Пәні: жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспарлау бөлімі: Табиғат физикасы. Күш және қозғалыс Күні: Сынып: 2 | Мектеп: №104 НОМ Мұғалімнің аты-жөні: Базартаева Ш Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: 0 | ||||||||||||||||||||
| Жылдамдықты қалай өлшейміз? | ||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 2.5.1.1.Түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіру. 2.5.1.2.Жылдамдықты түсіндіруде сапалық сипаттамаларын қолдау (жылдам, баяу) | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Қозғалыстағы денелердің жылдамдықтары әртүрлі болатынын біледі. Көптеген оқушылар: Денелердің жылдам, баяу қозғалысын сипатайды. Кейбір оқушылар: Түрлі денелердің сапалық сипаттамаларын қолданып мысал келтіреді, салыстырады. | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | -Түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуын анықтап,сипаттайды -Жылдам, баяу қозғалысқа мысал келтіріп, салыстырады | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Пәнге тән лексика мен терминология: Күш, қозғалыс, жылдамдық, жол, жылдам, баяу Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Біз нені жылдам, баяу жасай аламыз? - Зат қозғалғанда оған не болады? - Зат қозғала бастау үшін не істеу керек? | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту: | жауапкершілік, өмір бойы білім алу | ||||||||||||||||||||
Пәндік байланыстар: | |||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары: | Слайд,бейнеролік. | ||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Негізгі уақыт өлшем бірліктерін біледі. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | ресурстар | |||||||||||||||||||
2 мин
25 мин | Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері Жарқырап күнде ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз! Топқа біріктіру «Теңге алу» ойыны арқылы 3 топқа бірігеді. (10000тг 5000тг 2000тг)
Ширату жаттығуы. бейнеролик тамашалау Мақсаты: Қозғалыстың жылдамдығы жайлы түсінік қалыптастыру, «жылдам», «баяу» терминдерін енгізу. «Сұрақ жауап» әдісі - Біз нені жылдам, баяу жасай аламыз? (жүгіру, көлікпен жүру, тамақ ішу) - Зат қозғалғанда оған не болады? (Бір орыннан екінші орынға ауысады) - Зат қозғала бастау үшін не істеу керек? (Күшпен әсер ету қажет, тарту немесе итеру) Мысалы: шана сырғанайды, доп домалайды.
Қ.Б «Қолпаштау» әдісі Тапсырма Жұптық жұмыс «Бірге ойлаймыз?» әдісі Белсенді оқытудың «Түсіндіру және сипаттау» тәсілі (бұл тапсырма арқылы қабілеті жағынан оқушылар пікірталасқа түседі.Қарым қатынаста жақсы идеялар айтып жүйелі жауап береді) Тапсырма: Жануарлардың қайсысы жылдам жүгіреді, қоян ба, әлде киік пе? Қазақстан даласын мекендейтін жануарларға қараңдар.
(киік, тасбақа, қоян, кірпі
Қ.Б. Бірін бір «Басбарамақ әдісі» арқылы бағалау
«Саяхат» әдісі Белсенді оқытудың «Түсіндіру және сипаттау» тәсілі (бұл тапсырма арқылы қабілеті жағынан оқушылар пікірталасқа түседі.Қарым қатынаста жақсы идеялар айтып жүйелі жауап береді) Тапсырма: Негеш пен Эвриканың достарына қонаққа баруға жиналғанын айту. Олар Астанадан Оралға дейін қай көлікпен тез жететінін табу. Неге ол көлікті таңдағаныңды түсіндір.
(Нысан бір сағатта неғұрлым көп жол жүріп өтсе, соғұрлым оның жылдамдығы көп) деген қорытындыға жетелеу.
Қ.Б «Ұшақ» суреттері арқылы бағалау.
3-тапсырма Топтық жұмыс: «Кім жылдам?» әдісі 1-топ Топтағы оқушылар қашықтықты кезек-кезек жүгіріп отыруы қажет. Бір оқушы әрбір қатысушының жұмсаған уақытын секундамер көмегімен есептеп тұрады. Нәтижелерді зерттеуші қойын дәптеріне жазып салысытырып алу. Диаграммаға орналастыру
2-топ Қайсысы жылдам, қайсысы баяу жүгіреді? Жануарлардың атауларын жаз. Жылдам қозғала алмайтын жануарларды боя. Ең жылдам жүгіретін жануардың суретін қызыл түспен қорша.Диаграммаға түсір
3-топ Дұрыс тұжырымдар шығатындай етіп, бос орындарға жануарлардың атауларын жаз. Ең биік бағанға ең жылдам жануарды орналастыр. Қалғандарына қандай бағандар сәйкес келеді? Бағандарға атын жаз. Диаграммаға түсір
(Қ.Б) Топты «Жұлдызша» арқылы бағалау
Тапсырма.Жеке жұмыс: «Ойлан тап» әдісі Шатасқан әріптердің орнын дұрыс қойып оқы, құс туралы мәліметті жаз.
(Қ.б.) мадақтау арқылы бағалау.
|
Суреттер слайд
https://www.youtube.com/watch?v=YeFdx42VymQ
Қозғалатын заттар суреттері
Қоян, тасбақа, киік, кірпі суреттері
Зерттеу жұмыстарына арналған нұсқаулықтар жазылған парақтар
| |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин |
Кері байланыс: Не үйреніп, не білдік?
Оқушылар «Бағдаршам» арқылы топтарды бағалайды. |
| |||||||||||||||||||