Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI945

Тәлімгер жас маманға не үйрете алады?

Тәлімгер  жас   маманға  не  үйрете    алады?

«Тәлімгер  тәлім алушыға  күрделі  тапсырмалар   беріп қолдау  көрсетуге,  соның   ішінде  қажетті  түйінді   қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық  танытуға   дайын  болады»

                                                                                        Garret – Harris & Garvey

Қазіргі   таңда  «Мектеп   тәлімгерлігі» өзекті   мәселелердің  бірі  болып   отыр. ҚР-ның  «Педагог мәртебесі  туралы» Заңы 2019 жылы 27 желтоқсанда  шыққан  кезден   бастап ҚР-ның БҒ министрінің 2020 жылы 24 сәуірдегі №160 бұйрығымен бекітілген тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге талаптар қойылған. Биылғы   2021-2021 оқу  жылында білім  және   ғылым  министрінің  кейбір   бұйрықтарына  өзгерістер  енгізіліп, 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы   Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қыркүйекте № 24429 болып тіркелген  болатын. Өзім  тәлімгер  болып   жүрген  Жетісу  орта   мектебінде  педагогикалық  қызметте   еңбек  стажы  жоқ мұғалімдермен  жеке   тәрбиелік  жұмыс қарқынды түрде  жүргізілуде. Тәлімгерлікке тағайындаған мұғалім  сабақ  беру   мен  тәрбие  саласына   қатысты  әдістемелерді  игерген, білімді, кәсіби  және   адамгершілік  қасиеттері  жоғары   тәжірибелі  мұғалім  болуы   керектігі  бәріне белгілі. Ал  жас   маман – жоғары  оқу  орындарының   бағдарламалары  бойынша  педагогика   негіздерін  игерген,  өз   қабілет-қарымын одан  әрі  жетілдіруді   қалайтын, іске  жаңадан  кіріскен   мұғалім.  Білім беру мекемелеріндегі мектеп тәлімгерлігінің мақсаты жас мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесу болып табылады. Мектеп тәлімгерлігінің негізгі міндеттеріне   мыналар   жатады:

-          Жас мамандардың педагогикалық қызметке ынта ықыласын ояту, оларды білім беру мекемелеріне тұрақтату;

-          Мұғалімнің кәсіби тұрғыдан қалыптастыру процесін жеделдету және атқаратын қызметіне байланысты жүктелген міндеттерді өздігінен әрі сапалы етіп орындай білу қабілетін дамыту, 

-          Корпоративтік мәдениетке бейімдеу; мектеп ұжымының үздік дәстүрлерін, тәртіп ережелерін сақтауға, ұстаздық міндетті саналы түрде және творчестволықпен орындауға баулу, кәсіби дүниетанымының дамуына жәрдемдесу;

-          Жас маманның іскерлік және адамгершілік қасиеттерін, оның сабақ өткізуге, мектеп ұжымына, оқушылар мен олардың ата – аналарына деген көзқарасын, қарым – қатынасын, әуестіктері мен бейімділіктерін зерттеу;

-          Жас маманды мектеппен таныстыру, оқу сыныптарының, кабинеттердің қызметтік және тұрмыстық орын – жайлардың жұмыс жүргізуі тәртібін түсіндіру;

-          Қызметтің қыр – сырын игеруіне көмектесу, қажетті кеңестер беру;

-          Жас маманның оқу сабақтары мен сыныптан тыс шараларды өздігінен өткізу жағдайларын бақылау және оған баға беру;

-          Жас маманның ұстаздық кәсіпті, сабақ өткізудің практикалық әдіс – тәсілдерін игеуіне, жіберілген қателіктерді анықтап, оларды ретке келтіруге жеке көмек көрсету;

-          Жас маманның оңды қасиеттерін жетілдіруіне өз жеке тұлғалық үлгісімен ықпал ету;

-          Жас маманның кәсіби бейімделу қорытындысын шығару, тәлімгерлік нәтижесіне байланысты есеп беру құжатын әзірлеу, жас маманның алдағы жұмыс бағдарлары жайлы ұсыныстар даярлау.

 

Ал  жас маманның құқықтары мен міндеттеріне  тоқталсақ, төмендегілерді  келтіруге   болады:

-          ұстаздық кәсіп абыройы мен беделін қорғау;

-          өз жұмысын бағалауға байланысты арыз – шағымдарымен және басқа да құжаттармен танысу, олар жөнінде түсініктемелер беру;

-          өзіне қолайлы жолмен біліктілігін арттыру;

-          педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестік отырыстарына, мектептің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысу;

-          тәлімгер мен өз әріптестері тарапынан көмек алу;

-          әрбір баланың тұлғалық ерекшеліктерін және олардың ата – аналарын сыйлау;

-          жартыжылдық соңында тәлімгермен бірге кәсіби бейімделу қорытындысын шығару, атқарылған жұмыстар туралы есеп беру құжатын әзірлеу.

 

Тәлімгер  мен  жас   маман ережелермен  танысып  болғаннан   кейін, жылдық  жоспарда, оның  ішінде   айлық  жоспарда, оның  ішінде   апталық  жоспар  бойынша   бірлескен  жұмыс  басталады.   Осы  орайда  Тәлімгерлік жоспар  тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарына сәйкес құрылды. «Оқу-тәрбие   процесін  ұйымдастырудың 2021-2022 оқу  жылындағы  ерекшеліктері   туралы» ӘН хат, жұмысқа   пайдаланатын  нормативтік- құқықтық  құжаттарын  негізге   алынды. Жас  маманға  тәлімгер   тарапынан  әдістемелік  көмек   көрсету  үшін өзара  сабаққа    қатысу  кестесі  құрылды. Күнтізбелік-тақырыптық  жоспарды,   қысқа  мерзімді  жоспарды, тәрбие  жоспарларын құруда  әдістемелік   қолдау  көрсетіліп, оқытуда  қолданылатын   әдіс-тәсілдер  топтамасы жинақталып,  жас  маманға   өзінің  сабақтарында  тиімді   қолдану  жолдары  айтылды. Тәлімгер  тарапынан   жас  маманға  өзінің   сабағына  және  тәжірибесі   мол пән    мұғалімдерінің  сабақтарына   қатысу  ұсынысы  жасалды.   Оқушылар мен  әріптестер  арасындағы   қарым-қатынасты  жақсарту, сыныбындағы  ата-аналарымен  жақсы   байланыста  болу  үшін   әңгімелер  жүргізілді.  Жас   маманның  өз  білімін   көтеру  мақсатында  әдістемелік   тақырыбы  таңдалып, педагогикалық семинар-конференцияларына қатысу, әдістемелік   газет-журналдарына  жазылу  ұсынылды. Жас   маманнан сауалнамалар  алынып, диагностика  жасалды.  Тәлімгер, жас   маман  мен  мектеп   психологының  арасындағы  «Үштік   одақ»  жұмыстары  жанданып,   жүргізілетін  іс-шаралар  жоспарымен   таныстырылды.   

  Әрине   тәлімгер жас маманға бір жылға жетпейтін уақытқа бекітіледі. Тәлімгер жұмысының тиімділігі, баға көрсеткіштері жас мұғалімнің сол кезеңдегі өз міндеттерін орындау деңгейінен көрінеді. Тәлімгерлік  күнделігіне   жас  маманмен  өткізілген   кездесулер, отырыстар, жүргізілген түрлі   жұмыстар  мен  іс-шаралар   барысы  тіркеліп  отырады.   Жетістіктер  марапатталып,  қателіктерді   түзету, олқылықтарды   толықтыру  жұмыстары  да   өз  жалғасын  табады. Тәлімгер  жас  маманға  әдістемені   үйрете  жүріп,  өзі  де  жас   маманнан  үйренері де кездесіп  жатады.   Мектепішілік  іс-шараларда  «Жас   маман  декадасыда» жүргізіліп, жас  мамандар  өздерінің іс-тәжірибелерімен  бөлісетін   де  кез  келеді. Сонымен  қатар оқу   жылының  соңына  қарай   жас  мамандар  арасында   тартысты  байқаулар  да   өткізіледі. «Ең үздік  жас  маман» байқауларында  жас   мамандар  қаншалықты  деңгейде   аз  уақыт  ішінде   кәсіби  тұрғыдан  өскенін   байқатады. Әрине  бұл  жерде   тек  тәлімгерлікті  іске  асырған  педагог, яғни тәлімгер ғана  емес   бүткіл  ұжымның  қажырлы   еңбегінің  тәтті  жемісі   деп  айтар  едім. 

 

682 0
Гүльнар Мухамадьярова ,Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-нің Математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Алматы облысы, Сарқан ауданы Ұлы дала ұстазы № 001360
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: