Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI888

Балалардың қол моторикасын дамыту

Мақсаты: Әр кезеңде бала белгілі бір қасиеттер мен дағдыларды өз мойынына сіңіруі тиіс. Осы орайда, мұғалімдердің ықпалы ерекше болып табылады. Мектепке дейінге жасында бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі. Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру.

Міндеттері:қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту; саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту; балалардың жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру; сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу; қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту; өз достары және үлкендермен қарым – қатынаста эмоционалды – қолайлы жағдай жасау;

Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты. Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайтынын ғалым М.И. Кольцова жүргізген зерттеу жұмыстарында көрсеткен.

Саусақ қимылдарының дамуы сөйлеу құзыреттілігінің дінгегін қалыптастырады. Ғылыми деректерге сүйенсек қолдың  саусақ қимылдарын және сөйлеу мүшелерін бақылайтын бастағы ми қыртыстары бір-біріне жақын орналасқан. Қолдың саусақтары қимылынан жүйке бастағы ми қыртысына импульс жібереді де, оған жақын орналасқан сөйлеу аймақтарын белсендіреді.

Тақпақтардың сүйемелдеуімен орындалатын ұсақ моторика ойындарын ұйымдастыруына аса мән берген жөн. Бұл ойындар балалар үшін өте пайдалы. Себебі ойын баланың сөздік қорын көбейтеді, жеке сөздердің нақты әрі дұрыс айтылуын қалыптастырады.

Балалардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға төмендегі ұсақ моторика жұмыстары қажет:

  1. саусақ ойындары;
  2. театр түрлері;
  3. дидактикалық ойындар;
  4. табиғи заттармен ойындар;
  5. шығармашылық жұмыстар;
  6. оригами (қағаз бүктеу).

Осы аталған жұмыстардың  бір  нешесінетолығырақ тоқталайық.

Қане аздап-шынығып көрейік.

«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы.

 Екіқырықаяқ Екіқолсаусақтарыбір-біріментүйіседі.

Жолменжүгірді.

Жүгірді, жүгірді.

Бір-бірімен кезікті Екі алақанды қосады.

Құшақтасқандары соншалық  Сұқ саусақтарды айқастырады.

Құшақтасқандары соншалық  Ортаңғы саусақтарды айқастырады.

Алақандарды айқастырады.

Екеуін күштеп ажыраттық. Қолдарды жібереді.

Театр түрлері 

Саусақты- сөйлеу қызметін дамытуда театрдың атқарар орны бөлек.

Балабақшада  театрдың түрлерін көп қолданғаны дұрыс. Мысалыға, «Суретті театр», «Саусақтар театры», «Қолғаптар театры» т.б. Бұл үшін епті қолдармен қатар рөлге еніп ойнауға, монологтарды айтуға, жаңа рөлдер ойластыруға, қойылымдарды дыбыстауға деген ынтасы болу керек. Қуыршақтар әуез ырғағымен қозғалуы, бастарын бұрып, еңкеюі балалардың саусақтарымен орындалады.

Табиғи заттармен ойындар

Есте сақтау қабілетін қалыптастыруға, қолдың саусақтар қимылдарын жетілдіруге, аз-көп сөздерінің мағынасымен таныстыруға табиғи заттармен ойындарының көмегі көп. Бұл ойындар әсіресе бүлдіршіндердің қызығушылығын оятады.

Баладан дақылдардың түріне, көлеміне қарай ыдыстарға бөліп салуға көмек сұраңыз. Мысалы, бұршақты- үлкен, күрішті- орташа, тарыны-кішкентай ыдысқа салу керек.

Шөлмекке салынған дақылдарды шайқап, дыбыс шығаруға болатынын түсіндіру, дыбысты тыңдату. Бұл ойында шөлмектің аузына бұршақтарды 

салудың өзі балаларды қызықтырады.Кішкентай қасықпен дақылды бір ыдыстан екінші ыдысқа салу. Қасықпен жұмыс кезінде қолдың басы  қимылдайды, мұқияттылықпен, ұқыптылықпен орындауға 

бейімделеді.Енді бұршақ түстеріне, пішіндеріне, көлемдеріне қарай отырып, суреттер салуға да болады.

Шығармашылық жұмыстар

Шығармашылық жұмыс жүргізе отырып баланың сөйлеу құзыреттілігіне әсер етуге болады. Қайшы, қағаз, тұзды қамыр, ермексаз, бояулар, қаламдарды қолдана отырып жүргізілетін жұмыстар тек сенсорлық қимылды жаттығу ғана емес. Шығармашылық жұмыс ойлау, сөйлеу қабілетінің белсенділігін, балалардың қоршаған заттар туралы түсінігін тереңдете отырып  көрсетеді. Тәрбиешілер әдеттегінше сурет салудан бөлек, жарма, құм беттеріне де сурет салдырады.

Оригами

Оригами- қағазды бүктеу арқылы түрлі бейнелер жасау. Оригами жасау кезінде балалар екі қолымен бірдей жұмыс атқарады.  Оригами  ұсақ моториканың дамуына оң әсер етумен қатар мидың жұмысына, сөздік қор жинауына, сөздерді және сөйлемдерді дұрыс байланыстыра отырып сөйлеу қабілетіне тигізер пайдасы мол.

Мысалы, «Бақа» жасату.

Жолда  бақалар кезікті

Аяқтарын соза секіреді

Ква- ква- ква!

Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, балалар ұсақ моторикасының дамуында жақсы нәтижеге жетеді. Сурет салуға, жазуға дайындаудан бөлек сөйлеу құзыреттілігін дамытады. Қолдың басының қозғалу икемі жақсарады. Бұл балалар жазу, сызуды сенімді түрде орындайды. Жоғарыда айтылған жаттығулар мен ойындар балалардың мектепте жақсы білім алуына әсер етеді. Сол себепті қолдың саусақтарының қимылдарын қалыптастыру үшін  күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерде, серуенде әртүрлі ойындар мен жаттығулар қолдануды ұсынамыз.

Менің  жұмысымның бір бөлігі – қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Жаттығуларды орындау барысында балалардың жазу дағдылары қалыптасады, есте сақтау қабілеті дамиды. Жұмыс барысында осы әдістерді көп пайдаланамын:

  1. Қолдың ұсақ бұлшықеттерін жетілдіруге арналған жаттығулар.

( Саусақтарға арналған жаттығулар- «Алақан», «Алақанды қыздыру», «Саусақтар амандасады» т.б.).

  1. Трафарет, контурлармен жұмыс жасау, берілген нүктелерді қосу арқылы геометриялық фигураларды сызу, фигуралардың ішін штрихтау.
  2. Дәптер жолынан шықпай түзу, сынық сызықтардан тұратын оюлар салу.
  3. Әріп белгілеріне ұқсас заттар салу.
  4. Әріп элеметтерін сызу.

Сонымен қатар, әр түрлі дидактикалық арнайы ойындарды қолданған жөн.

Мысалы: «Кім пирамиданы тез жинайды?», «Сиқырлы дорба», «Кім жылдам?», (шашылған ұсақ заттарды жинау), «Кесілген суреттерді құрастыру». Бұл ойын барысында балалар саусақтарын жаттықтырумен қатар, ойлау, сөйлеу қабілетін де дамытады.

Тілі толық дамымаған балалардың көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту қажет. Өйткені, көру түйсігі негізінде балалар ұсақ әріп белгілерін ажырата білуге, оқуға, жазуға үйренеді.

Аталған жұмыс түрі мынандай бағытта жүргізіледі:

  1. Заттың ұқсастықтарын, ерекшеліктерін табуға дағдыландыру;
  2. Бірден көріп, дұрыс қабылдауға үйрету;
  3. Бүтінді бөлшектерге бөліп, бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету;
  4. Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге дағдыландыру;
  5. Көру қабілетін күшейту.

Сонымен қатар, осы бағытта Мария Монтессори әдістерінің бірін пайдалану тиімді.

Қазіргі білім беру жүйесі оқу үрдісінде оқытудың интербелсенді әдістерін кең қолдануды талап етеді. Сондай әдістердің бірі – Мария Монтессори педагогикасы өзіне көптеген мамандардың назарын аударуда.

Мария Монтессори – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің қазіргі заманда да маңызы жойылмаған әдістемесін жасаған итальяндық педагог.

М.Монтессори педагогикасының тиімділігі, өзектілігі қазіргі уақытта да өз нәтижесін беруде.

Ойын барысында балалардың көру түйсігі қалыптасады, саусақтарының қимылы бір қалыптан екінші қалыпқа ауысуы дұрысталады.

Қорытынды: Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді. Бала саусақтарымен әр түрлі жаттығулар орындап, үлкен жетістіктерге жетеді және баланы сурет салуға үйретеді, ары қарай жазуға да көмектеседі. Егер баланың саусақтары шапшаң жұмыс жасап, иілгіш болса жазуы да әдемі болады. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйымдастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. 

 

 

813 1
Бөбек Шөменова, КМҚК «Еркем-ай» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 01408
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Гульназ Нурбаева
21 декабря 2021 14:11
Өте жақсы тақырып