Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп,кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орыны ерекше.
Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын-оқу,олар үшін ойын- еңбек, олар үшін ойын- тәрбиенің маңызды түрі.Ойын- баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оны шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу мәдинетін дамытады. Ойын-баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы, соның ішінде театрландырылған ойындарының маңызы зор. Театрлық іс –әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой-өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз.Көріністерді өзара сөйлеу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын еліктеу мен қиялын дамытады.
Театрландырылған ойындар ойны- қойылымдары болып саналы екен, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде ойната отырып,оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдинетке, өнерге деген құштарлығын ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдер ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балдармен тіл табысып білуге үйрету. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Театрланған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, қойылым туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмтылмас әсер сыйлайды.Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш.Айманов «Театр адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адам сахнаны сүймеуі мүмкін емес» –деген болатын.
Бала тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс –әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттер қалыптасады. Сондықтан да театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар:
- Қуыршақ театры
- Саусақ театры
- Көлеңке театры
- Ойыншықтар театры
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу,алғашқы да жекеленген элементтерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі, қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Балабақшада театрландырылған іскерлік бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрады. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері,театр өнерлерінің түрлері, қойылымның жасалуы,сыртқы және ішкі театр, көремендер мәдениеттілігі.
Саусақ ойын драматизациясы Балалар құралдарды саусағына киеді. Ертегінін мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.
Мысалы: Бауырсақ,Шалқан,Үш аю,Үйшік ертегілері т.б 2-3 жасқа арналған
Саусақ театрында –саусақ көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс қимылына қарап, балалар қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есіне сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б түсініктері бағдарлай алады үйренеді.
Саусақ театрының басты мақсатының бірі- көркем әдебиет арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне енгізу болса, міндеттері:
- Баланың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой өрісін, дүниетанымын жетілдіру.
- Балалардың адамгершілікке баулу,ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды,салмақты ой айтуға баулу.
- Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту,ойдан әңгіме ертегі шығарып айтуға дағдырландыру.
- Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға өзіне деген қарым-қатынас мәдинетін қалыптастыру.
Саусақ театрын қолданумен бірге ойлауға,тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Бала саусақтар театры арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады дүние сырын ашады.
Саусақ театрының негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзің жеке құрбыларының іс әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей анықтау, қалыптастыру. Сондықтанда баланың бойындағы өнерін бастау деп білеміз.Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиетті бойына сіңіреді.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық –саусақ ойыны. Сонымен баланың сөйлеу қабілеті қол арқылы яғни саусақ арқылы жүзеге асады. Қол жаттығумен жүзеге асады. Қол жаттығумен айналысқан балалардың логикалық ойлау қабілетімен психлологиялық қабілеті жақсы дамиды.
Қорытынды: Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.