Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI881

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың заманауи жағдайында ата-аналармен педагогтардың әлеуметтік серіктестігін дамыту

Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі,ұрпақ тәрбиесі келешегін бері кететін басты фактор болып саналады. Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.

Баланы толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі білім беру мекемесі отбасымен тығыз қарым-қатынаста болу қажет. Осы бағытта жұмыстану барысында мектепке дейінгі мекеме мынадай кедергілерге кездеседі: бір жағынан, мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналарында құлшыныстары мол және өз сәбилерін тәрбиелеуге белсене қатысқысы келеді. Ал екінші жағынан, олардың көбі өздерінің педагогикалық шектеулігін түсініп, баланы тәрбиелеудегі бар жауапкершілікті балабақша тәрбиешілеріне жүктей салады.

Отбасы мен балабақшаның алдында тұрған мақсат пен міндет бір деген түсінікке сүйене отырып, балабақша тәрбиешілері мен психологтары ата-аналармен өзара әрекеттестікте, қоғамның өзінің сауаттылығы үшін, ата-аналарды тәрбиелеу қажет. Мұның негізінде баланы тәрбиелеу үшін басты жауапкершілікті ата-ананың атқаратындығы, ал қалған әлеуметтік иституттар олардың тәрбиелік қызметін қолдау мен толтыруға арналатындығы туралы идея жатыр. Қазіргі кезде бірқатар нормативтік құжаттарда бұрынғы кезендермен салыстырғанда жаңа ұстаным нақты белгіленді: «Ата-аналар білім беру үдерісінің толық қатысушылары болып танылады».

 Олар – мектепке дейінгі білім беру мекемесінің әлеуметтік тапсырушылары. Ата-аналар өз балаларының тұңғыш педагогтары болып табылады, ал мектепке дейінгі білім беру мекемесі отбасына көмек ретінде өмір сүреді. Отбасы негізге айналды, бірақ ата-аналардың педагогикалық сауаттану мәселесі, әлі де болса өзекті болып қала бермек. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі отбасымен бірлескен жұмысын ұйымдастырған кезде негізгі қағидаларды сақтау кажет:отбасы үшін балабақшаның ашықтығы (әр ата-анаға өзінің баласы қалай өмір сүріп, дамып жатқандығын білу мен көру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі); педагогтар мен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы;отбасында және балалар ұжымында тұлғаның дамуына қатысты бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ететін белсенді даму ортасын құру. Кейбір ата-аналармен қарым-қатынас жасау өте күрделі. Мұндай жағдайды қалай өзгертуге болады? Ата-ананың бірлескен жұмысқа деген қызығушылығын қалай оятуға болады? Бұл мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде   жие кездесетін өзекті мәселе болып табылады. Мектепке дейінгі білім беру мекеменің ең  жемісті ұстанымын былай тұжырымдауга болады: «Тек отбасымен жұмыс істеуді ғана үйреніп қоймай, сонымен қатар әр баланың отбасын, оның ерекшеліктерін, қозғаушы күшін, проблемаларын түсінуге үйрену керек». Ата-аналар тәрбиешілердің белсенді көмекшілері болу үшін оларды балабақша өміріне тарту керек, мектепке дейінгі балалар мекемесінің ұжымымен  жемісті өзара әрекеттестікті дамыту қажет. Мұндай өзара әрекеттестіктің дамуы бірнеше кезеңдері болжайды.

Бірінші кезең – ата-анаға баланың жағымды бейнесін көрсету. Баланың жетістіктерін, қабілеттерін және басқа да оның жақсы қасиеттерін көрсетуі – балабақша мен отбасы арасындағы диалогтың негізі болып табылады.  Екінші кезеңде балабақша педагогтары баланы тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық  ерекшеліктер туралы тәжірибелік білім ұсынады. Бұл әр түрлі формалар мен әдістер.Олар жалпы ата-аналар жиналысы, балалардың жұмыстарының топтық тақырыптық көрмелері, сайыстық бағдарламалар, басқа да  жұмыстар. 

Үшінші кезең педагогты бала тәрбиелеу мәселесі бойынша отбасымен таныстыруды болжайды. Бұл жерде ата-ананың белсенділігі байқалады, ол тәрбиелеудегі өзінің отбасылық тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, баланың жеке ерекшеліктері туралы айтады, сонымен қатар өзінің қызығушылығын тудыратын проблемалар туралы тәрбиешілерден сұрай алады. Осылайша, ата-анамен сенімді қарым-қатынас орнату, баланың жеке тұлғасын бірлесіп зерттеу мен үйлесімді дамуының қалыптасуына әкеледі. Ата-анамен жұмыстың бірнеше түрлері бар.а) ұжымдық ( балабақшамен таныстыру,ата-аналар жиналысы, ашық есік күндері, практикум семинарлар, брифинг, конференциялар, отбасылық клубтар, ата-аналарға арналған әңгімелесу,  «дөңгелек үстел» отырыстары, тренингтік сипаттағы сабақтар, ата-аналар мен балалардың бірлескен жұмыстарының көрмелері);ә) жеке (кеңестер, баланың отбасына бару, жеке әңгімелесулер, ата-аналарды балабақша өміріне тарту); б) көрнекілік-ақпараттық (Отбасылық тәрбиенің жағымды тәрбиесін жинақтау және оны кеңінен тарату)

Мектепке дейінгі мекемеде ата-анамен жүргізілетін жұмыс түрлері:

Ұжымдық жұмыс түрлері:

  1. Ата-аналарды мектепке дейінгі балалар мекемесімен таныстыру.

Ол дегеніміз ата-аналармен оқу жылының басында  жүргізілетін кіріспе жиналыс. Жұмыстың мұндай түрінің нәтижесінде ата-аналар мектепке дейінгі мекеменің жарғысымен, дамыту бағдарламасымен, педагогтар ұжымымен, жүргізілетін жұмыстар түрлерімен танысады.

 

2.Ата-аналар жиналысы. Әдетте топ үшін және мекеменің барлық ата-аналары үшін жалпы өткізіледі. Жалпы жиналыстар жылына 2-3 рет өткізіледі. Онда жаңа оқу жылының міндеттері, білім беру жұмысының нәтижелері және басқада осы секілді мәселелер қарастырылады.Топ жиналыстары тоқсанына бір рет өткізіледі. 

3.Ашық есік күндері.  Ашық есік күндері алдын ала жарияланады, ондай күндер барысында ата-аналарға балабақшаның күнделікті  өмірімен танысуға, дәстүрлі өткізілетін режимдік процестермен мүмкіндік туады. 4.Практикум семинарлар. Ата-аналар әсіресе жас ата-аналар, бала тәрбиелеудегі тәжірибелік дағдыларды қажет етеді. Оларды практикум семинарларға шақырған орынды. Жұмыстың бұл түрі оқытудың әдістері мен тәсілдері туралы айтуға және оларды көрсетуге мүмкіндік береді.

5.БрифингЖұмыстың бұл түрі ата-аналарды барынша белсенділік танытуға жағдай жасайды. Көкейтесті мәселелердің бірі бойынша баяндалатын кездесу. Екі команда: бірі – сұрақ қояды, бірі жауап береді, немесе ұйымдастырушы сұрақ қояды – ата-аналар жауап береді.

Ата-аналар конференциялары. Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу.Ата-аналар алдын-ала мәлімдеме дайындайды.

Отбасылық клубтар Ата-аналар жиналысына қарағандаклуб отбасымен қарым - қатынаста еріктілік байқалады. Адамдарды мұндай клубта ортақ мәселе және балаға көмек берудің тиімді түрлерін бірлесіп іздеу біріктіреді. Клуб сабақтары тоқсанына бір рет өткізіледі. Әкелер, аналар және балалар  – еліктіретін ойын түрінде өтетін клубтың белсенді қатысушылары, бұл ата-аналарға мол көмек көрсуетуге, пайдалы нәрсе үйренуге жағдай жасайды. 

Ата-аналармен педагогикалық әңгімелесуБұл жұмыс түрінің дежеке және топтық түрлері болады. Екі жағдайда да әңгімелесудің мақсаттарын алдын ала нақтылап, одан кейін әңгіменің мазмұны маңызды болу қажет.  

Жеке жұмыс түрлері:

  1. Кеңестер. Жеке немесе ата-аналар топтары үшін өткізіледі. Жеке кеңестер тек бір баланың ата-анасына баланың тәртібі бойынша,  немесе қабілетіне қатысты басқа да бағыттар бойынша жүргізіледі. Топтық тәрбиелеудегі немесе білім берудегі бірдей проблемалары бар немесе керісінше табыстары бар ата-аналарды шақыруға болады. Кеңестердің мақсаты – ата-аналардың белгілі білімдерді, шеберліктерді меңгеруі, олардың проблемалық мәселелерін шешуге көмек беру. 
  2. Баланың отбасына бару ата-анамен жеке жұмыстағы маңызды звено  болып табылады. Ол тәрбиешіге баланың тұратын жағдайымен, үйдегі жалпы ахуалмен танысуға жағдай жасайды және отбасын түсінуге, ата-анасымен жақсы қарым қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
  3. Сауалнама. Белгілі бір такырыпта жүргізіледі. Отбасын зерттеп, бала тәрбиесінде толықтыруды қажет ететін бағыттарды анықтауға, жанұядағы педагогикалық ахуалды, ата-ананың балабақша педагогтарының жұмысы туралы балабақша туралы ой пікірлерін зерделеп, ата-аналармен педагогтардың түсінусуіне ықпалын тигізеді.
  4. Жеке әңгімелесулерБаланың қылықтары, көңіл күйі, қабілеті немесе кемшіліктері туралы баланың ата-анасымен оңаша әңгімелесу. Педагогтарға баланың жеке өзіне тән мінез құлқын түсінуге, ата-анамен тығыз байланыс орнатуға көмектеседі.
  5. Ата-анамен жүргізілетін заманауи жұмыстардың бір түрі:

«Дөңгелек үстел» Балабақшамызда ата-аналардың және кітапхана маманының қатысуымен дәстүрлі  емес жағдайда «Сіз балаңызға кітап оқисыз ба?»тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді, қатысқан мамандар мен барлық ата – аналар өздерінің бала тәрбиесіндегі ерекше сәттерін айтып өтіп ата-аналар өздерінің балаға көп кітап оқымайтындығын мойындады, «Радуга» тобының тәрбиеленушісі Салимгереева Мединаның  анасы Кодарова Саягүл балаларымен қалай уақыт өткізіп, ұйқы алдында балаларына ертегі оқып, күн тәртібіне аса мән беретінгін айтып өтті. Ата-ана сөзін тәрбиешілері де растады, өйткені бала ашық, білім деңгейі жас ерекшелігіне сай жоғары, ертегілерді жақсы меңгерген, кітап баланың өсіп өркендеуіне жан жақты білімді болуына ықпалы зор екендігі туралы ой түйілді.

Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында  басқада түрлі шаралар өткізілуде. Мысалға, педагогтар мен   ата-аналардың өзара әрекеттестігін ұйымдастырудың заманауи түрі –тренинг. 

Педагогикалық сауаттандыру мақсатында ата-аналарға арналған ашық-оқу қызметтеріАта-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын көре алады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген қызығушылық «іске қосылады».

Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
 

 

1 175 4
Шәмшия Бекмұханова, КМҚК «Еркем-ай» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 01401
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

020711650649
3 января 2022 16:52
Биіктен көріне бер😘😘
Nabira
3 января 2022 16:53
Цитата: 020711650649
Биіктен көріне бер😘😘
Nabira
3 января 2022 16:55
Биіктен көріне бер😘😘
Динара
3 января 2022 17:19
Жолың ашық болсын,биіктен көріне бер