Мерекелік кеш
1 жүргізуші:
Бәрі де ана бір өзіңнен басталады.
Сен деп жаздық алғаш өлең дастанды,
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де ана, бір өзіңнен басталды,
Жанарыңнан алғаш көрдім аспанды,
Еркелесем бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, бір өзіңнен жасқандым.
2 жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқымды біліп талай түн қаттың,
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген батасын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың,
Қайратының қас қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым.
1жүргізуші:
Қайырлы күн қадірменді жандары мейірімге, көңілдері жылылыққа толы, өзінің уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған ханымдар мен арулар.
2 жүргізуші:
Армысыздар әлемге әсемдік, жер бетіне сұлулық, жүрегімізге жылулық сыйлаған, қыр гүліндей құлпырған қыздар, шаршаған отағасын әдемі күлкісімен, жылаған баласын жұмсақ алақанымен, жылы құшағымен жұбатушы аналар.
1 жүргізуші:
Шаңырағымызға береке, өмірімізге мереке сыйлап жүрген нәзік жандарға табиғаттың өзі, тіршіліктің көзі бастау алып көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын.
2 жүргізуші:
Жыл мезгіліндегі ең тамаша мереке қарсаңында мектебімізде, киелі шаңырағымызда әйелдер мен қыздар қауымына арнаған «Ананың аялы алақаны» мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.
Жүздерінен мейіріммен, нұр тамған,
Құтты болсын мерекеңіз ана жан,
Дүниенің жақсылығын біз тілеп,
Сіздер үшін басталады ақ тілеп, - дей келе мектебіміздің директоры: Ержан Мағанбетұлына сөз кезегін береміз.
1 жүргізуші:
Ару-ана әлемнің әдемілігі бар, тіршіліктің мәні осы екі ұғыммен өзектесіп жатады екен. Ару деген сөз адалдық, асқақтық атты қасиеттермен қабысып жатса, ана сөзінің аясында - асыл, аяулы, ардақты, құдіретті сезімдер тоғысары ақиқат.
2 жүргізуші:
Жанұяның жылуын суытпай, талбесікті тербей отырып тебірене толғар бесік жыры арқылы, аңыз-ертегілермен жақұт жырлар арқылы, ұрпағына бойына адалдық қасиеттерді дарытып отырған осындай аналардың құдіретті сезімдеріне, білім нәрімен сусындатып жүрген аяулы ұстаздарымызға, ортамыздың сәнін келтіріп жүрген қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын әсем аруларымызға арналған мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Ән:
1 жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы ана табады, аялайды, бағады. Сол үшінде құдіретіне бас иіп құрметтейік қасиетті ананы деп ақын ағаларымыз жырлағандай 100-ге жетсін деп келесі кезекті ән қабыл алыңыздар.
Ән:
Десек те уақытын жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды,
Шәкірттер шын жүректен тебірентіп,
Өнерін ұстаздарға бағыштайды – дей отырып келесі кезекте би қабыл алыңыздар.
Би:
2 жүргізуші:
Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған,
Әлемде сен болмасаң осылайша туар ма едім.
Биік мақсат бек арман жүрегімде.
Сіздер барда ұрпағымыз шарықтар,
Жақсылардың жақсылығы өшпейтін,
Сіздерді де бағалайтын халық бар.
Ән:
1 жүргізуші:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейміз жас сәбимен жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын ғасыр, алтын бақ
Асқақ аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне қабыл алыңыздар.
Өлең:
Мәнерлеп оқу
2 жүргізуші:
О, Аналар осындайсың бәріңе,
Осындайсың жасың-дағы кәріңе,
Сиынатын осы өмірде құдірет
Сиынар ем ана деген тәңірге - дей келе, келесі кезекте қабыл алыңыздар.
Ән:
Адам бар ма ана сүтін тартпаған,
Ауа ауа алысын да аттаған ,
Адалдықта, ар намысты сақтаған,
Мен адаммын соғысқа да аттанар
Екі жүргізуші бірге
Құрметті арулар барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер дүние жалауын мәні мен сәнін ашып келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, қажымас қайрат, болашаққа сенім, көтеріңкі көңіл күй тілейміз. Жылдан жылға табиғаттың тамаша мезгілі көктемдей құлпырып жасай беріңіздер. Құрметті арулар осымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай өткізілген кешімізді жабық деп жариялаймыз.