Мектеп мұрағатындағы көне тігінділерді парақтап отырып, мектеп тарихына үңілсек, мектеп 1953 жылы алғаш есігін ашқан №84 теміржол орта мектебі негізінде құрылған. 1976 жылы №302 орта мектеп болып ауыстырылса, 1978 жылы №40 орта мектебі болып өзгеріп, 1997 жылы Алматы темір жол басқармасынан Мойынқұм ауданына өткізілгендіктен атауы Шығанақ жалпы орта мектебі болып өзгертілді.
Шығанақ орта мектебінің ғимараты 1-ші корпусы 1978 жылы 2-ші корпусы 2003 жылы салынып, биылғы жылы мектептің 120 млн.теңге көлемінде күрделі жөндеуден өтті. Мекен жайы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Шығанақ кентінде орналасқан. Жобалық қуаты-370 орын, оқу кабинеттер саны-27, асхана-50 орындық. Сынып саны – 33, бастауыш сыныптардың саны – 12 (229 оқушы), жоғары сыныптардың саны – 21 (308 оқушы). Оқушылардың саны 537 баланы құрайды. Ал мектеп қызметкерлерінің саны – 92.
Мектепті көпшілік құрметіне бөленген, алғыс ілтипатын алған аяулы ұстаздардың сара жолын жалғастыруда қазіргі таңда мектеп ұжымын «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі Рахымбаева Алия Сыздыққызы басқаруда. Білікті басшы мектеп ұжымының жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, жаңашыл іс-шараларға ұйытқы бола білуде. Мектеп басшысы 1996 жылы Шығанақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. Ал, 2000 жылы директордың оқу-ісінің орынбасары болып қызмет етіп, 2013 жылдан бастап Шығанақ орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.
Ұстаздықтан өсіп, директор болған басшы нағыз өз ісінің шебері, білікті де, білімді ұйымдастырушы. Көп ізденіспен педагогика саласындағы жаңалықтарды меңгеріп, терең зерттеу өзіндік басқару стилін қалыптастырып, ұжымды биік шыңдарға жетелеп, нағыз майталман мамандарды тәрбиелеп, биік белестерден көрінуіне септігін тигізіп жүрген басшы.
Мектепте жылдан жылға мектепішілік бақылаудың инновациялық тәсілдерін қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Мұғалімдердің 85,71%-жоғары білімді болса, 55,35% -педагог зерттеуші, педагог сарапшы санаттары бар тәжірибелі ұстаздар.
Мектеп басшысы ретінде мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын дұрыс жолға қойған.
Өз кезегінде 2013 жылдан бастап директордың оқу-ісінің орынбасары қызметін атқарып келе жақан Абдрахманова Гульмира Аралтайқызына тоқталып өтсек. Гүлмира Аралтайқызы, Қарағанды облысы,Балқаш қаласында дүниеге келген. Өмірлік тәжірбиесі мол, кез-келген ортада өзінің білгір ісін көрсетіп, алғырлығы мен біліктілігіне өзгенің сенімін ұялата алатын тұлға. Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі екендігін айғақтайтын Гулмира Аралтайызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ұстаздық жолында қызмет етіп жүргеніне18 жыл,жоғары білімді, педагог сарапшы. Халықаралық, Республикалық,облыстық деңгейдегі бірқатар байқаулардың жүлделі орын иегері. Көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетісіктері үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің алғыс хатымен марапатталған.