Пән: жаратылыстану Сынып: 2 | Мектеп: №26 М.Кашкари жом | ||
Күні: | Мұғалімі: Юлдашова У.Т | ||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлімше: | 2. Тірі табиғат 2.2. Жануарлар | ||
Сабақ тақырыбы: | «Алуан түрлі жануарлар» | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме): | 2.2.2.2-жануарлар класының өкілдерін ажырату: жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер; 2.1.2.5-құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау; | ||
Сабақ мақсаттары:
| Барлық оқушы: жануарлар түрлерін біледі; Көптеген оқушылар: жануарлар класының: жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер өкілдерін ажыратады; Кейбір оқушылар: жануарлар класының өкілдерін жоспарға сәйкес бақылау жүргізеді, қорытынды жасайды. | ||
Бағалау критерийлері: |
| ||
Тілдік мақсаттар:
| Оқушылар: бунақденелердің негізгі белгілерін атайды; Пәндік лексика мен терминалогия -бунақденелі, балық, қосмекенді, бауырмен жорғааушы, құс, сүтқоректі Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестерінің сериясы --жануарлар түрлерін атаңдар | ||
Құндылықтарға баулу: |
| ||
Пәнаралық байланыс: | «Демалыс мәдениеті, мерекелер» ортақ тақырыптары бойынша дүниетану, математика пәндері бойынша | ||
АКТ қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта арқылы бейнежазба, планшет, ұялы телефон арқылы интернет желісін қолдану дағдылары. | ||
Бастапқы білім: | Жануарлардың негізгі сипаттамаларын біледі. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратады. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақты жоспарланған кезеңдер | Сабақтағы жоспарлаған іс- әрекеттер | Ресурстар | |
Сабақтың басы (8 минут)
| Психолгиялық жағымды ахуал тудыру мақсатында: «Жануарлар әлемінде» әуені арқылы әртүрлі жануарлардың іс-әрекетін көрсету. Топқа біріктіру: «Пазл» әдісі арқылы топқа біріктіремін. 1 топ: ұшатын жануарлар 2 топ: жорғалайтын жануарлар 3 топ: сүтпен қоректенетін жануарлар «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыпты тексеру мақсатында және жаңа тақырыпты ашу мақсатында қолданамын. -жануарлар түрлерін атаңдар. - мысал келтіріңдер. | Бейнежазба «Жануарлар әлемі» әуені
Жануарлар класының суреттері
| |
Сабақ ортасы 27 мин | Т. «Ұқсастығын тап!» ойыны. 1 тапсырма. Әр жануардың жұбын тап және өз жауабыңды түсіндір. Бунақденелердің, балықтардың, қосмекенділердің, бауырмен жорғалаушылардың, құстардың және сүтқоректілердің екі түрлі суреттерін беремін. Критерий: -жануарлар класының өкілдерін ажыратады; Дескритор: -әр жануарлардың жұбын табады; -суреттер арқылы оларды салыстырады, түіндіреді; - жануарлар класының өкілдерін ажыратады; ҚБ: топ бір-бірін «жылы-суық»: жылы, себебі..., суық, себебі... әдісі арқылы бағалайды. Мен мадақтау арқылы ынталандырып, ауызша тиімді кері байланыс беріп отырамын. Сергіту сәті: «Балық, құс, аң» ойыны (тақырыпқа қатысты жануарлардың түрлері, жануарларды топқа жіктей біліу туралы оқушылардың білімдерін толықтыру мақсатында) Ж. «Көршіңе бұрыл» әдісі 2 тапсырма. «Зертте» айдары Оқушыларға балықтың қабыршағын, қауырсын, мамық, терінің суреттерін немесе заттардың өзін беріп, олардың ортақ ұқсастығын тапқызамын. Жануарларды топқа бөліп, оларға атау бер және бақылауға қортынды жаса. ҚБ: жұп бір-бірін «Мотивация» әдісі «Сен суперсің!» арқылы бағалайды. Мен «Керемет!» мадақтау арқылы ынталандырып, ауызша тиімді кері байланыс беріп отырамын. Ө. Дәптермен жұмыс: (тақырыпты жетілдіру, бекіту мақсатында) Бақылау жоспарын құр, қортындысын жаз. ҚБ: Ынталандыру мақсатында күлегештермен бағалап, түзету мақсатында тиімді жазбаша кері байланыс беремін. Критерий: -ресурстар арқылы жоспарға сәйкес бақылау жүргізеді, қорытынды жасайды Дескритор: -берілген ресурстар арқылы олардың ортақ ұқсастықтарын ажыратады; - жануарларды топқа бөліп, оларға атау береді; - бақылауға қортынды жасап, діптерге жазады.
| Бунақденелердің, балықтардың, қосмекенділердің, бауырмен жорғалаушылардың, құстардың және сүтқоректілердің екі түрлі суреттері
Балық қабыршағы, қауырсын, мамық, терінің суреттері
Дәптер, қалам, күлегештер | |
зерттейдіСабақ соңы 5 мин | Кері байланыс: «Желпеуіш» әдісі арқылы сабақтың қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында алдым. Рефлексия: «Табыс сатысы» әдісі арқылы оқушылар өз-өздерін бағалайды, қай деңгейде тұрғанын біледі. | Қағаз, қалам
Стиккер | |
Қосымша ақпарат | |||
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Оқушыларға қажетті ресурстар арқылы қолдау көрсетемін.Қабілеті жоғары оқушылармен төмен деңгейлі оқушыларды жұптастыру арқылы қолдау көрсетіледі.Топтық жұмыс барысында көмек қажет ететін топтарға қолдау арқылы саралау жүргізіледі . | Оқушылардың үйренгенін тапсырма дескрипторлары арқылы бағалаймын. Топтық ,жеке жұмыс барысында бір-бірін дескрипторға сүйеніп бағалайды. Бұл олардың тапсырманы қай деңгейде орындап жатқанына көмек болады. Мұғалім тарапынан тиімді кері байлыныс беріледі.Мақтауды қажет ететін оқушыларға мадақтау ,арқылы бағалау жүргізіледі.
|
| |