Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның білімді өздігінен игеруімен тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті.
Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керек. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс: Әрбір оқушыға жеке қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар, оқушыны дамытуды мектеп алдындағы бір міндет болып саналады.
Енді осы мәселені дамыту үшін мектептің алдында оқушылар өз бетінше жұмыс жасап, білімді өздігінен игеру біліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектептің педагогикалық үрдісіндегі негізгі мәселе – білім беру, өздігінен білімін жетілдіру, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үйрету жолдары болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдарын табу біздің міндетіміз. Жалпы бастауыш кезеңнен бастап оқушыларды ғылыми танымын, логикалық ойлауын, алдында кездескен кедергілерді шеше білуге бағыттауымыз керек. Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білім алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.
Оқушылардың санасында жеткілікті деңгейде білім қоры болмаса, онда оның өздігінен жұмыс істеуі, өз бетімен жұмыс жасау біліктілігінің қалыптасуы мүмкін емес. Сондықтан, бұл тақырыптың негізгі өзектілігі жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыру оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы,сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай өз бетімен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда. Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзбетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.
Бастауыш мектепте өзбетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестеу, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор.
Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыстүрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:
1. Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөз жұмбақ, анаграмма) өз бетімен жұмыс түрлері;Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері ( кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.)
3. Жаңа форматтағы оқытудың әдістері. Яғни, қазіргі таңдағы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламаларының үшінші /базалық / деңгей бағдарламасы оқушының өзбетімен білім алуына бағыттайтынын айта кеткім келеді.
Өзім осы бағдарламаның үшінші /базалық / деңгейін аяқтадым. Сондықтан осы бағытта жұмыстанып, оқушылардың білімді өзбетімен игеруіне баса назар аударып келемін. Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқушыларды алдымен топтық, жұптық, жеке, үштік жұмыс түрлерін жүргіздім. Оқушылардың білімді менің көмегімсіз өзбетімен меңгеруіне баса назар аудардым. Бұл ретте мен тек бағыттаушы, оқушыға жәй бағыт беруші ретінде қалуға тырыстым.
Сабақтарымда оқытудың жаңа әдістерінің ішінде стоп кадр, маршруттық карта, сұрақты ұстап ал, /ойлан, жұптас, талқыла/, құпия зат, джокер, айналмалы бекеттер, сократтық семинар, конверт-сұрақ,сұрақтар шеңбері, рөлдік ойын, тыңдап отырған үштік,өкіл, мозаика сияқты әдіс- тәсілдерді сабақтарымда жиі қолданамын. Аталған әдістердің көпшілігі оқушының сыни ойлау жүйесін қалыптастырады, оқушылар өз ойларымен еркін бөліседі. Сөйлеу дағдысы, яғни, топ алдында сөйлеу, пікір алмаса білу сияқты қасиеттері артады. Оқушыларым да оқытудың бұл түріне төселіп, бағытталып келеді. Бұның бәрі диалогтік оқытудың жемісі деп білемін. Сонымен қатар, сабақтарымда жиі қолданатын әдістерімнің бірі сыни тұрғыдан ойлау әдістері. Жаңа форматтағы оқыту әдістері мен сын тұрғысынан ойлау әдістері бір –бірімен тығыз байланысты. Сыни, шығармашылықпен ойлай алу қабілетін бастауыш сыныптан бастап қалыптастырған дұрыс деп білемін. Сыни ойлай білетін, берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз шеше алатан оқушы болашақта өзіне кездескен кедергілерді жеңе алады, өмірлік жолында жолыққан проблемаларды да шеше алатына көз жеткізіп келеміз. Олай дейтін себебім, қазір бүкіл әлем білімнің қарқанды дамуына көңіл болуде. Халықаралық PISA, TIMES бағдарламалары осының дәлелі. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесіне жете мән беріп осы бағытта жұмыстануға бет бұруымыз керек.
Мұнда басты назар аударатын мәселе- бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздер , тіл байлығымол, сауапты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр-түрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларды тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Өз бетімен жұмыстың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындау. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін,мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылау, білу қабілетін, ойлауын есепті шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн. Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың оқу әректі-күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әректін, рухани күштерін керек етеді.Баланың ақыл ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.
Баланың ақыл-ой әректі, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. Оқушының өздігінен оқуы тиісті болуы үшінақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл ой-еңбегін белгілі бір жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Ең алдымен баланың өз жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай біліуге, уақытты дұрыс пайдалануға. Өз әрекетін қадағалауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор.
Қорыта айтқанда,бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда, өз бетінше жұмыс жасаудың, білімді өз бетімен игерудің маңызды екенінұқтық. Бастауыш сынып оқушылары жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, проблеммаларды өздігінен шеше алатын, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін , функционалды сауатты тұлға ретінде қалыптасалы. Сонымен қатар, өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының жүйелі түрде менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау барысында менгереді. Сонымен өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
– жұмыстың көлемін шамадан айырмай, оның санасын арттыруға көңіл аудару;
– өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлері мен дұрыс ұштастыра білу;
– оқушының дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
– өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
– оқушыларды алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
– оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, белсенді әрекет жасауға баулу;
– оқушыда өздігінен жұмыс істеу, еңбек ету дағдысына қалыптастыру.
Біздің алдымызда, келешек ұрпақты тәрбиелеуде үлкен де, жауапты міндеттің тұрғаны баршамызға белгілі. Оқыту барысында қол жеткен жетістіктерді айтар болсақ , оқушымен орындалатын әрбір өз бетіндік жұмыс өз нәтижесін беруде. Әрине, бұл мұғалімге де, балаға да өте үлкен жауапкершілікті артады. Мектепте заман талабына сай білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бала біздің болашағымыз, білім көзі–бастауышта екенін ескере отырып оқушы білімінің сапалылығын арттыру үшін, өз бетінше жұмысты жолға қоюдың маңызы зор. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашуда өз бетінше іздену, талпыну, өз нәтижесін береді. Баланы бастауыштан бастап шығармашылық ойлауға, шешімдер қабылдауға, ізденіп жұмыс орындауға машықтандыру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
- Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мектептегі тәжірибеде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
Педагогикалық Шеберлік Орталығы Кембридж Университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий.