Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI890

Бастауыш сынып бойынша білім беру үрдісінде білім технологиясын қолданудағы тиімділігі

Еліміздің «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға және біліктілікті шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа әдістерін енгізу, білім алуды ақпараттандыру, ғаламдық желілерге шығу» деп білім саласын әрі қарай дамыту міндеттері жолға қойылып отыр.   Жаңартылған білім беру мазмұнын қолға алудың негізі оқушының  білім, білік дағдыларын қалыптастырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау ісіне бағытталған. Мектептегі оқыту процесінің басты мақсаты-түрлі жаңа әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде әрбір оқушының өзіндік көзқарастары мен белсенділіктерін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Оқушыларға заман талабына сәйкес тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық технологиялардың педагогикалық негіздерін игеруі өзекті мәселелердің бірі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен білім деңгейімен айқандалады»деп бірінші кезекте білім сапасын арттырудың маңызы зор екенін атап көрсетеді. Білім беру үдерісінде педагогикалық инновацияяларды енгізу төмендегідей сатылардан тұрады:

1.Жаңа идея ойлап табу.

2.Әртүрлі инновацияларды ұйымдастыру.

3.Оқу-тәрбие процесінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану.

4. Қарастырылған жаңалықтарды бекіту.

         Бастауыш білім беруді баланың санасын дамытып, оны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы десек те болады. Білім берудің жаңа технологияларын бастауыш сыныптарды оқыту процесінде қолданудан күтілетін нәтижелер:

-Әртүрлі интербелсенді әдістерді қолдану сабақтың нақты мәнін ашуға  септігін тигізеді;

-Сынып оқушыларының барлығын сабаққа қатыстыру мүмкіндігі туады;

-Оқушылардың бәрін бағалай алу мүмкіндігіне қол жеткізеді;

-Әрбір оқушының білім деңгейін анықтауға болады;

-Оқушыларды өз бетінше ізденіп, талпыныс жасауға үйретеді;

-Топтағы оқушылар бір-бірімен байланысқа түсіп, ұйымшылдық қасиеттері қалыптасады.

         Бастауыш сыныпта оқытылатын ана тілі, әдебиет, дүниетану пәндерін өткізу барысында топқа бөліп оқыту, пікірсайыс сабақтары, рөлдік ойын элементтері сияқты білім берудің дәстүрлі емес, жаңа технологиялары кеңінен қолданылады. Мұндағы дәстүрлі емес деп отырғанымыз-«Мұражайға экскурсия», «дөңгелек үстел», «брифинг», «аукцион», «қойылым» т.б. сабақ түрлері.  Міне, осы аталған жаңашылдықтардың барлығы да бастауыш білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушының білім сапасын арттыру элементтері болып саналады. Бастауыш білім беру сатысының оқу-тәрбие үдерісінде оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру оқушының сабаққа деген ынтасын оятуға, ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Мектептегі бастауыш білім беру бағдарламасының ең маңызды қағидаты-спиральді білім беру болып табылады. Оқыту бағдарламасының бұл қағидаты  Дж.Брунердің спиральді білім беру моделі аясында жасалған. Бағдарламаның негізінде оқушылар сыныптан-сыныпқа көшкен кезде өтілген материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым жатыр. Яғни, спиральді оқытудың басты ерекщелігі-әрбір қайталап оқыған сайын пәннің немесе тақырыптың күрделілігі арта береді, жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланыста болып, ақпараттар қоры толықтырылып отырады. 

Қорыта айтқанда, бастауыш сынып бойынша білім берудің  жаңа технологияларын қолданудың мәні-оқушының функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Бала өзінің мектепте алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуі қажет. Осы міндетті жүзеге асыруда ұстадар қауымына үлкен жауапкершілік жүктелді. Оқушылардың бойында қажетті дағдыларды дамыту, қоғамның кез-келген саласында табысқа қол жеткізуі үшін мұғалімдер үнемі ізденісте болып, тынымсыз еңбектенуі керек. Үнді халқының белгілі тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, ол өзгерісті уақытында жаса»деген сөзін ескере отырып, сапалы білім-ұлт болашағы мен кемел келешегіміздің кепілі екенін есте сақтағанымыз жөн.

207 0
Алтын Кыдырбекова, «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Алматы облысы, Ақсу ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 01409
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: