыс түрлерін ойластырып отырғаны дұрыс. Содан соң, оқушыны аса қызықтыратын, қалауы мол әдіс — тәсілдерді жиі қайталап, кейде балалар өздері сұраныс тудыратын кездері болады. Оған, әрине, келісу керек.

Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайда қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады.

   Қайталау -  қорыту сабақтың аса көп тараған түрі. Қайталудың өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды оқушыларды өздігінен қорытынды жасауға үйретуді көздейді. Бұған мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді. Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдарламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады. Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құралдарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек. 

Қайталау сабағын мына тәсілдермен 

 ұйымдастыруға болады. Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады.

 

255 0
Шингисова Айткуль, Республикалық физика-математика мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 00030
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: