Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI942

Ұстаз - ұлы есім!

«Алты алаштың баласы бас қосса төрдегі орын - мұғалімдікі»
                                                                                                                                     М. Жұмабаев                       

          «Ұстаз болу мәртебе.Ұстаз-екінші анамыз!» Бұл сөздерді өзіміз мектеп табалдырығында оқып жүргенде-ақ естіп, санамызға тоқып келдік.Барша тәрбиенің бастауы ұстаздық жолдан құралады.Ұстаз болу-жүректің батырлығы.Шәкіртті білім нәрімен сусындатып,тәлім-тәрбие беріп,бала бойына адамгершілік деген асыл қасиеттерді үйрете алу қабілеті екінші ана-ұстаздың ғана қолында.

         Көп саланың ішінде жан-жақты білімділік пен икемділікті, шеберлікті, ерекше  мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандығы. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу- әр мұғалімнің борышы.Ұлы ағылшын ғалымы, Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады»- дейді. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу, шәкірт бойына өз білгенін үйретіп біліммен сусындату. 

      Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа бағыт-бағдар беріп, жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Ұлы Абайша айтсақ: 

Ақырын жүріп, анық бас, 

Еңбегің кетпес далаға. 

Ұстаздық еткен жалықпас,

 Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер  мен   адал еңбектің ақталғаны емес пе?!  Шәкәрім атамыздың мына бір сөзі ойға оралып отыр: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл үшеуі адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді».Яғни,адамгершілікке тәрбиелеу тек білім берумен ғана шектеліп қоймайды. Әуелі, жүрегің таза, еңбегің адалынан болуы керек. Осындай таза жүрек арқылы баланың сезіміне әсер етумен ғана ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. Осылайша ұл тәрбиелей отырып жер иесін, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз. Демек, қазақ елінің, жұртының өркениетті қоғамда еркін өмір сүруі ұлт болашығы ұл - қыздарымызға тікелей байланысты болса, ұл - қыздарымыздың жас ұрпақтың тағдыры біздің қолымызда.

 «Мектеп – білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» деген әдемі афоризм кезіннен-ақ айтылып келеді.Тіпті, кейбір мектептің ішкі қабырғасында да осы сөздер ілулі.Бұл әрбір шәкіртке мектептің жүрегі атанған ұстаз орнының қашанда сыйлы да құрметті екенін ұғындырып тұрғандай. Ұстаз– зор тұлға ол күннің құдіретті сәулесі іспеттес. Барша шәкірттің тұла бойына білімінің биігін сыйлай отырып, қаншама жанның жүрегінен орын алатын, өз өмірін өзгенің болашағына арнайтын ақылдың тозбайтұғын асылы. Бойындағы бар білімі мен ақылы, арман мен мақсаттарын орындай жүріп, шәкірт жүрегінде мәңгі сақталатын бейне де осы – ұстаздікі. 

   Д.Ушинскийдің: «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деп дана ойын қалдырған. Шынымен де, ұстаз жолы қиын жол. Жан-жағындағы адамдарға қуат беріп, білімнің сар даласында дамыл таппай, ізденісте жүреді. Себебі, мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылары хақ. Ұстаздың зор міндеті де сол – адамды қалыптастырады. Айта берсек ұстазға жүктелер міндет те, айтылар теңеу де көп. Десек те, ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттеріне жемісті ықпал жасайтын болады. 

 

 

 

 

414 0
АЙНАГУЛЬ БЕКЕНОВА, НҰРБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ КММ-НІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ, ЖОҒАРҒЫ САНАТТЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ , АЛҒА АУДАНЫ , НҰРБҰЛАҚ АУЫЛЫ Ұлы дала ұстазы № 001357
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: