Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI897

Білім берудегі инновациялық үрдістер

І. Кіріспе

     Жаңа заман талабына сай мұғалімнің шеберлігін арттыруда бiлiм мазмұны мен оқыту технологияларының рөлі ерекше. Оқыту технологияларын талдағанда, қазiргi өркениеттi елдер тәжiрибесiнде жүзеге асырылып жатқан бiлiм берудiң жаңа моделiне – Нәтижеге бағдарланған бiлiм моделiне - сәйкес келетiн оқыту технологияларын iрiктеудi қажет етедi. 

“Оқыту технологиясы” терминi алғаш рет АҚШ-та ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. “Технология” – гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos –оқу сөздерiнен шыққан. Белгiлi бiр маңызды әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс ретінде технологияларды қолдану қазіргі уақытта өзектілік көрсетіп отыр. 

   Инновация, негізінен қандай да бір дәстүрлі мәселелерді жаңа тәсілдер арқылы шешу нәтижелерінде, деректерді терең әрі жан- жақты зерттеу барысында жаңа сапаларға ие болуы нәтижелерінде туындайды. Қазіргі заманғы инновациялардың көпшілігі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты болғандықтан өткеннен бастау алады. Яғни инновациялық үрдістер- белгілі жағдай мен оның сәйкес көрсеткіштері үшін өзекті әрі бейімделген болып табылатын заманға сай идеяларды тарату, қолдану, меңгеру мен қалыптастыруға бағытталған мотивацияланған, мақсатты әрі сапалы үрдіс. Ол жаңалық енгізілген жүйенің сапасын жақсартуға бағытталған әрі ол жүйеге қатысушыларға стимул беріп, олардың көзқарасын жаңалыққа қарай өзгертуге бағытталған.

    Білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі жаңалықтарды теориялық әрі практикалық жұмыста қолдануда көрінеді. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі инновация білім беруге жаңалық енгізу мақсатын да білдіреді: жаңа мазмұн өңдеу, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен формаларын, мектепті басқарудың жаңа технологияларын құру, оны дамыту, мектепті эксперимент алаңы ретінде дамыту мектептегі білім беру ісі жаңа бағыт алып, оқыту мен тәрбиелеудің де жаңалануы кезіндегі оқиғаларды, жағдайларды т. б. қамтиды.

Мақсаты:

1.Оқушылардың білім сапасын арттыруда білім беру үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу.

Міндеттері:

*Үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту; сараптамалық-зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру; оқу қызметі мәдениетін дамыту;

*Оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жетелдету,оның тиімділігі мен сапасын арттыру.

Бұл технологияның тиімді жақтары:

1.Оқушының  өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.

2.Жеке ждара қабілеттері айқындалады.

3.Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады.

4.Даму мониторгі айқын көрініп тұрады.

5.Сабаққа деген қызығушылықтары артады.

Инновациялық технологиялар түрлері:

1.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

2.Ойын арқылы оқыту технологиясы

3.Білім беруді ізгілендіру технологиясы

4.Модульдік оқыту технологиясы

5.Оқытудың компьютерлік технологясы

6.Дамыта оқыту технологиясы

7.Проблемалық оқыту технологиясы

8.Тірек  сигнал арқылы оқыту технологиясы

9.Түсіндіре басқару

10.Оза оқыту технологиясы

11.Өздігінен даму технологиясы

12.Бағдарламалап оқыту технологиясы

13.Деңгейлеп,саралап оқыту

    Оқушының дайындық деңгейін,ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық,ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьтерлік ойындар және т.б) сабақта жиі қолдану. Ойын арқылы оқыту.Сөзжұмбақ,ребустар,логикалық есептер,тестілеужәне бақылау.

Инновациялық технологиялар:

1.Оқушының өз қабілетіне,болашағына сенуіне

2.Оқушыны ынталандыру

3.Оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынасына

4.Оқушының өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздім

Инновациялық технологиялар:

- Жобалау технологичсы

- Саралап,даралап оқыту

- Дамыта оқыту технологиясы

- Модульдік оқыту технологиясы

- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

- Сатылай комплексті талдау

- Деңгейлеп оқыту технологиясы

Инновациялық технология нәтижелері:

1.Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады

3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алуға болады

4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар

5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді

6.Оқушылардың қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсендігі артады

7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға,шығармашылығын шыңдауда,өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады

Инновациялық технологияларды енгізу кезінде мұғалім келесі іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыра алуы қажет:

  1. Мұғалім жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді
  2. - Жаң технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді
  3. - Жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін
  4. - Жаңа технологияда мұғалі қолданатын әдіс-тәсілдерді
  5. - Оқушылардың жұмыс әдісін
  6. - Оқушылардың жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін білу керек

Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық технологияларды енгізу 4 кезеңнен тұрады:

1. Жаңа идеяны іздеу;

2. Жаңалықтарды ұйымдастыру;

3. Жаңалықтарды енгізу;

4. Жаңалықтарды бекіту.

    Бүгінгі таңда барлық пәндері бойынша оқу үрдісінде инновациялық білім беруде технологаялардың мынадай түрлері кеңінен қолданылатыны анықталады: Ф.Оразбаеваның коммуникативтік технологиясы, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконинның дамыта оқытуы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын тірек және сызба үлгілері арқылы табысты оқытуы, Ю.А. Марковтың жеке оқытуы, интеграциялық ойын, тестілік, компьютерлік, проблемалық технологиялары, М.Жанпейісованың модульдік технологиясы, Н.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясы, Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, Сын тұрғысынан оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, ізденуіне, іс-әрекеттердің меңгеруін талап етеді.

   Мақсат, міндеттерді жүзеге асыру жолында күнделікті сабақ жоспарымда мынандай озық технологияларды сабақта қолдануды жөн көрдім:

v Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;

v Деңгейлеп -саралап оқыту;

v Интерактивті қолдану технологиясы;

v Сатылай кешенді талдау технологиясы;

v Дамыта оқыту технологиясы;

v Ойын технологиясы.

      Дамыта оқыту технологиясы- бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуға, өзіндік жұмыс жасауға, білік дағдыларын қалыптастыруға, өз ойларын еркін жеткізуге баулиды.

Элькони , Давыдов технологияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негіздене отыра құрылған

· Д.Б. Элькони , В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері

· Оқу мақсаттарының қойылуы

· Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру

· Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу

Оқушы мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асырады. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптары тыңдалады, жасаған еңбегінің нәтижесімен бөліседі, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы -мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игерудегі мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету.

Мақсаты:

1.Оқушының ойлау қабілетін арттыру, сыни тұрғыдан талдауға бейімдеу, іскерлік дағдысын қалыптастыру.

2.Оқушыларды шығармашылыққа баулу, оқуға қызығушылығын арттыру, шешім қабылдай білуге бейімдеу

Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж.Пиаже мен Л.С.Выготскийдің даму теорияларын басшылыққа алады. Бұл технология үш сатыдан тұрады:

а) Қызығушылықты ояту

ә) Мағынаны тану

б) Ой толғаныс

     Бұл технолгияның 100-ден астам стратегиялары бар. Бастауыш сыныптарда тиімді қолданылатын стратегиялар бұл «Түртіп оқу», «Джигсо», «Семантикалық карта», «Эссе жазу», «Топтастыру», «Венн диаграммасы», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Еркін жазу», «Кубизм», «Бес жолды өлең», «БББ», «Серпімді сауал», және т.б стратегиялар.

Ойын технологиясы – бұл түрлі ойындар арқылы оқушының ынтасын, көңілін көтеру, сабақты жандандыру, оқушылардың сабаққа деген қызушылығын арттырудың жолы.      Ойын арқылы оқушылардың білім – білік дағдылары қалыптасады, жаңа білімді меңгереді. Танымы, оқуға белсенділігі ,сөздік қоры,көңіл –күйі артады.Теориялық білімдерін практикада қолдануға үйренеді. Сөзжұмбақтар, ребустар, жұмбақтар шешу кезінде оқушылар өзара жарысқа түседі. Рөлдік ойындар арқылы, сахналау арқылы оқушылардың тілдері жаттығып, сөздерді еске сақтап қалу мүмкіндігіне ие болады.

Интерактивті технологиясы арқылы- оқу үрдістері қызықты да көрнекті болады, білімді тереңдете түсуге үлкен мүмкіндік. Интерактивті технологиялар білім беру жүйесінде мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, терең де сапалы білім беруге жол ашып отыр. Интерактивті тақтамен және проектормен жұмыс кезінде бейне слайдтар және компьютерлік анимациялар жасауға көп мүмкіндік аламыз. Интерактивті тақталарының негізгі артықшылықтары: презентациялар, тақтаға жазу, тест нәтижесін экранға шығару, оқу материалы тез меңгеріледі, нәтижесінде әр тыңдаушының оқу үлгерімі артады.

«Сатылай кешенді талдау» әдісін бүкіл қазақстандық ұстаздар өз тәжірибелерінде кеңінен қолдануда. Бұл әдіс тіл сабағында болсын, әдебиет сабағында, дүниетану сабағында болсын өз нәтижесін көрсетуде. Талдай отырып, өз ойын дәлелдейді, зерттейді, салыстырады, Жаңа тақырыптың қыр – сырын толық меңгереді. Сатылай кешенді талдау арқылы теориялық материалды тілдік қатынасым теориясы (жазылым, айтылым, тыңдалым, сөйлесім) арқылы практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, оны өмірде қолдана білуге машықтандыру.

Мысалы: қазақ тілі пәнінде: Дауысты дыбыстарға мінездеме беру

1. Бұл – дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.

2. Тілдің қатысына қарай – тіл арты немесе жуан дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді.

3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай – ашық дауысты.

Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.

4. Ерін мен езудің қатысына қарай – езулік дауысты.

Себебі, бұл дыбысты айқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.

     Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясының негізгі мақсаты:

     Әрбір оқушының өздігінен іздену нәтижесінде әр түрлі деңгейде сапалы білім алуын қамтамасыз ету.

Қараевтің деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:

1.Репродуктивтік деңгей - жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңгы сабақтарда алған білімдеріне жәнеоқушыға байланысты

2.Алгоритмдік деңгей - мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен кабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

3.Эвристикалык деңгей - оқушы өзі ізденіп, қосымша әдсбиеттерді колдана отырып жауап береді.

4.Шығармашылык деңгей - оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа такырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.

Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. I деңгейден аса алмай жатқан жағдайда калған тапсырмаларды уйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы - оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде колданылатын рейтинг ұпай жинау әдісіне баулу.

Денгейлік тапсырмаларды дурыс орындағаны үшін оқушылар сол денгейді игергені үшін сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін - 15 ұпай, үшінші деңгей үшін - 30 ұиай.

Сабақ барысында оқушы мен мұғалімнің іс - әрекетінің кезеңінде,технология бойынша оқытудың тиімділігі :

- деңгейге сай тапсырмалар орындалады;

- оқушы өз еңбегінің нәтижесін көреді;

- өзін - өзі бағалауға үйренеді;

-барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Оқыту мазмұнын сыныпта, топқа, жеке оқушыға білімді қабылдау оқушыларға ерекше назар аударуға мүмкіндік береді. Деңгейлік оқыту технологиясы – оқушыға шамадан тыс жүктеме беру емес, оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.

Мысалы: әдебиеттік оқу пәнінде оқу әдісін қайталау, пысықтау сабақтарында сөзжұмбақ, ребустар құрастыру; авторға және тақырып бойынша қосымша мәліметтер жинақтау; әр бөлім өткен соң тест, сұрақтар құрастыру; әр бөлімге ментальды карта жасау оқушылардың білімін бағалау және оқушы деңгейіне қарай бағыттап беремін.

Мұндағы ең басты мақсатым: оқушылар қосымша тапсырмаларды орындауда өз бетінше ізденеді.

   Технологияларды тиімді пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.Қазіргі таңда барлық оқушылар топпен, жұппен жұмыс атқара біледі деп ойлаймын. Сыни тұрғыдан өз ойларын ашық, нақты ойлап айта біледі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтеріледі. Егер де инновациялық технологияларды тиімді пайдаланып, элементтерін әр сабақта дұрыс өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

Ел болашағына оның көркейуіне, гүлденуіне өз үлестерін қосатын ол –ұстаз алдындағы оқушы. Ендеше әр шәкіртке заман талабына сай сапалы білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

     Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.

Инновациялық ( озық) білім беру деп-тұлғаның бағдарлы көзқарасты , білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.

Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:

  1. Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
  2. Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары

     

Шәкіртіміздің білімін шыңдау, қабілетті, дарынды тұлға дайындау-біздің алдағы жауапкершілікті міндетіміздің бірі болып табылады. Сондықтан тынбай, жалықпай, үнемі шығармашылықпен іздене жүріп, білімді ұрпақ тәрбиелеуге ат салысайық ұстаздар!

 

3 998 0
Балдырган Елжасова, №2 "Новоишим орта мектебінің" бастауыш сынып мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 01416
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: