Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI895

Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, алайда, кейбір балаларымыз мектептен алған білімдерінің қорытындысын өз мүмкіндіктерінде көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмей де жатады. ОЖСБ әсіресе, ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдей алмай да қалатыны жоқ емес. Осындай жайттардың алдын алу қағидалары функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Мәтін – тілдерді оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады. 

Оқу сауаттылығы – жазбаша мәтіндерді түсіну және оны қабылдай алу, олардың мазмұнын түсіну мен мақсаттарына қол жеткізу, білім мен мүмкіндіктерді дамыту, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін пайдалану қабілеттерінің негізгі саласы болып табылады. 

Оқырман сауаттылығының негізі — мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Бұл оқушылар шығармадан қажетті ақпарат алуына, нақты мәтіннен қорытынды шығаруына, негізгі кейіпкерлердің әрекеттерін интерпретациялауға, мәтін үлгісімен бекітуге және мәтін құрылымының бастапқы сараптамасын алуға көмектеседі.

         Сауатты оқуды қалыптастырудың әртүрлі тәсілдері бар. Біріншіден, бұл мәтіннің қарапайым бірліктеріне: сөзге, ұсынысқа, абзацқа назар аудару; екіншіден, мәтін құрылымын және оның логикалық байланыстарын талдаусыз мәтінді түсіну мен түсіндіру мүмкін емес. Оқушы оларды бекіте отырып, жоспар, тезистер, конспектілер, сызбалар мен кестелерді құрастыруды үйренеді; үшіншіден, мәтінді түсіну – бұл көптеген мәселені шешу деуге болады. Оқушыға сұрақтар қоя отырып, мәтінмен (автормен) диалог жүргізуді үйренеді. 

Оқу сауаттылығына қойылатын   талаптар:

 - Мәтінді толықтай түсіну;

 - мәтін мазмұны бойынша жоспар құра алу;

- мәтін бойынша ой түю;

- талдау жасау;

- мәтін мен тақырыбы арасындабайланысты түсіну;

- мәтіндегі негізгі ойды әр тараптан қарастыра алу.

Мәтінмен жұмыс үш кезеңді қамтиды. Олар:

I кезең. Оқуға дейінгі мәтінмен жұмыс. 

Антиципация (алдын алу, алдағы оқудыболжау). Мәтіннің мағыналық, тақырыптық, эмоциялық бағыттылығын анықтау, оның кейіпкерлерін шығарманың атауы, автордың аты, негізгі сөздер, оқырман тәжірибесіне сүйенген иллюстрацияның алдыңғы мәтіні бойынша бөлу. Оқушылардың жұмысқа дайындығын ескере отырып, сабақтың мақсатын қою.

II кезең. Оқу кезінде мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді бастапқы оқу. Сыныпта өз бетінше оқу немесе оқу-тыңдау, немесе мәтіннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес аралас оқу (мұғалімнің таңдауы бойыанша). Алғашқы қабылдауды анықтау. Оқушылардың бастапқы болжамдарының оқылған мәтіннің мазмұнымен, эмоционалды бояуымен сәйкестігін анықтау.
  2. Мәтінді қайта оқу. Баяу «ойланып» қайта оқу (барлық мәтін немесе оныңжекелеген фрагменттері).
  3. Мәтінді талдау (тәсілдер: мәтін арқылы автормен диалог, түсініктеме оқу, оқылған әңгімелесу, негізгі сөздерді, сөйлемдерді, абзацтарды, мағыналық бөліктерді және т.б. бөлу). Әрбір мағыналық бөлімге нақтылау мәселесін қою.
  4. Мәтін мазмұны бойынша әңгіме. Оқылғандарды  жалпылау. Жалпылама сұрақтарды мәтінге қою. Мәтіннің  жекелеген фрагменттеріне жүгіну (қажет болған жағдайда).
  5. Мәнерлеп оқу.

III кезең. Оқылғаннан кейін мәтінмен жұмыс

1. Мәтін бойынша тұжырымдамалық (мағыналық) әңгіме. Оқылған тақырыпты ұжымдық талқылау, пікірталас. Шығарманың авторлық ұстанымымен оқырман интерпретациясының (түсіндірмелердің, бағалардың) арақатынасы. Мәтіннің негізгі идеясын немесе оның басты мәндерінің жиынтығын анықтау және тұжырымдау.

2. Жазушымен танысу. Жазушы туралы әңгіме. Жазушының жеке басы туралы әңгіме. Оқулық материалдарымен, қосымша көздермен жұмыс.

3. Тақырып, иллюстрациялармен жұмыс. Тақырып мағынасын талқылау. Оқушылардың дайын иллюстрацияларға үндеуі. Суретшінің көзқарасының оқырман көрінісімен арақатынасы. Оқушылардың оқырман іс-әрекетінің қандай да бір саласына сүйенетін шығармашылық тапсырмалар (эмоциялар, қиял, мазмұнды ұғыну, көркем форма).

Қазіргі өмір ағымының техниканың қарқынды дамыған тұсында адамзат әлемі функционалды сауатты болса, өмір сүруге бейім, алған білімін өзіне тиімді қолдана алатын тұлға қалыптасары сөзсіз. Сондықтан уақыт талабына сай оқушының күнделікті тапсырмасына мәтінді таңдауда қажеттілігі мен қолжетімділігіне қарай сұрақ құрастыруда ойлау процесіне әсерін де ескеру қажет. Сонда ғана функционалдық сауатты тұлға болып толық қалыптасады.

 

 

 

679 0
Даура Дюсенбаева, «Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 01414
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: