Азатханқызы Салтанат
информатика пәні мұғалімі
педагог-зерттеуші біліктігі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ
В статье представлена работа по управлению и внедрению ИКТ, IT в образовательный процесс школы в рамках проекта "Цифровой Казахстан"
In this article is represented the work of ICT management and implementation, IT in educational process of school in the project’s boundaries of “Digital Kazakhstan”
Цифрлық қоғам – адамдардың өмір жағдайына, олардың біліміне және жұмысына, сонымен қатар мемлекет, бизнес және қоғам арақатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы шешуші әсер ететін, қоғам өмірінің барлық салаларында білім мен ақпараттық доминантты рөлімен ерекшеленетін өркениет дамуының заманауи кезеңі. Елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылады. Негізі былтыр қаланған осынау жобаны Мемлекет басшысы кешегі халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын. Елбасының атап өткен, ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.
Президенттің соңғы жолдауының ерекшелігі сол, мұнда Қазақстанда биыл үшінші жаңғырудың басталатыны ресми айтылды. Яғни, елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиіс. Ал, ол үшін ең алдымен тағы сол IT саласына басымдық беріледі. Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру, әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде.
Ақпараттық технологияны қолдану мұғалімдерге жаңа ақпараттық ортада тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік бергендіктен, мектеп қызметінде негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағдарлама төмендегідей мүмкіндік береді:
– білім беру мекемелері жалпы білім беру ресурстарына қол жеткізуді ұйымдастыру, жоғары санатты педагогикалық мамандарды ұтымды пайдалану, жаңа ақпараттық технологиялар саласының мамандарын дайындау жолымен оқыту сапасын көтеруге;
– білім беру мекемелеріне жоғары жылдамдықты каналдар бойынша жаһандық ақпараттық ресурстарға қол жеткізімді қамтамасыз етуге;
– ескірген компьютерлік техниканың ауыстыруын жүргізуге;
– жалпы білім беру мектебінің негізгі пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қазіргі заманғы электронды оқу басылымдарын жасауға және оқу процесіне енгізуге, оқытудың дәстүрлі құралдары арқылы олардың интеграциясын жүзеге асыруға;
– электронды кітапхана құруға және оларға орналастырылған білім беру ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
– әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдары үшін ашық білім беру жүйесін, интербелсенді қашықтықтан оқыту технологиясын қоса, ұйымдастыруға;
– білім беру жүйесіне ақпараттандырылуды енгізу үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мамандарды дайындауды және қайта даярлауды ұйымдастыруға;
– білім беру жүйесін ақпараттандырудың нормативті құқықтық негізін құруға;
– білім беру сапасын қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тиімді қолдану есебінен көтеруге;
– жаһандық ақпараттық ресурстарға мұғалімдер мен оқушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
– қашықтықтан оқыту мен кеңес беру технологияларын дамыту үшін жағдай жасауға;
– ашық білім беруді іске асыру үшін мүмкіндіктер дамытуға;
– ақпараттық технологияларды енгізу мен пайдалану саласында мамандарды дайындау сапасын көтеруге.
STEM нақты ғылымдардың негізгі принциптерін бір уақытта зерттеуді қамтитын жан-жақты оқыту. Оларға жаратылыстану ғылымдары, инженерия, математика, технология жатады. Балалар оқиғалардың өзара байланысын көруге үйренеді, логика принциптерін жақсы түсінеді және өз модельдерін жасау барысында жаңа және ерекше нәрсені табады. Кешенді тәсіл олардың білім құмарлығын дамытуға және білім беру процесіне тартылуына ықпал етеді. STEM білімінің артықшылықтары:
- Пәндер бойынша емес, тақырыптар бойынша интеграцияланған оқыту.
- Нақты өмірде ғылыми-техникалық білімді қолдану.
- Сыни ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту.
- Өз күшіне деген сенімділікті қалыптастыру.
- Белсенді қарым-қатынас және топтық жұмыс.
- Техникалық пәндерге қызығушылықты дамыту.
- Жобаларға креативті және инновациялық тәсілдер.
- Әр баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың іс-әрекеті арқылы техникалық шығармашылыққа деген ынтаны дамыту.
- Ерте кәсіптік бағдарлау.
- Балаларды өмірдің технологиялық инновацияларына дайындау.
Бүгінгі таңда біздің мектептің техникалық жабдықталуы:
215 компьютер, 2 компьютерлік сынып, 1 мультимедиалық кабинет, 1 мобильдік сынып (15 ноутбук), IT сыныптар: робототехника және физика кабинеттері, STEM кабинеті, BilimLand кабинеті, 3 арнайы жабдықталған кабинет: физика, химия, биология, 7 интерактивтік тақта, зертханалар. Сондай ақ заманауи жабдықталған тарих және география кабинеттері де бар. Кабинеттерде жергілікті желі және интернетке шығу бар.
|
РЕСУРСТАР |
НОРМАТИВТІК ЛОКАЛЬДІК БАЗА |
ЖОСПАР |
МЕКТЕПТЕ АКТ-ні ТИІМДІ ҚОЛДАНУ |
Бейнероликтер Презентациялар Флип-чарттар Электронды оқулықтар |
МЕКТЕП САЙТЫ |
МТБ |
|
Біліктілікті жетілдіру курсынан өту. Мектеп қызметкерлерінің «Ақпараттық технологиялар» тақырыбы бойынша біліктіліктерін жоспарлы түрде арттырып отырады.
Оқу үдерісінің ақпараттандыру деңгейі:
Пән мұғалімдерінің оқу үрдісінде АКТ-ны қолданалуы пайыздық көрсеткішпен:
- Жүйелі түрде қолданады – 100 %:
- Сирек қолданады – 0 %
- Қолданбайды-0 %
Мектебімізде IT сыныптарға «Junior training» курсы бойынша вариатив сабақтар берілуде.
4 сыныптар: «Робототехникалық жүйе»
5 сыныптар: «Робототехникалық жүйе»
6 сыныптар: «Web-дизайн»
7, 8, 9 сыныптар: «3D үлгілеу»
10, 11 сыныптар: «Логикалық контроллерлерді бағдарламалау»
– ұжымда сәйкес ғылыми-әдістемелік жұмыс өткізіледі;
– Bilimland.kz бағдарламасының контенттерін қолданылуда;
– интернетке еркін қол жеткізу сыныбын пайдалануға берілді;
– сабақтан тыс уақытта жеке-дара жұмыс үшін оқушылар мен оқытушылардың компьютерге және қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету, кең диапазонына қол жеткізуді қамтамасыз етілді;
– мектептің Web-сайты құрылды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар
- Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- Г.Ахметова, А.Мурзалинова. «Преимущества и перспективы STEM-образования» \\ «Білімді ел – Образованная страна» №41 (102) 7 ноября 2017 г
- Г.Ногайбаева, С.Жумажанова. «Развитие STEM-образования в мире и Казахстане» \\ «Білімді ел – Образованная страна» №20 (57), 25.10.2016ж.
Интернет ресурс: https://kk.wikipedia.org