Балабақша кішкентай бүлдіршіннің өмірде аттаған алғаш қадамы. Сол басқан алғашқы қадамы баланың болашақ өмір баспалдақтарына бастау болады. Бүлдіршіндердің көңілдерінің кілтін таба отырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына айрықша үлес қосатын алтын ұя ол –балабақша.
Балабақша сөзінің тарихына үңілсек, аталуының өзіндік ерекшелігі бар. Неміс педагогы Ф.Фребель балаларды өмірдің гүліне теңеп, сол гүлдерді бағбан өсіруі керек деген оймен 1837 жылы «Бала-бақша» атауын ойлап тапқан. Ф.Фребель бүлдіршіндерді еркін іс-әрекетке жан-жақты дамыту мақсатында тәрбиешілерді шақырған ең алғашқы оқытушы болды.
«Тәрбиешінің ең жауапты міндет орындайды – ол адамды қалыптастырады » , - деп М.И.Калинин айтқандай тәрбиешінің алдында үлкен мақсат болады.Бүлдіршіндердің күлкісіне толы мекенде тәрбиеші-педагог балдырғанның тәрбиесіне ғана емес, оның дамуына үлкен жол салады. Өйткені, баланың бойындағы айрықша қабілеттері балабақшада байқалады.
Бала тәрбиесі - үлкен еңбек , ерекше өнер. Бала жүрегі сыр сандық секілді десек , оның кілтін таба білсек қана ашылады. Әр баланың мінез-құлқына қарай әрекет жасау керек. Бала жанын жақсылық нәріне толтыру- тәрбиешінің негізгі мақсаты. Мектепке дейінгі кезең бала өміріндегі ең маңызды шақ болып келеді. Себебі бұл кезеңде баланың бойындағы дарындылығы жан-жақты дами бастайды. Осы шақта бүлдіршіннің жүйелі дамуына әрекет жүргізсе, нәтижесі соншалықты жемісті болады.
Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі. Тәрбие мен білімді егіз ете отыра , баланың ішкі жан-дүниесін, қыр-сырларын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілеттерінің дамуына жағдай жасау керек. Бүлдіршін өсіп келе жатқан шыбық сияқты. Оны қалай баптайсың, жемісі де солай болады. Сондықтан әр тәрбиеші- педегог үлкен жауапкершілікпен қарау қажет.
Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , балабақшының ұжымына , яғни ұстазға байланысты. Сондықтан тәрбиеші-педагогтар бүгінгі күннің жаңалығынан шет қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керек.
Балабақшада тәрбиеленген бүлдіршін белгілі тәртіпке дағдылана бастап, өзін бейімдейді. Сонымен қатар көпшілік ортаға тез үйреніп, ортасымен тез тіл табысуына балабақшаның ықпалы зор. Ойын түрі арқылы баланың білім көкжиегін кеңейіп,шығармашылық іс-әрекеттер арқылы, оның ішінде сурет салу, мүсін құрастыру, іс-шараларға қатысып, табиғатпен жақынырақ танысып, салауатты өмір салтына бейімделеді.
М.Жұмабаевтың «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай , келешек заманына лайық қылып шығару керек »- деген осы бір сөздері бізге үлгі. Келешек ұрпақ заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс.Өсіп келе жатқан буынды ана тілінде сөйлетіп, ұлттық қасиеттерін, салт-дәстүрін бойына сіңіруіне жағдай жасауымыз керек.
Қорыта айтқанда, бала тәрбиелеу- біздің өмірдегі ең маңызды міндеттеріміздің бірі.Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарамауымыз керек.
«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан жақсы қасиеттерді сіңіре білсек , сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» ,- деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай бүгінгі заман талабына сай шығармашыл, өнерге бай , өз ойларын анық жеткізе алатын өскелең ұрпақ тәрбиелей отырып , еліміздің болашағын жарқын ете аламыз. Егеменді еліміздің жас ұрпағы жан-жақты дамыған, білімді , бәсекеге қабілетті, туған елін сүйетін азамат болып өсуіне бойымыздағы асыл қасиеттерімізді, бар білімімізді аянбайық!