Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI87

Балабақшада зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары

Баланың  зерттеу қабілеттерінің дамуы - бүгінгі білім берудегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады

Балалар  зерттеу жұмыстары  барысында   шығармашылықпен  өздігінен дербес әрекет етіп, жаңа білімдер алады.

Репродуктивті  әдістер(түсіндірмелі-көрнекі әдіс)  Бұл әдісте тәрбиеші  немесе ата-ана   дайын ақпараттарды көрнекі  құралдар арқылы  балаға хабарлайды. Мұндай әдіс - тәсілдерде тәжірибелік  іскерлік дағдыларды  қалыптастыруға толық жағдай жасалмайды. Қазіргі кезеңде репродуктивті яғни, дәстүрлі әдіске   көптеген  ғалымдар және практик мамандар қарсылық білдіруде. Бұл   сындарды  әділ деп бағалағанмен, бірақ та,  білім  беру тәжірибесінде продуктивті әдісті енгізу маңызды  болғанымен,  репродуктивті әдісті керек емес деп қарастыруға  болмайды.

  1. біріншіден, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін, адамзат талдап қорытқан және жүйеге келтірілген тәжірибелі   тәсілдер ескерілуі керек. Білім беру тәжірибесінде әрбір баланың жаңалық ашуы міндетті емес.
  2. екіншіден,  зерттеу әдісі репродуктивті әдістің негізінде білім алуға тиімді ықпал етеді. Балалар зерттейтін проблемалардың аясы   кеңейтілген, балалардың зерттеу кезеңдерінің репродуктивті әдістері мен оқу тәсілдерін қолайлы қолдана отырып терең үңілеміз.                                 
  3. үшіншіден, зерттеу әдістерін қолдана отырып алынған білім тіпті «субъективті жаңаны ашу» жағдайында балалардан шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Балаларда шығармашылық   қабілеттер жоғары деңгейде бола алмайды. Қаншама адамдардың басына  алма құласа да, тек жалғыз Ньютон ғана қарапайым тәжірибе арқылы физикалық заңды тұжырымдады емес пе, ендеше балаға жас ерекшелігінен тыс жоғары талап қою қажет емес.

Продуктивті әдіс(жекелей  іздену) қиын тапсырмаларды шешу ұйғарылады:

- проблемаларды көріп және сұрақтар қоя білу;

- өз дәлелдерін айта білу;

- өзі ұсынған фактілерден қорытынды шығару;

- жоспар құрып, тексеріп болжам айта білу;

            Жекелей  іздену – іздеу әдісінің ерекшелігі күрделі тапсырмаларды қарапайым тапсырмаларға бөлшектеу, эвристикалық әңгімелесуді қалыптастыру, бұл эвристикалық әңгімелер бір-бірімен байланысты сұрақтардан тұрады, оның әрқайсысы жалпы проблемаларды шешудің қадамдары болып табылады және тек қана білімді шыңдап қоймай, ізденушілікті талап етеді. Зерттеу элементтерінің толық көлемі зерттеу әдісінде көрсетілген. Зерттеу әдісін іс - әрекет барысындағы бала танымының негізгі жолдары деп  қарастыруға болады.

     Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі зерттеу,  үлкендердің жүргізген зерттеулері сияқты келесі  кезеңдерден тұрады:

- зерттеу тақырыбын таңдау;

- пікірлерді іздеу және мүмкін нұсқаларды шешу;

- ақпараттарды жинау. 

       - оларды талдап қорыту;                                 

       - зерттеу кезіндегі ақпараттарды қорғауға дайындалу (хабарлау, баяндама, макет)

         -  қорғау;

            Бір қарағанда, мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеу жүргізу кезеңдері, көптеген ұстаздардың тәжірибелік жұмыс жасауында  қорқыныш және күмән келтіреді. Бұл қорқыныш балалармен шынайы зерттеу жұмыстары басталған кезде-ақ сейіле бастайды. Зерттеуді жеңілдету мақсатында кейбір кезеңдерді қысқартуға  болады, белгілеп қоюға болады. Осы кезеңдерге қарай отырып, педагогикалық жұмыстың нәтижесін біріктіреді. «Мектеп жасына дейінгі балаларға әрбір кезеңді қолайлы ету үшін не істеуіміз керек?» Балаларға зерттеу сабағының әдістерін таныстыру үшін 2-3 фронтальдық жаттығу сабақтарын топпен өткізу керек. 

Бірінші кезең: «Жаттығу сабақтары»  Сабаққа дайындық.

       «Зерттеу әдістеріне» арналған белгілері бар карточкалар қажет. Бұл карточкаларды қатты қағаздан жасауға болады және соған фломастермен немесе түрлі түсті оракалдан, қағаздан бейнелерді салу керек. Әрбір карточканың көлемі сурет дәптерінің жарты бөлігінен кіші болмауы керек. 

       Қатты қағаздан осы көлемдес бейнесі бар кішкене тақырыптық суреттер дайындау қажет. Ол үшін қатты қағазға жануарлардың, өсімдіктердің, көліктердің, ғимараттардың, әртүрлі мазмұндағы суреттерді жабыстырып дайындап қоюға болады.   

       Балаларды  кілем үстіне шеңбер жасап отырғызып, балалар бүгін біз сендермен үлкендер сияқты өз бетімізше дербес зерттеу жұмысын жасаймыз. Зерттеу жұмысының кезеңдерін көрсету үшін өз еріктерімен екі бала қажет. Олар зерттеу жұмысының бірінші кезеңінен ең ақырғы кезеңіне дейін орындайды, ал қалған балалар әзірше көрермен ретінде қатысып отырады. Сайланып алынған екі зерттеуші бала бүгінгі зерттеу жұмысының тақырыбын таңдайды. Балалар тақырыпты таңдауы үшін алдын-ала дайындалған, зерттеу тақырыптарына арналған, мазмұнды суреттерді балаларға ұсынамыз. Тәрбиешінің бағыттауымен аз ғана талқылаудан соң балалар, бір ғана тақырыпқа тоқталады. Балалардың зерттеу жұмысына таңдап алынған тақырыптағы суретті ғана алып қалып, қалған ұқсас суреттерді уақытша алып қою керек, ал таңдап алынған суретте шеңбер жасап, отырған  балалардың ортасына  қоямыз. Мысалы, балалар үй қоянының суреті бар карточканы таңдады. Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Үй қояны». Біз зерттеушілерімізге түсіндіруіміз керек, олардың тапсырмасы үй қояны туралы әңгіме дайындауы қажет. «Үй қояны» туралы барлық ақпараттарды жинап, оны өңдеу қажет. Ол үшін не істеу керек? 

       Мектеп жасына дейінгі балалар үшін - бұл қиын жаңа іс. Тәрбиеші ақпарат жинау үшін әртүрлі әдістің  түрлері бар екенін айтуы керек. Біз ол үшін, балаларға түсінікті және қолайлы жеңіл әдістерді қолданамыз. Осы кезең өте маңызды, сондықтан тәрбиеші балалардың өздері тауып айтуына байқау жасап, көңіл бөлуі керек.

 Мұны әдеттегідей проблемалық сұрақтардан бастаймыз.                                        

 Мысалы: «Ең біріншіден біз не істеуіміз керек?»

       «Қалай ойлайсыңдар ғалымдар зерттеулерін неден бастайды?» Бұл сұрақтар сайланып алынған екі балаға ғана емес, барлық балаларға  да арналған. Балалар әр түрлі нұсқаларды ұсына бастайды. Балаларға ең алдымен ойлану керектігін айту керек.

       Балалардың ұсынған пікірлері жоқ болса, онда балаларға естеріне түсіріп сыбырлап айту немесе жасырып айту қажет. 

       . Алдын ала әр балаға тор көз дәптердің бір беті мен қалам беріледі, балалар сол қағазға белгілер салады. Белгілер әр түрлі болады әріптер, қиын емес суреттер және т.б. Балалардың «жазу» дағдылары қалыптаспағандықтан алғашқыда қиындықтар кездеседі. Балалардың зерттеу жұмыстарына қатысқан сайын, бекітілетін символды бейнелеу шеберлігі артады. Бұл жастағы балаларда әлем туралы   бейнелі хабарлар белсенді қабылданады және зерттеуді ұғыну объектісі пайда болады. Балғын зерттеуші зерттелетін мәселенің маңызды сипатын бірте-бірте түсінеді.

Дербес ойлану. Бірінші балаларға ойланып, еске түсірулерін ұсыну керек: олар үй қояны туралы не біледі. Барлық балалармен бірге тақырыпты талқылап, балаларды бір ойға шығаруға жеткізу керек: үй қояны – үй жануары. Осы ойды жазып қою үшін бір қағазға сурет салу керек, мысалы, адамды, үйді, қоянды. «Үй және адам», «қоян» - үй жануары екенін балалардың естеріне салады. Келесі ой: мысалы, қояндар әр түрлі болады, үлкен және кішкентай. Қағаз бетіне түсіруге болады. Үлкен қоянды үлкен сопақша жасап құлақтарымен, жанына кішкентай құлақтарымен сопақша кішкентай қоянды жасаймыз. Содан соң, ойланып үй қояндарының жүндері әр түрлі болады: қағаз бетіне қоянды салып, оған фломастермен әр түсті (қызыл, қара, сұр) бояп, белгілеп қоюға болады. Бала өзіне осы ойды да бекітіп алады. Тәрбиеші балаларға үлгі ретінде өзінің суретін көрсетеді, жұмыс барысында балалар өз карточкаларына суретті әр түрлі салады (егер сурет салуда қиналған балалар болса, тәрбиеші ол балаларға көмектеседі).

       Балғын зерттеушілер әр түрлі ойларға келеді, үй қояны адамдардың үлкен достары болып табылады дейді. Баланы белгілер мен символдарды жылдам жасауға үйретіңіз. Ол үшін емін - еркін  жұмыс істесін. Біздің тәжірибелік  тәжірибеміз бұл жайында дәйекті дәлелдерді көрсетті. Символдар мен белгілерді ойлап табуы балалардың ақыл-ойының дамуына үлкен қабілеттерін арттырады. 

Басқа адамнан сұрау. Біздің кішкентай зерттеушілерімізді басқа адамдардан сұрау жүргізуге жетелейміз. Барлық үлкен адамдарға немесе балаларға сұрақ қоюға болады. Алғашқы кездерде бұл үлкен қиындық тудырады. Балалар жас ерекшелігіне байланысты кей кезде объективті, менменшіл немесе ұялшақ болып келеді, осыған орай, оларға біреуден сұрақ сұрауға,  басқа адамның жауабын қабылдауында, түсінуінде қиындықтар кездеседі. Ақпаратты сұрау және қабылдау қабілеттерін арттыру педагогикалық жұмыстың өте маңызды мақсаттарының бірі. Біз бәрімізде білеміз, кейбір ересек адамдар тыңдауды, сұрауды білмейтін және ең негізгісі басқа адамдарды тыңдай білмейді. Егер баланың   осы қабілеттерін арнайы дамытсақ, біз оның менменшілдігін, өзімшілдігін жеңе аламыз. 

  Басқа адамдардан сұрау кезінде бала өзіне жаңа жаңалықтар ашатынына көңіл аударып, өзіне белгілеп қоюы керек. Мысалы, біреу айтуы мүмкін, үй қояны жабайы жануарларға жатады, жылы елдерде өмір сүреді деп. Бұл ойды бекіту үшін, бірнеше пальма ағашын және қоянды салып қою арқылы дәлелдеуге болады. 

Кітаптардан білу. Бұл әдіс балаларға қиындық тудырады. Мысалы, балалар  кітапқа көмекке жүгінуге болады, бірақ оқи алмайтын балаға жаңа жаңалықты білу қиын. Біреуден оқып беруді өтінуге болады немесе мазмұнды суретпен жұмыс істейді. Ал сабақ үстінде балаларға тәрбиешіден басқа ешкім көмек бере алмайды. Сондықтан қажетті әдебиетті алдын ала дайындап қойған абзал. Қазіргі таңда көптеген балаларға арналған энциклопедиялар мен анықтамалықтар басылып шығуда, олар түрлі тақырыптарға арналған, осы кітаптардың ішінде суреттер тамаша  бейнеленген және балалардың түсінуіне жеңіл жазылған. Оқу зерттеулерін жүргізу үшін бұл тамаша ақпарат көзі болып табылады. Балғын зерттеушілерге керекті мәтінді дауыстап оқып беру қажет. Жаңа ойларды да өздеріне символдар арқылы жазып қоюларына көмектесіңіздер. 

Бақылау және тәжірибе. Зерттеу жұмысында әсіресе жанды заттарды бақылап, тәжірибе жасаған тиімді. Балабақшадағы табиғат бұрышында үй қояндарының кездесуі сирек емес, сондықтан біздің зерттеушілеріміз үй қоянының мінез - құлқындағы ерекшеліктерін еш қиындықсыз бақылай алады. Мысалы, мынандай тәжірибе жүргізуге болады: үй қояны қатты дыбыстардан және кенет қозғалыстардан қорқады ма, ол әуенді жақсы көреді ме, ол немен қоректенеді және тағы да басқа қандай тағамдарды жақсы көреді, әдеттен тыс нәрселерді жейді ме?

        Мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің зейінін шоғырландыру қабілеттері төмендеу, сондықтан ақпарат жинау жұмысын тезірек  орындауға тырысу керек. Егер бастапқы әдіс кезеңдерінде жұмыс дұрыс  жүрмесе, ол қорқынышты емес, тек зейінді шашыратпай, жинақы ұстауға тырысу  керек. Тек, баланың қолда барын топтастыруға көмек жасаңыз. Ең маңыздысы жұмыстың бір қалыпта жүруіне бағыт беріп көмек көрсету керек. 

Материалды талдап қорыту. Енді жиналған мәліметтерді талдап, жинақтап қорыту керек. Жиналған ақпараттарды кілемнің үстіне барлық балаларға көрінетіндей етіп, жайып қоямыз. Жасалған зерттеу қорытындысы  бойынша өздеріне қандай жаңа  қызықты жаңалық ашты және осы туралы ойланып не айта алады. Бірінші зерттеу сабақтарында балғын зерттеушілердің жинаған жұмыстарын талдап қорыту үшін белсенді түрде көмектесу қажет. Бала үшін бұл қиын тапсырма.                                  

Бірақ та осы материал баланың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бірінші негізгі ойларды ерекшелейміз, қосалқы ойларды белгілейміз. Содан соң негізгі ұғымдарға анықтама беруге талаптануға болады. Бұл жұмыстар ойлау қиындықтары жағынан ғалымдардың жұмысынан ешқандайда айырмашылығы жоқ деп санауға болады. Балалар бойындағы  аңқаулық, аңғалдық, тез алданғыштығымен қиын тапсымалардың өзінде  жеңіл орындайды.

Хабарлау.Ақпараттар талдап қорытылған соң, ойынды жалғастыру керек. Кішкентай зерттеушілерімізге академиялық бас киім мен мантияны кигіземіз. Ойын жағдайы балалардың кейіпкерге енуіне үлкен ықпал жасайды. Зерттеушілер «үй қояны» - туралы   әңгімесін хабарлайды. Әлбетте, ұсынылған ақпараттың  мазмұны мен маңыздылығы  жалпы бала даму деңгейіне тәуелді. Хабарлау  оқыту мен дамытуға маңызды қызмет етеді.

       Бірінші әңгіме, әдетте ұзақ болмайды, бірақ зерттеудің тәжірибесі артқан сайын, ақпарат көздері  көбейеді. Әңгіме мазмұны тереңдей түседі. Зерттеушілердің әңгімесінен кейін талқылау қажет, тыңдаушыларға сұрақ  қою мүмкіншілігін беру керек. Талқылау өте жауапкершілікті және педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Сонымен бірінші зерттеу сабағы аяқталды деп есептеуге болады. Біз балаларды  жалпы зерттеу жұмысының үлгісімен таныстырдық. 

Екінші кезең: «Мектептепалды тобында дербес  зерттеулер жүргізу» 

Дайындық. Болашақ зерттеушілер үшін бізге бейнелері бар карточкалар қажет. Мысалы, зерттеу үшін салынған немесе жабыстырылған мазмұнды суреттер. Олардың саны топтағы балалардың санына сәйкес болуы керек     

Зерттеуді өткізу. Зерттеудің бұл кезеңіне бүкіл топ қатыстырылады. Бейнелі карточкаларды үстел үстіне жайып қоямыз. Әрбір бала өзіне ұнаған бейнелі карточканы таңдап алады. Сабақта ойын технологиясын (тіл дамыту, айналамен таныстыру т.б) қолдануға болады. Тақырып таңдалып болған соң әр балаға ақпарат жинау үшін «зерттеу папкасы» мен кішкентай қағаздар беріледі. Зерттеу жоспарын айтпай-ақ  қоюға болады, өйткені папкаларымыздың кішкене қалташаларында салынып қойылған. Әрбір бала керекті құрал - жабдықтармен қаруланып болған соң дербес жұмыс жасауға кіріседі. Тапсырма - қажетті ақпарат жинау, барлық қолайлы мүмкіншіліктерді пайдаланып дербес әңгіме-баяндау дайындау қажет. Барлығын уақытты созбай, бір сабақта жасауларына болады. Балалар таңдап алған тақырыптарымен өздері дербес жұмыс жасайды. Тәрбиешінің мақсаты зерттеушілерге кеңес беру, керек жағдайда көмек жасау.

Хабарлау.

       Балалардың алғашқы әңгімелері дайын  болған кезде-ақ, балаларды әңгімені тыңдауға отырғызу керек. Бұл әңгімені балалардың бір-біріне үйретуі деп қарастыруға болады. Әңгімелеуші ақпараттарды құрылымдық талдау жасап, ең бастысын, маңыздысын мәлімдейді. Балалардың әңгімесінің мазмұны қарапайым болуы мүмкін, ең маңыздысы бала да шығармашылықпен әрекет ету сапалары қалыптасады. Тәрбиешінің сөзіне қарағанда балалар әңгімелеушінің сөздеріне сын көзбен қарайды.

       Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, балалар бұл жағдайда әңгімелеушінің сөзіне түзету жасайды, таласқа жеңіл шынайы түрде қосылады, сұрақтар қояды. Осы сәттер өте маңызды, біз балалардың назарын ерекше аударуға талаптанғанбыз. Сыни ойдың дамуына бұдан басқа сын көзбен қарауға бұдан өткен тиімді тәсіл жоқ.

       Барлық әңгімелерді бір сабақта тыңдау өте қиын, өйткені баланың әңгімені айтып беруі ғана емес, сонымен қатар сұрақтарға жауап беруі керек. Сондықтан, біріншіден  балаларды қысқа да, нұсқа сөйлеуге үйрету қажет, екіншіден, уақытты үнемді пайдалануға үйрету.

       Қорытынды бойынша тек қана жақсы жауап берген балаларды ғана емес,     қызықты  сұрақтар қойған балаларды да мақтау қажет.

2 947 0
Гульмира Мукажанова, №7 «Аққу» балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі. Нұр-Сұлтан қаласы «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 00023
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: