Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI882

Экология қорғау күні

Мақсаты: Балаларға экологиялық  білім мен тәрбие беру арқылы өлке танымдық және табиғатты қорғау  қабілеттерін арттыру. Балаларды табиғатты сүйіп, қорғап жүруге тәрбиелеу.Денсаулықтарын нығайтуға балаларға кеңінен толық ұғындыру.

(Зал іші мерекеге сай безендірілген.Балалар қуанышты көңіл күймен келеді).

Жүргізуші: Саламатсыздар ма балалар! Сендерді бүгінгі экология қорғау күніне шақырамын,  менің болашақ табиғатты қорғаушыларым. Айналамыз қандай тамаша. Бізді қоршаған табиғатымыз сондай көрікті.
 Балаларға қоршаған ортамен таныстыру.

Қараңдаршы, балалар, табиғаттың сұлулығын.     

-Балалар, табиғат дегеніміз не?

Жүргізуші:

Дұрыс айтасыңдар. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер. Жер мен ай, күн, аспандағы жұлдыздар осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді.Табиғат барлық жерде және өмір бойы бізді қоршап келеді.

Сондықтан да балалар хормен:

Табиғаттың панасымыз

Түйіп айтар сөзіміз.

Табиғаттың панасы

Біздің мына озіміз.

Жүргізуші:

-Ал, сендер табиғат туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Тақпақтар

Асылым.
 Табиғат егіз адаммен
 Ұқсастық табам содан мен
 Мәңгілік болсын егіздер
 Жер –Ана , көк теңіздер

Гүлназ
 
Бұтақтарды сындырмай
 Тазалықты сақтаймыз
 Гүл өсіріп су құйып
 Табиғатты қорғаймыз
 Экранға назар аударайық
 Табиғат екіге бөлінеді екен. Ол жанды табиғат және жансыз табиғат.
 Жанды табиғатқа: ағаш, шөп, гүл, адамдар, аңдар, құстар жатады, олар өседі, дем алады, көбейеді, денесінде жан бар.

Жансыз табиғатқа: су, тас, құм, ауа жатады, олар өспейді, жаны жоқ.

-Жарайсыңдар.

-Енді мен сендерге бір жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар.

Бар ма, жоқпа, оны анық білмейсің
 Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің? Ол не ?-Ауа

– Ауа не үшін керек? -Демалу үшін

– Ауаның түсі қандай? – Түсі жоқ , көрінбейді

– Қолмен ұстауға болама? – Жоқ қолмен ұстауға болмайды

Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен. Демек өсімдіктерге қамқор болуымыз керек екен.
 Бірақ осы жанды табиғат пен жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.
Жүргізуші:Балалар,  біз ауаны көремізбе? Қолымызбен ұстай аламызба?

Балалар:Жоқ

Жүргізуші Әрине біз көрмейміз, ұстай алмаймыз бірақ, біз ауаның бар екеніне көз жеткізейік  менің   қолымда айна бар осы айнаға бәріміз үрлейік.

Не байқадық?

-Әрине ауаны байқадық.Ішіміздегі ауаны сыртқа шығару арқылы ауаның бар екеніне көзімізді жеткіздік.

Жүргізуші:Балалар, тыңдайықшы ненің дауысы екен? Бізге нелер келе жатқан екен?

Залға ашулы аңдар келеді. 

Аңдар: Қорбандаған аю, қу түлкі,ашулы қасқыр.

-Аю. Ау адамзат сенгенім сен ба едің? 

Түлкі: Ей,табиғат! Шеберсің-ау шеберсің 

Көрмегенді көрсеттерсің берерсің

Ұлан-ғайыр байлығыңды   мін етпей,

Аш көзденген адамдарға не дерсің

Қане, шашыңдар неғып тұрсыңдар деп түлкі қолындағы қоқыста тастай салады.

Қасқыр:Ау, ау. Түлкі жан адам шашты деп сенде шашуың дұрыс емес.

Жүргізуші: Орманның қоқысын жинауға біздер көмектесейік, табиғатты аялау адамның міндеті. Мына сіздер болашақ табиғат қорғаушыларым.

Жүргізуші:Балалар Түлкінің жасаған істері дұрыс деп ойлайсыздарма? Жоқ, әрине дұрыс емес.

Балалар шашқан қоқысты жинайды.

Тақпақтар.

Жүргізуші:

Балалар ойын онап көңіл көтергілерің келе ме.

Тыныштық сәті: (Табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдау)
Жүргізуші: Балалар не естідіңдер?
 -Ненің дыбысы деп ойлайсыңдар? -жаңбыр, найзағай, жел
 -Дұрыс айтасыңдар. Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады.
 Табиғат – бізді қоршаған орта, туған елім, ауа, күн мен жер және су, орман мен жануарлар. 

Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де ауадағы 

шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен. Демек өсімдіктерге қамқор болуымыз керек екен.

 Жүргізуші:Ал, енді балалар біз аңдарға табиғат әнін шырқап береміз бе?

-Балалар: ия

Жүргізуші:Қане, балалар орнымыздан түрып табиғат  әнін  шырқайықшы.

(Табиғатым тамаша) әні

 Табиғатым тамаша

 Қандай әсем  қараса 

 Ақша бұлттар ауа берші 

 Жау жау жаңбыр жауа берші

Қ-сы

Бақыт болып жаушы жаңбыр

Менің әсем қалама

Бақыт болып жаушы жаңбыр

Менің байтақ далама 

Менің әсем бақшама

Осы менің  қалама

Бақта  гүлдер егеміз

Бірге ойнаймыз күлеміз

Міне біздер қандаймыз

Табиғатты қорғаймыз

Тақпақтар:

Нұрсая:

Табиғат біздің анамыз

Жер-Ана біздің панамыз

Таза болса табиғат

Бізде аман боламыз

Айғаным:

Бақта гүлдер тереміз

Бірге ойнаймыз күлеміз

Міне біздер қандаймыз 

Табиғатты қорғаймыз.

Жүргізуші: Балалар табиғатқа арнап әнімізде, тақпақтарымызды айттық,табиғатқа арнап биімізде бар екен солайма?

-Балалар: ия 

Балалардың билері (табиғат биі)

Залға табиғат келеді. Барлықтарымен амандасады.

 Табиғат:   -Сәлеметсізбе Балалар!

-Балалар, сәлеметсізбе табиғат.

 Табиғат:

Табиғатты адамзат аялаған,

Егін егіп,мал бағып саялаған,

Қарасындай көзінің қорғап жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Барлығыңда табиғатты сүйіңдер,

Үлкендердің сөзін ойға түйіңдер,

Денсаулықты әрқашанда құрметтеп,

Баршаңызға бейбіт өмір тілеймін.

 

 

                               

200 0
Ляззат Бисекенова, КМҚК «Еркем-ай» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 01402
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: