Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI894

Жұлдызды сәт

«Математиканы өте жақсы меңгермей, озық техниканың негізін түсіну қиын».                  

                                                                                  (А.Н.Колмогоров). 

                         Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
          «Жұлдызды сәт» математикалық кешіне қош келдіңіздер!
Сергіту сәті
 Әр топ өз белгілері бойынша орындарына барады. Топ басшысы сайланады. Енді сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

І . 1. Таныстыру: «Үшбұрыштар» тобы.
Ұранымыз:
Білікті бірді жығар,
 Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесу:
 Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
 Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
 Алға қойған мақсатымыз бір екен,
 Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

2. «Шаршы» тобы.
Ұранымыз:
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
 Әрқашанда үміткерміз жеңіске. 
Сәлемдесу:
 Армандарға қол созумен келеміз,
 Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
 Білімменен қаруланған тобымыз,
 Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
 

ІІ. Математикалық сұрақтар. (Әр топқа бес сұрақтан

,дұрыс жауапқа бір ұпай).
 «Үшбұрыш» тобына:
 
 1. Қосу амалының компоненттерін атаңыз?
 2. Ең үлкен екі таңбалы сан?            (99). 
 3. Масса өлшемдерін атаңыз?         (т,ц,кг,г,мг.).
 4. 8 ондықтан құралған сан?            (80).
 5. 1 жылда қанша ай бар?                 (12).
 

«Шаршы» тобына:
 
1. Азайту амалының компоненттерін атаңыз?
 2. Ең кіші үш таңбалы сан?                  (100). 
 3. Ұзындық өлшемдерін атаңыз?      (км, м, дм, см, мм.).
 4. 10 ондықтан құралған сан?          (100).
 5. 1 мүшелде қанша жыл бар?         (12 жыл).
(Әділ қазылар ұпай санын жариялайды).
 

ІІІ. «Мақалды жалғастыр» 
 (Әр команда шапшаң жауап беру керек,әр дұрыс жауапқа бір ұпай).
1. Отыз тістен шыққан сөз,     (отыз рулы елге тарайды). 
2. Білгенің бір тоғыз,              (білмегенің тоқсан тоғыз). 
3. Бір кісі қазған құдықтан,    (мың кісі су ішеді).
4. Бір елі ауызға –                    (екі елі қақпақ). 
5. Досыңды үш күн сынама,    (үш жыл сына). 
6. Екі жақсы қас болмас,          (екі жаман дос болмас). 
7. Жеті жұрттың тілін біл,        (жеті түрлі білім біл). 
8. Жүз сом ақшаң болғанша,    (жүз досың болсын). 
9. Бесік баласы                        (бес түлейді).
10. Тоқсан ауыз сөздің            (тобықтай түйіні бар).
 (Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады).
ІV. Сөзжұмбақ құрастыр. (карточка арқылы топқа беріледі).
 V. Логикалық тапсырмалар:
 «Үшбұрыш» тобына:
1. Бір килограмм темір жеңілме, әлде бір килограмм қауырсын жеңілме? (Салмақтары бірдей).
 2. 2 әке мен 2 бала тәңертең дастархан басында үш жұмыртқа жеді. Олардың әрқайсысына бір – бір жұмыртқадан тиді. Мұны қалай түсіндіруге болады? (Олар атасы, әкесі, баласы).
«Шаршы» тобына:
 1. Үстелде шие салынған 3 стакан тұр. Асқар 1 стакандағышиеніжепқойды да, бос стакандыүстелгеқойды. Неше стакан қалды? (3 стакан) 
2.Жолдакележатқанекі бала 10 теңгетауыпалды. Олардыңартындатөрт бала кележатыр. Оларқаншатеңгетауыпалады? (Ешқандайтеңгетаппайды).
VI. Постер қорғау. (уақытбелгіленеді).
 Әр топ өзаттарыбойыншаүшбұрышжәнешаршытуралықорғайды.
VII.Рефлексия. Не ұнады? Не түйдің? 
Жұлдыздысәт:
 Әділ қазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.
 Кеш аяқталып, оқушылар марапатталады. 

 «Математика ғылымдар патшасы, ал арифметика – математиканың патшасы», - немістің ұлы математигі Гаус айтқандай, математиканың балалар өмірінде алатын орны ерекше. Математика тек қосу, алу, көбейту, азайту т.б. амалдардың жиынтығы ғана емес, балалардың ойлау жүйесіне ес процессінің дамуына тікелей әсер ететін ғылым деген тұжырымға толығымен қосыламын.

 Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың математикаға қызығушылығын оятумен қатар ой-өрісін, жылдамдыққа, шапшандыққа баулып, логикалық ойлау қабілетін арттырса, қиын есепті шешу жолында төзімділікке, ізденімпаздылыққа жетелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

153 0
Алмагуль БатыркаАлмагуль Батыркаирова, Федоровка жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 01413
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: