Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI871

Өлеңдер жинағы

Менің атым  «Абай»...

(Абайдың 175 жылдығына)

 

 

Кезекті қарт қолда таяқ теңселіп,

Сексен жасты қалғандай –ау еңсеріп.

Қол ұсынып сәлемдестім сыпайы,

Бола қалдым қапелімде мен серік.

 

Таныстық та екеумізде сыр аштық.

Әңгімені әуелетеіп қыр астық.

-  Атым Абай, әкем қалған  майданда.

Өмір ғой бұл   бірден - бірге ұластық. 

 

Ал әкеміз жас қанатын жайғанда.

Кеткен екен қырғын ажал майданға.

Анамыздың мен ішінде қалыппын.

Ақ кеме боп батқан екен қайранда.

 

Ел басына күн туған бір сол заман.

Қорғасын бұлт қан жаудырды болмаған.

Қара жердің қабырғасы қақырап.

Тірі жан жоқ жаны жүдеп солмаған.

 

«Ұшбұрышты» келген бірер хаттар да.

Аман жүрсе одан артық бақ бар ма?!

Сол бір кезде хатты сүйіп құшақтап.

Исін алып жылайды екен жатқанда.

 

Күнмен талас мен туыппын арада.

(Ақ түйенің қарны жарылмастан қала ма)

«- Ат  қой өзің жазып жібер тезірек.

Сені күткен мынау тұңғыш балаңа.» 

 

Деп жазыпты анам хатты сол күні.

Сұм соғыстың сөгілгендей қолтығы.

Уайымы, сағынышы, шаттығы.

Асып таспы жүректе мың толқыды.

 

Хат келіпті бір он бес күн болғанда.

«Абай» деп қой   ойланба да толған ба,

Екеумізде Абайдыоқып бірге өстік.

Бақыттымыз Абай атын қойғанға...»

 

Үміт, күдік арқаланды аңырып.

Кұндер өтті бар дүние тарылып.

Келіп кетті «қара қағаз»бір күні.

Қағаз емес бомба болып жарылып....

 

Тыңдап өстім анамыздың зар мұңын,

Тайқы маңдай болдыдағы тағдырым.

Ұлы Абаймен батыр әкем рухымен.

Келе жатыр алаулаған таң нұрым.

 

 

Егіз шумақтар

Бөлмемдемін, оңашамын тым - тырыс.

Көңіл күйім күн сәулелі мақсы аса.

Шабыт құсы шалқып ұшты құлшыныс.

Алабұртып аялайды басқаша.

 

Келер күнге аяқ басқан бірақ та.

Өмір шіркін бұлқынады дүрбелең.

Асай тұлпар тасырлайды жырақта.

Өмір деген тізгін бермес бұл деген.

 

***

 

Бір өзі үшін барлық істі қолға алып.

Жер сілкінтіп тіріледі тас жібіп.

Шабысынан жаңылмайды жорғалық.

Бір өзі үшін ағындайды жақсылық.

 

«Барлығын да өз орнына қоям» деп,

Ол өзгенің ішін жел боп кептірді....

Ар – қяты бүгіп қалды қоян боп.

«Біткен іске сынышы көп қой» деп тұрды.

 

***

Жүргіш әйел сырты ақ бұлақ пішінде.

Аярлығы көйлегінің ішінде. 

Көрсе қызар көзсіз еркек арандап.

Шыға келер өзін өзі арамдап.

 

Жүргіш әйел жаны қара бұзылған.

Періште боп, пәксінумен сызылған.

Әйелді де таңдамайды жұлын құрт.

Тиіп кетсең жұлып түсер жұлын құрт.

 

***

Жүз досым бар жау боп шыққан біреуі.

Қиын екен қызғанышы, тілеуі.

Тілі тәтті, тым ащы ғой тамыры.

Ши жүгірту әңгіменің сарыны.

 

Ал мен болсам жаза бердім жырымды.

Көне күйлер кейін қалды бұрынғы. 

Ақиқаттың жолы шыңға қонып тұр.

Жалғыз жауым қауіптірек болып тұр.

 

***

 

Апат болды екі қолы кесілген.

Жігіт жатты, тағдыр солай шешілген.

Бір «досы» кеп аянышыты қарады,

Тіл қатқаны жанды мүжіп барады.

 

Жігіт сонда : «Айтсаңшы деп басқа «өлең».

Қалған жоқпын соқыр мылқау, таскерең.

Тірі қалдым бабалардың рухымен.

Іс қыламын мынау жалғыз баспенен....»

 

***

 

Қазақша еді теледидар хабары.

Дөкей қазақ дөң айбатпен қарады.

Орышасы қазақшаны қақпайлап.

Бола кетті жұбатқандай баланы.

 

Су төгілмес орысшасы бір ғажап.

Қазақша бір мақалдатты жұлмалап.

Ұлтын сатқан көз алдымда «жерленді».

«Ортамыздан орны толмас» бір қазақ.

 

***

Махаббат деп жазу тұр маңдайыңда.

Мен оқимын жалғыз ақ әрдайымда.

Сенің тұлғаң көл көсір көз қуантты,

Рахатқа батады хәл -  жайым да. 

 

Сүйгенімсіз көңілім алаң анық.

Қайталанбас қарғашым дараланып.

«Қара қызы қазақтың екен ғой»  деп.

Кейбіреулер сүзіле кеп қарады анық. 

***

Алыс кетсек жарты   әлемге  сыймаймыз.

Жақын келсек секундтарды қимаймыз.

Құлай сүю,   тұнық әуен, тұнық үн.

Жаңа өмірдің сырын шерткен сырнаймыз.

 

Бір қауыздың   ішіне кеп  сыямыз.

Өзге емес ау өзімізде куәміз.

Шаңырағы аспан көкпен таласқан.

Бір бөлмелі «алтын сарай» ұямыз.

 

***

«Маңғыстауды көріп келдім жолдағы.

Қайда кеткен өзен, көлі, орманы.

Желі ышқынып, тынышыс да тарлыпы,-

Басыла бір қоймады қой «толғағы»

 

Көкірегі көні кепкен  боз дала.

Жусан исі бар байлығы сол ғана...»

Деп бір жігіт Маңғыстауға келіп тұр.

Ал, қолында Маңғыстауға жолдама.

 

***

 

Сүйгеніңмен   өтсін өмір думанда.

Оң сапарлар шақырып тұр әрқилы.

Өзгелерден түтін исі бұғанда.

Сүйгеніңмен   жұпар исі аңқиды.

 

Бір қоңыржай, жаймашуақ тірлігің.

Сүйгеніңмен жаз да, қыс та білінбес.

Қарсы алдыңда   тау да аласа тұр бүгін.

Көздеріңе тарыдай боп ілінбес.

 

 

Махаббат.

 

О,Махаббат тұңғиық сыр қатал ақын,

Ол емес өлең үшін ақы алатын.

Махаббат музасындай жыр кітаптың.

Тұмары ғашықтықтың  жатталатын.

 

Махаббат сағынышым жан ұшырған.

Жаныма жалын құшақ жар ұсынған.

Махаббатың ыстығына  адам түгіл.

Көк мұздың көзі ашып, зәрі сынған.

 

Жүректерде асыл жыр боп жазылған.

Әсемдік пен сұлулығы назынан.

Бар адамзат қалдырыпты сезімге.

Көңілінде көктем болып жазып ән.

 

Ғасыр бойы  махаббат деп бас қатырып.

Мөлдір сөздер жазылыпты тасқа тұнық.

Іңкәр болып сезімдерде тербетілген.

Махаббат мәңгілікке бас тақырып.

 

 

154 0
Аллаберген Қонарбаев №10 орта мектеп КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, "Жас Қалам" шығармашыл жастар ұйымының жетекшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылы Ұлы дала ұстазы № 000961
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: