Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI88

География пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Оқыту барысында шәкірттердің танымдық 

қызығушылығы мен іздемпаздығын 

арттырудың маңызы зор.

Сократ

ХХІ ғасырдың табылдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды.Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді,білікті,адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.

«Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұзтазға жүктелетін міндет ауыр»- деген Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев.

 Функционалдық сауаттылық – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру,оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену үдерісінде өзектілене түседі. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша РІSА Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу  құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында ұлттық және жалпы азаматтық құқықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға,дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық,рухани күш- қуатын жетілдіру,жеке тұлғаның жан- жақты толысуына жағдай жасай отырып,зерделі азамат даярлау көзделген.

Мұғалім- мектептегі басты тұлға.Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады.Білімі терең,әдістемелік шеберлігі мол,мақсаты айқын,үнемі ізденіс үстінде жүреді.Мұғалім жұмысындағы,әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі- ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп.соны қолдана отырып,іскерлік жұмыстар жүргізіледі.Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап,баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсыну.

Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығы дегеніміз- оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімін сыныптан тыс жерде, кез- келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Тұлғаның ең басты функционалдық салалары: 

Белсенділік

Шығармашыл тұрғыда ойлауға шешім қабылдай алуға

Кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік,өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Ал бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Жай сауаттылық- адамның оқу,түсіну,қысқа мәтіндерді құру және қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауы.

Функционалдық сауаттылық – тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білім,ептілігі,дағдылары.Ұлттық жоспарды іске асыру оқушының бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруы қамтамасыз етеді.Бұл шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады.

 Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәні үлкен рөл атқарады. Сондықтан бұл туралы географиялық сауаттылық әлеуметтік қажеттіліктен туындап отырады. География сабағында оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру – білім сапасын арттырудың негізгі шарты. Бүгінгі білім стандартының орындалуында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында өлкетану пәні бойынша тиімді әдіс тәсілдер ұсынамын мысалы:жануарлар мен өсімдіктерге байланысты 1.Өсімдіктердің көптүрлігі мен маңызына арналған «Тест» ойыны,«Кім немен қореқтенеді? Ойыны,жаратылыстану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жүктемесі: 1. Айналадағы әлемді танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: табиғат,құстар,жан- жануарлар жөніндегі жұмбақ, ойындар, «Бақытты сәт», «Иесін тап», «Дыбысына қарай ажырат», «Бұл қай аң?», «Кім тез таңдайды?», «Бүгінгі ауа райы қандай»?.

 География пәнінде функционалдық дағдыларды қалыптастыру-графиктер мен диаграммалар құру,оларды оқи білу үлкен көмек береді.Графиктер кез- келген құбылыстардың динамикасын ашатын болса,диаграммалар табиғи обьектілердің (табиғат зоналары,материктер мен мұхиттар т.б),өнеркәсіп өндірісіндегі салалардың, өндірілетін өнімнің,халықтың ұлттық немесе жыныстық құрамын,т.б үлес салмағын айқын көрсетеді,яғни салыстыру және оқушылардың қорытынды жасау дағдыларының қалыптастыруына ықпал етеді.Ойын-сабақ,викториналық – сабақ, сабақ- конкурс, топтық сайыс сабақ,географиялық саяхат сабақ, білім тексеру сабағы,интеграциялық сабақ,блок сабақ, сабақ- конфиренция- реферат немесе- оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қорғау сияқты сабақ түрлерімен толықтырылады.

 Оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалауға арналған тест тапсырмалары мысалы:

  1. 50 с.епен 14 ш.б. орналасқан ел және оның астанасы?
  2. Орталық бөлігі19 о.е пен 47 ш.б орналасқан аралда ең кішкентай шала маймылдар тіршілік етеді,оның денесінің ұзындығы 12 см.Осы аралды километрмен есептегендегі ұзындығы мен ені қандай?
  3. 1986 жылы ағылшын саяхатшысы керемет географиялық жаңалық ашты,картада 18 о.е және 26 ш.б.координатасында орналасқан.Ол қай нысан және оны кім ашты?
  4. Дүниежүзіндегі ең биік қала мен ең ұзын елдің астанасының координатасын анықты?

Дайындық барысында мен әрдайым оқушының географиялық білімін жетілдірудің негізі- оқушының өз бетінше ізденуін, көзден тыс қалдырмаймын, үнемі оқушы кітап көлемімен шектеліп қалмасын деп,қосымша ақпарат іздеп,зерттеп келуге арналған тапсырмаларды ұсынамын.География пәнінен есеп шығару барсында оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы дарынды оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық жұмыста өздерінің қабілеттерін іске асыруға және алған білімдерін өмірде тиімді қолдана білуге дейінгі дәрежеге жеткізуге бағыт- бағдар беру.Оқушылардың  функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін,шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін,өз бетінше жұмыс жасай білу қабілетін дамыту.

Жалпы қорытындылай отырып,қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім беру мен саналы тәрбие беруде электронды оқу құралдары,қашықтықтан оқыту және дидактикалық тапсырмалар мен заман талабына сай әдіс тәсілдерді қолданып жүрмін.Бұлардың ұрпақ тәрбиесі мен білім беруде маңызының зор екенін қазіргі тәжірибе көрсетіп отыр.Бұл тәжірибелердің незізгі оқушы білімін саралап,қабілетіне, бейімділігіне байланысты негізделген және де пәннің ғылымның негізгі бағыттары бойынша өз білімдерін тереңдете түсуіне ықпал ететіні ақиқат.Осы жағдайды  бүгінгі күнгі қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап,заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді функционалды сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым- қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым- қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім,білік,дағдылардың жиынтығынан құралады. 

Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс.

 

721 0
Гульхан Касенова, Жоламан орта мектебінің география пәні мұғлімі, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,Жоламан ауылы «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 00024
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: