Балаға ата – анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, сана – сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам – мұгалім. Ал жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған түстарына әділ баға беретін, толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ! Сондықтан да елімізде жүріп жатқан өэінің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мына біздерге, мұғалімдерге үлкен жауапкершіліктер жүктейді.
Қазіргі таңдағы мұғалім еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби жоғары мәдениетті, оқытудың инновациялық, ақпараттық және денсаулық сақтау технологияларын жетік меңгеруі тиіс. Мұғалімге аса қажеттілігі : педагогикалық мамандыққа бейімділік, балалар мен жұмыс істеуге айқын берілгендік , бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және мұғалім таңдай алудағы айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншілік, т.б. қасиеттер.
Шынында да балаларға деген сүйіспеншілік және олармен жұмыс
істеуге ынта - ықылас болмайынша нағыз мұғалім болу мүмкін емес және ол сөзінің педагогикалық шеберлігін де шыңдай алмайды. Оның негізгі бастамасы болашақ мұғалімді дайындау, қалыптастыру кезеңінде басталады. Бұл орайда педагогикалық практиканың алатын орны ерекше , өйткені қазіргі студент - болашақ ұстаз өзінің бейімділігін, шеберлігін, ыңғайлығын , алған теориялық білімдерін мектеп өмірімен байланыстырып отырғанда ғана жүзеге асады. Тек сонда ғана мұғалімге тәң педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетуге жол ашылады.
Мұғалім шеберлігінің бастамасы негізіне оның өз пәнін және оқыту әдістемесін терең білуіне жатады. Өз пәнін еркін білуі ғана оқушылардың білімге деген ынтасын туғызып , мұғалімге және оның талаптарына құрмет пен қарата алады.
Жақсы – шебер мұғалім деуіміз - баланың психологиясын , балалардың жас - ерекшелігін және тіпті әрбір баланы жеке – жеке жақсы білетін ойлы, байқағыш психолог, мұндай мұғалім ,болу үшін болашақ ұстаз оны өз көзімен сабақ беріп тұрған мектеп
мұғалімінен көруі қажет , оны ой елегіне салып, педагогикалық толғаныста болып сондай болуды армандау қажет.
Дамыған елдердің тәжірибесін, көрсетіп отырғандай, ұлттық мемлекеттің гүлденуі негізгі шешуші 3 фактордан тұрады: 1. жаңа ғылымы жаңалықтарды игеруі.
2. білімнің деңгейін көтеру.
3. Мамандардың кәсіби білімі мен білігі.
Ұстаздық әдеп - мұғалімнің көркі әрбір оқушының білімін таразылар кезде шәкірт жауабын мұқият тыңдап қателіктерін елеусіз түзету арқылы ойын үзбей тыңдай білу де мұғалім шеберлігі.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу - әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін шыңдауын қажет етеді оны шешудің факторы оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін құру болып табылады.
Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушының ешкімге ұқсамайтын даралығын , шеберлігін көрсету, оны дамыту , жарыққа шығару.
Даралықты ашу шеберлікке жол сілтейтін ыңғайлы жағдай.
Инновациялық үрдіс жаңалықтың пайдаланымды мен таратылуы.
Ал мұғалім өзінің пәнін жетік біліп қана қоймай, оқушыны ізденіске итермелеп , қолайлы жағдай жасап дамытушы күш, сондықтан ұстаз ізденбей, өз жұмысына көзқарасын өзгертпей , алдындағы оқушыны тұлға ретінде танып, мойындамай еш нәтиже болмайды. Өйткені оқушы жеңісі – ұстаз жетістігі. Оқушылардың ғылыми ізденушілік , шығармашылық, ойлау қабілеті, Бірден мұғалімнің теориялық дайындығына, педагогикалық және әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Жақсы мұғалім маған әр уақыт қымбат , өйткегні ол мектептің жүреғі деп ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі - жақсы мұғалім. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні белгілі педагог К. Ушинскийдің «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім , ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады » пікіріне сай келеді.