Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI893

География сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану

Қоғамда түрлі өзгерістер орын алып, заман алға қарай жылжыған сайын жаңартылған білім беру мазмұнын қалыптастыру өмір талабы болып табылады. Сол себепті қазіргі таңда білім беру жүйесіне енгізген ауқымды өзгерістер инновациялық технологияларды пайдалану- түрлі ынталы бастамаларға жол ашуда. Осы тұрғыда оқушыларға заман талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа технологиялардың ғылыми-практикалық негіздерін игеруі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Сондай-ақ бүгінгі заманғы білім беру саласындағы басты жңалықтардың бірі-оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді енгізу болып табылады. «Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе-ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде» деп Ыбырай Алтынсариннің атап көрсеткеніндей, қазіргі кезде мұғалімдердің алдында тұрған үлкен міндет-оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, саналы, жан-жақты дамыған, көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу. Жаңартылған оқытудың басты мақсаты-балаға білім бере отырып, оны өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырып, еркіндігі мен белсенділігін қалыптастыру. Ал мен география пәнінің мұғалімі ретінде ұлттық құндылықтарды бойына дарыта білген,  құзіретті дара тұлға қалыптастыру да білім берудегі жаңа тәсіл 7 модульді өз сабақтарымда кеңінен пайдаланамын. Оларды атап айтсақ:

1. Оқыту мен оқудағы  жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 

7. Оқытуддағы басқару және көшбасшлылық.

Белгілі кеңес педагогі А.Сухомлинскийдің «Сабақ –оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» дегеніндей, осы жеті модуль арасынан география пәнініне тиімдісі, баланың сабаққа деген қызығушылығын оятары, білім деңгейін көтерері қайсысы екен деп көп ойландым. Барлығын саралай отырып, әр сабақта бірнеше модульді бірден пайдалануға болатынын білдім және бұл қолданыстан ұтқан дүнием көп болды деп те айта аламын. Әрбір ұстаз өз пәнінің көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттау оның кәсіби шеберлігіне байланысты.Менің білім берудегі басты міндетім-оқушыларды өз бетінше ізденіп оқуға үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Сондықтан да әр сабағымда оқушыларға жеке, жұптық және топтық жұмыс жасатамын, яғни пирамидалық тәсіл түрлерін пайдаланамын. Себебі бұл әдіс оқушының ойлау жүйесін, есте сақтау және елестету қабілетін дамытады. Оқушылар жұптық және топтық жұмыс барысында диалогқа түскені абзал. Өйткені қабілеті әртүрлі оқушылар бір-бірімен байланысқа түсіп жұмыс жасағанда, әрқайсысы өз ойларын айтып, пікір алмасады, өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезіне алады. Топтық жұмыста оқушылардың өзін-өзі бағалауы немесе бірін-бірі бағалауы жүзеге асады. Топта бірлесе отырып жұмыс жасау оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мұндағы сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз тәжірибе мен бақылаудың, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алған ақпараттарды бағалауға, талдауға және синтездеуге, күнделікті өмірде пайдалана білуге бағытталған модуль. Елбасы Н. Ә.Назарбаев өз жолдауында «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсетеді. Яғни, оқушыларды түрлі ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету олардың білім көкжиектерін кеңейтуге жол ашады.

Бүгінгі таңда білім беру ісіне қойлатын талаптар дәстүрлі оқыту жүйесіне қарағанда тым күрделі. Өйткені бізді алда дамудың даңғыл жолы мен жаңа кезеңі күтіп тұр.Сол кезеңге лайық бола алатындай санасы жаңғырған, ұлттық құндылықтарды бойына дарыта білген ұрпақ тәрбиелеу міндеті мұғалімдерге жүктеліп отыр. Үнемі биіктерге талпынып, кездескен кедергілерді жеңе білу өз қолымызда деп білемін.  Қорыта келгенде, сабақты түрлі интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып өткізу арқылы мен оқушылардың тақырыпты өз бетінше оқып-үйрене алатынына, жауапкершілікті сезіне алатындығына, пәнге деген қызығушылықтары оянып, ойлау жүйелерінің дамуына анық көзім жетті. Сондықтан да мұғалімдер жаңа технологиялармен қаруланып, түрлі әдістерді сабақта тиімді қолдана білулері қажет.

 

461 0
Айнұр Заманбекова, "Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ-нің география пәнінің мұғалімі Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ойтоған ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 01412
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: