Қазақ жері кең көсілген, қойнау байлыққа толы, сайын даласы сарқылмас қазынаға толы жомарт ел. Елдігімен ерлігі қатар ұштасып жүретін батыр халықтың басынан талай небір зұлмат кезеңдер өткен еді. Сонау ықылым заманнан қазақ жеріне көз алартып, жерді басып алу жоспарында құрып, жүзеге асырмақшы болған дұшпандар жетіп артылады. Бірақ қазақ еш саспаған еді. Талай жаудың тұтқиылдан қойған отына төтеп беріп, талай жеңіске жеткен тұстары да болған. Өзі жауға бірінші болып тиіспеген, жауына да жақсы ниетпен қарай білген қазақ тосыннан келген шабуылға еш саспаған еді. Бостандықтың таңының атарына сенім арта білген қазақ талай жаудың, талай елдің қол астында да бола білді.
Тәуелсіздік үшін талай боздақтардың өмірі қиылып кете барды. Елдің тәуелсіздікте таңы атып, бодандықта өмір кешуі үшін небір даналар шайқасып та, тартысып та кете барды. Барлық адамның бір ойы бір мақсаты болды. Қазақтың өз жерінде әркімге бір тәуелді болмай, тәуелсіздіктің ауасын жұтып, кең тыныстауы еді. Бұған дәлел, айтатын тарихтан таңбаланып орын алған, талай көтерлістермен тартыстарды мысал ретінде айтуға болады. Қазақ халқының әсіресе жалындап тұрған жастардың өмірін үзіп, жауқазындай гүлдердің солуына себеп болған желтоқсан көтерілісі болды. Қазақтың маңдайына біткен талай қиын күндеріне шыдап келген ұлтшыл жастардың мынандай тосыннан келген жайт тыныш жатқызбаған. Ол дегеніміз қазақ талай өзге ұлттың боданында болғаны аздай, ендігі қазақ атанғанында, етек жеңін жия бастағанында елді басқаруға орыс ұлтының келуі болатын. Осындай тосыннан келген жаңалыққа жай жатпағаны. Елім деп, жерім деп Отан үшін жанын қиюға ұмтылған жастардың көшеге өз талаптарын айтуға шыққандығы болатын.
Міне, бұл оқиға тарихта ең қан бетіне тамған із деп те айтуға болатын оқиға еді. Бұл Желтоқсан көтерілісін айта кетпеске болмайды. Өйткені осы көтерілістен кейін тәуелсіздікке табан болса да тақана түскен едік. Тарихта қалған Желтоқсан оқиғасымен тәуелсіздік егіз ұғымдай. Жастардың үзіліп түскен армандары орындалғандай болды. Елді басқаруға Елбасы келген болатын. Бұл оқиға 1991 жылы 1 желтоқсанда яғни Президенттік сайлау болып, нәтижесінде тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайлануымен аяқталған еді. Армандар орындалып, халықтың өшкен үміті жанып, елбасымыз қазақ ұлтынан сайланғаны армандардың орындалған күндерінің бірі болды.
Бұл күн тарихтан ойып орын алған күн болып қала берді. Бұл күні қарапайым қазақ халқының яғни талай нәубетті артқа тастап алға қарай құлшына аяқ басқан күні еді. Тұңғыш президентімізді көріп, бөркін қуаныштан аспанға ата түскен қазақ деген аңғал халықтың қуаныштан тарихта қалған күні болатын. Сөйтіп үміті үзіле бастаған, тәуелсіздікті аңсап шөлдеп жүрген қазақ үшін армандардың орындалған күні болды. Елбасына тұңғыш президентіміздің келуімен жалғаса түсті.
Ия, осылай қазақ жеріне президентіміз сайланды. Қазақстанның жаңа тарихында президент сайлауы Концтитуцияда белгіленген мерзімде бір-ақ рет өтті. Бұл күн − қазақ халқының алғаш рет өз еркін білдіріп, өз билігін өзі таңдап, дербестігін демократиялық сайлау арқылы мақұлдаған. Расында да дәл осы күні Қазақстан тарихында алғаш рет нағыз демократияға сәйкесетін бүкілхалықтық сайлау өтті, халық өзінің болашағын, мемлекеттің болашағын Президентке сеніп тапсыра алатынын алғаш рет сезінді. Осылайша, 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік тарихында жаңа қоғамдық-саяси кезеңге қадам жасалды. Сайлау нәтижесі де Қазақстанның Тәуелсіздікті жариялауын күн тәртібінің кезекті маңызды мәселесі ретінде шығарды. Яғни, Тәуелсіздік тарихындағы ең шешуші қадамның бірі - Тұңғыш Президент сайлауы еді. ХАА осынау тағдыр шешті сайлау барысына шолу ұсынады. Ескере кететін жайт, шолуға 1991 жылдың желтоқсан айындағы елдің басты газетінде жарияланған ҚазТАГ ақпараттары және ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековтің естеліктері пайдаланылды. 1991 жылдың 16 қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақ КСР Президентін сайлау туралы» заңды қабылдады. Осы заңмен бірге 1991 жылдың 1 желтоқсанын Қазақ КСР Президентін сайлау күні ретіндей белгілеген қаулы да шықты. Осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет Республика басшысын жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдауға жағдай жасалды. Айта кетерлігі, Президент лауазымына үміткер ретінде сайлауға 3 кандидат ниет білдірген болатын. Олар: Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов және Хасен Қожа-Ахмет. Кейіннен сайлау күніне аз қалғанда ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтынын мәлімдеп, сайлаудан өз кандидатурасын алып тастады. Ал Хасен Қожа-Ахмет өзін қолдайтын сайлаушылардың ең төменгі шегін жинай алмай, Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеуден бас тартты. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде бірден-бір кандидат болып шықты. Сайлау нәтижесінен соң Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Президент болып сайлануына байланысты құттықтаулар келе бастады. Бұқара ақпарат құралдары Мемлекет басшысының атына жолданған құттықтаулар мен ізгі тілектердің ағынын жариялады. 5-желтоқсан күні Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті. Ол бойынша республикадағы 21 сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 9 961 242 азамат енгізілген. Олардың ішінде сайлауға 8 788 726 адам немесе 88,23% дауыс беруге қатысты. Сайлау нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап сайлаушылардың 8 681 276-і дауыс берген, бұл дауыс беруге қатысушылардың 98,78% пайызын құрады. Тұңғыш Президенттің қызметіне ресми кірісуі мен Елбасының ант беру рәсімі 1991 жылдың сейсенбісінде, 10 желтоқсанда өтті. Сөйтіп Елбасымыз Президент болып бекіді. Елдің тағдырын, халықтың тізгінін мойнына алып, келелі жарлықтарымен халық қамына кірісті. Халықтың қамына бей-жай қарай алмады.
Тәуелсіздік алған тұста Қазақстанға Одақтан «мұра» болып тоқыраған экономика, тұралаған өндіріс және бүкіл дүние үрке қараған ядролық қару ғана қалды. Яғни, бәрін жаңадан бастауға мәжбүр болдық. Сондықтан егемендіктің елең-алаңында еңселі елдікке ұмтылған Қазақ елінің алдында өте күрделі, ауқымды міндеттер тұрды.
Осындай күрделі ахуалға қарамастан, Елбасымыз жағдайды бақылауда ұстап, саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы бейберекетсіздікке жол бермеді. Бастапқы кезеңнің басты мақсаты егемендікті нығайту, мемлекеттіліктің институттары мен атрибуттарын жасақтау болғаны белгілі.
Мемлекеттіліктің негізін бекемдеу үшін саяси құрылымды қалыптастыру маңызды. Ол уақыт пен қоғамның талабына сәйкес келгенде ғана толыққанды іске асатын еді. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасының президенттік билікті күшейтуі қайталамбас қадам болды және маңызды экономикалық, әлеуметтік реформаларды іске асырудың негізгі кепіліне айналды десек, қателеспейміз.
Уақыттың талабы дейтініміз, Тәуелсіздік алған тұста Қазақстан халқы ауыр дағдарысқа тап келді. Өндіріс ошақтары жабылып, бекітіліп жатты, елді біршама жұмыссыздық жайлады, гиперинфляция алқымнан қысты. Елдің жалпы ішкі өнімі 1994 жылы 12,6 пайызға дейін төмендеп, құлдыраудың рекордтық шегіне жетті. Уақыттың қыспағы жедел әрі қатесіз шешімдер қабылдау талабын қойды. Осы сәтте дағдарыстан шығу үшін биліктің тиімділігі аса зор маңызды болатын. Мығым, берік президенттік билікке жүгіну елдік мүдде тұрғысынан кезек күттірмейтін шара екенін Елбасы терең, мағыналы түсіне білді.
Ал қоғамның талабы дейтініміз, қоғам қалыптасқан тарихи тәжірибелердің негізінде өмір сүреді. Сол тұста билік тармақтарындағы тұрақтылық қоғам үшін аса маңызды болды. Осы тұрғыдан келгенде, президенттік институтты берік, бекемдеу қоғамдық сұраныстарға сай болып, даму жолында батыл қадамдар жасауға мүмкіндік берді. Қазақ халқының 1995 жылғы Конституцияны қызу қолдауы да осының айғағы.
Ең бастысы, Елбасы президенттік билік мемлекеттің басқарылуын қамтамасыз ете алды. Сәйкесінше, Елбасы үлкен жауапкершілік арқалады. Тұтас елдің тағдыры Көшбасшының көрегендігіне, ақылына, тапқырлығына байланды. Осылайша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанды мемлекет қалыптастыру, тәуелсіздікті нығайту кезеңінен абыроймен алып шықты. Осы жолда ол көптеген аса маңызды шешімдер қабылдады.
Мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі қайта құрудан өтті. Жаңа мемлекеттік институттар мен органдар – жаңа министрліктер, мемлекеттік мүлік және монополияға қарсы комитет, Қарулы Күштер, дипломатиялық және кеден қызметтері, Ұлттық банк және басқа да құрылымдар құрылды.
Экономикадағы басты міндет гиперинфляцияны тежеу, сондай-ақ тәуелсіз қаржы жүйесін құру болатын. Осы ретте 1993 жылғы қарашада ұлттық валюта – теңгені айналымға енгізу нақты дербестікке жасалған маңызды қадам еді.
Тәуелсіздігіміздің берік қалқаны саналатын Қарулы Күштеріміз құрылып, елдігіміздің іргесі берік бола түсті.
Ұлттық рух, мүдде, мұрат жолындағы басымдықтар да назардан тыс қалмады. Соның негізінде ана тілімізге мемлекеттік тіл мәртебесі беріліп, ұлттық рәміздеріміз бекітілді.
Еліміздің жас шыбықтай гүлдеп, өсіп келе жатқан кезеңінде Елбасының жасаған ерліктері көп болды. Жап-жас болып, билік басына келе сала халық қамын ойлай сөйлегені елді бей-жай қалдыра алмады. Қазақ жерінде Менделеевтің қазба байлықтарының барлығын оны халық қамына өндіру жолдарын ортаға тастаған еді. Кеңес одағы тарқағаннан кейін Қазақстанның аяғына нық тұруына сенімсіздік таныта қарған мемелекеттер көп болған екен. Ел тізгінін ұстаған Елбасы барлық күшін салып, Қазақстанды көркейте, өркендете түсудің қамына кіріскен еді.
Елбасы ең алғаш еліміздің жан-жағын жауып, қымтап, шекараны шегелегендей жаба білді. Қытай сияқты алпауыт елмен жер бөлісу әлбетте оңай болмасы анық. Бірақ бұл жайтты, ұрыс-керіссіз бөліп алу Елбасының көрегендігі емес пе!?. Ерен еңбектерімен саясатты саралай білетіндігі жанындағы жандарды қуанта түсті.
Одан әрі талай жыл ядролық қаруды сынайтын жер болып келгені барлығымызға белгілі. Осыған түбегейлі қарсы болып, осындай істерден бас тартып қазақ жерін босатып берді десе де болады. Яғни , Біздің тұңғыш Президентіміз қашанда кез-келген келісім шарттарда халқымыздың сүйріктей сұлу тілімен, терең ойлылығымен, салиқалы сұлу да сүмбіле тілімен шеше білетін. Бұл дегеніміз халықтың бейбітшілікте өмір сүруін қамтамасыз етуі еді. Өзге ұлттармен достастығымызды нығайтуға барын салды. Үш тілділікті еліміздің ертеңіне енгізе білді. Ұрпақтарды озық ойлы елдер қатарынан көруі үшін барын салды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп, М.Әуезов атамыз айтқандай балабақшадан бастап, үш тілділікті қолға алды. Және де барлық мектеп, барлық мекемелерді робототехникамен қамтамасыз етуді қолға ала түсті. Елдің ертеңі жастарда екенін айта кетіп, оқуға көңіл бөлуін баса айтып, қолға ала түсуіне сөзін , жарлығын арнай түсті. Жаңғыруды жаһанданудан бастауды алға тарта түсті. Қазіргі бәскелестігі басым заманда, әділеттіліктің туын ұстай түсті. Жастардың ертеңі үшін алаңдаумен қарай білді. Өзге елден білім алуға жол ашты. «Қаншама қиындықты бастан кешіріп отырғанына қарамастан, жер бетінде Қазақстаннан басқа екі мың жылдықтың тоғысында астанасын көшірген бірде-бір ел болған жоқ. Бұл нағыз батырлық еді. Ешбір елдің басшысы осындай ұлы көшке аласапыран, қиын-қыстау, қысыл-таяң кезеңде жүрегі дауаламас еді. Бас қала дүниеге өзі ғана келген жоқ, елін алға сүйреді, сөйтіп елдіктің, тәуелсіздіктің символына айналды», – деп жазды Елбасының сенімді серіктерінің бірі, көрнекті мемлекет қайраткері Махмұд Қасымбеков. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттігімізді қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Елбасының аз ғана жылдарда адам айтса нанғысыз атқарған қыруар істері болашақ ұрпаққа аңыз болып жететіні сөзсіз. Ол әлемдік деңгейдегі Қазақстанның паспортына, символына айналған тұлға. Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлының тұсында жетті. Оның биік болмысы мен кемел дарынын, ел басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін жастарға жеткізіп отыру зиялы қауым, аға ұрпақтың міндеті болмақ.
Ат үстінде атой салып жүрген қарапайым қазақты әлемге танытып, әлемдік деңгейге жеткізген Елбасының ерен еңбегі, көрегендігі еді. 50 жастағы Қазақстанның лидері-өте тәжербиелі, қатал шешім қабылдай алатын дара да, дана тұлға деп айта аламыз. Қазақстанды ауқымды елдер қатарына қосып, тез шешім қабылдап, экономикасын дамытуға барынша еңбегін аямай үлес қоса білді. Әлемдік саясатқа араласа жүріп, қазақтың етек-жеңін жидыруға барын сала білді. Жаңа технологиялар үшін жастарды біліммен оқыта отырып, шағын және ірі кәсіпорындар ашуға көп мүмкіндік тудырды. Қазақ үшін тұңғыш Елбасымыздың ерен еңбектерін айта да жаз берсек қағаз бетіне сыймас. Тарих таразысына салып өзі зерделеп берері көп.
Тәуелсіздіктің оңайшылықпен келмейтіні айтпасада түсінікті жайт. Талай қаһарлы кезеңдердің талай-талай тауқыметтеріне куә бола білген тарих қана. Уақыт өте береді. Бірақ бір нәрсе өзгермесі хақ. Ол әрине, атын тарихқа жаза білетін тұлға. Қазақтың басынан талай күндер мен түндер өтсе де, небір зұлмат оқиғаларды басынан өткерседе араша түскен теқ адам ғана болмақ. Қандай адам дерсіз. Әрине халқым, елім деп жүрегі елжірей соға білетін патриот адам ғана. Осындай халық деп талай жастық шақтағы күндерімен еңселей аяқ басқан қарттыққа дейін аянбай терін төге білген талай ел басқарған хандарымызды білеміз. Халық басқарған оңай емес. Бір емес, мыңдаған адамның көкейінен шыға білу жеңіл іс емес болар. Елімізге етек -жеңін жиғызып, күн болып жарқырап келген тұңғыш Елбасымыздың халықтың ойымен санаса отырып, әрекет етуі үлкен көрегендігі болар. Тұңғыш Президентіміздің халық үшін жасаған жақсылықтары ұшан теңіз.
Елбасының алаңдағаны ұрпақ қамы болды. Ұрпақ үшін мемелекетті көркейтуге тырысты. Келелі де кемелді дамыған елдер қатарынан көргісі келді. Тәуелсіз тыныш, бейбіт елде өмір сүруімізді қамтамасыз ете білді. Ең бірінші халыққа тыныш өмір сүру керек екенін білді. Соған қарай әрекет ете білді. Жан-жағымызда соғыс өрті тұтанған, бала анасынан, әке баласынан айрылып жатқан елдер қатарында болмасына барын салды.
Халықтың Тұңғыш Елбасына айтар рахметі шексіз еді. Өз аузына өз қолы жетер, ешкімге тәуелді емес, тәуелсіз елде өмір сүруі Ельбасының арқасы, жасаған жұмысының нәтижесі болар деп ойлаймын.
Бір тудың астына жалғыз қазақ халқы емес, өзге ұлттарды жинай білген еді. Татулық пен достастықтың жалғасы да бола білді. Әр ұлтқа құрмет көрсете отырып, жалпы адам деген ұғымның бағасын бізге үйрете білді. Елбасы жайлы сыр шертіп, айтар болсақ айтып тауыса алмайтын дастан болар. Елбасының саралы саясатын бағалау, қолдау − халық еншісінде. Сонау алыстан мен мұндалап көз тартатын астанамыз Нұрсұлтан қаласы бізге Тұңғыш Елбасымызды еске түсіреді. Бұл қаланың бой көтеруі де тарихтың беттерінің бірі.
Тарих төрінен қашанда жарқырай орын ала білген Тұңғыш Елбасымыз халық ойында мәңгіге сақталып қалмақ.