Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Ақ орда-қазақ хандығының негізі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.2 - Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;

10.3.3.1 -Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық студенттер: - Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін  Ақ  Орда мемлекеті негізінде сипаттайды, Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтайды.

Басым  бөлігі: Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуындағы Ақ Орда кезеңінің ерекшелігін талдайды;.Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын сипаттайды.

Кейбір студенттер: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы  Ақ Орда кезеңінің маңызын тұжырымдайды;.Ақ Орда мен Қазақ хандығының сабақтастығын Қазақстан Республикасымен байланысты талдайды.

Бағалау критерийі

  1. Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңіндегі Ақ Орданың орнын анықтайды;
  2. Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын  сипаттайды

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік Елдің «Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы» құндылығына баулу арқылы  Тәуелсіздікті құрметтеуге, өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу

Тілдік мақсат

Студенттер орындай алады: Ақ Орда – Қазақ мемлекеттілігінің негізі екендігін дәлелдейді.

-  «Ақ Орда» бейнефилмі үзіндісінен Ақ Орданың қалыптасуы мен дамуын дәйектейді / тыңдалым/.

- Мырза Мұхамед Хайдар Дулати «Тарих- и Рашиди»дерегін зерделейді /оқылым/.

-Ақ Орданың рөлін талқылап, бағалайды /айтылым/

Ақ Орданың Қазақ хандығының негізі болғандығы жайлы жазады /жазылым/

Пәнге қатысты лексика мен  терминология: інжу, сойырғал, тархан, ұлыс, сұлтан, жасақ

Диалогпен жазылымға қатысты бірліктер

Талқылауға арналған тапсырмалар: 

Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығының ұқсастығы болды, өйткені...

Сіз неліктен екенін айта аласыз ба?

Неліктен Қазақ хандығының құрылуына Жошы ұрпақтары Жәнібек пен Керей қазақ тайпалары, Моғолстан хандары мүдделі болды?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Менің .....туралы көзқарасым өзгерді, себебі,...

Мен .....жайлы хабардар болдым. Себебі,....

 

Пәнаралық байланыс

Дүниежүзі  тарихы, Қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім

Шыңғыс хан  империясы және оның мұрагерлері тақырыбындағы сабақта «10.3.1.2 - Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру» оқу мақсатымен жұмыс жасаған, сол білімдерін осы сабақта қолданады

Сабақтың барысы

Концепт : Өзгеріс пен сабқтастық

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Жазылым бойынша ұсыныстар: 

 

Студенттің іс-әрекеті 

Бағалау 

Ресурстар 

Сабақтың басы 

(10 минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

А) Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу,түгендеу,бір-біріне сәттілік тілеу)

Тапсырма 1 /Ж/ Алдыңғы тақырып бойынша «Элективті тест» тәсілмен үй тапсырмасын сұрау.

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап «Элективті тест»

Саралау:Қарқын (оқушылар жылдамырақ жауап береді)

Нұсқаулық:сұрақтарға жауап беріңіз,А жауабына қызыл стикер,В жауабына көк стикер көтеріңіз.

Сұрақтар тақтада көрсетіледі, оқушылардан  жауапты сұрайды.

 

В) «Серіктестік» әдісі арқылы оқушыларды құрымдалған топқа топтастыру, студенттерге кескін картадағы ұлыстардың орналасқан аумағы түріндегі қимақағаз таратылады.

Саралау жіктеу

Мақсаты: жаңа тақырыпты ашу.

Оқытушы: студенттерден не үшін осылай топқа бөлінгенін сұрау арқылы тақырыпқа жол ашу.

10.3.1.2.; 10.3.3.1 оқу мақсатын хабарлайды.

А) студенттер  сәлемдеседі, сабаққа дайындықтарын көрсетеді.

Кезекші сыныптың сабаққа дайындығын хабарлайды.

Тапсырма 1 /Жекелей/ Алдыңғы тақырып бойынша «Элективті тест» тәсілмен үй тапсырмасына жауап береді.

Студенттер   стикерлер арқылы жауапты көрсетеді.

1-қадам. Сұрақтарға жауап береді.

1.Қазақстан аумағы неше ұлыстың құрамына кірді?

А.3           В.4

2.Ертістен Еділге,Амудария мен Сырдың төменгі ағысына дейінгі жерлерде құрылған ұлыс?

А.Шағатай     В. Жошы

3.Оңтүстік пен Оңтүстік-Шығыс Қазақстан,бүкіл Орта Азияны қамтыған ұлыс?

А.Үгедей ұлысы        В. Шағатай ұлысы

4.Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігін қамтыған ұлыс?

А.Үгедей      В. Жошы

5.Қазақ хандығы қашан құрылды?

А. 1458 ж.       В.1465 ж.

2-қадам. Өзін-өзі бағалау жасайды.

В). Ұқсас суреттер арқылы оқушылар өз тобына бірігеді.

1-топ.» Алтын Орда»

2-топ. « Ақ Орда»

3- топ. «Қазақ хандығы»

Нәтижесінде. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтап, оқу мақсаттарымен танысады.

Ашық микрофон (стикердегі жауапты көтеру барысында, өзінің дұрыс не қате жауап бергенін өзін өзі бағалайды)

 

Түрлі түсті стикерлер, сұрақтар жазылған слайд

 

Сабақтың ортасы

( 17минут)

 

Тапсырма 2. /Бастама стимул тудырушы/. «Ақ Орда» бейнефильмі үзіндісін көріп,берілген фразаларға жауап беріңдер.

Әдіс-тәсіл.Үш минуттық үзіліс.

Саралау.Дереккөз, қолдау көрсету арқылы саралау.

Мақсаты: оқушыларды сабаққа қызығушылықтарын арттыру, оқу мақсаттарына бағыттау.

Қалыптастырушы бағалау барысында Үш минуттық үзіліс стратегиясында жазылымға фразалар беріледі.

 

 

 

 

Тапсырма 3 / Топтық/. Оқулықтағы және берілген деректі мәтінді оқытып , негізгі ойды «Балық қаңқасында» талдату.

Әдіс-тәсіл: «Балық қаңқасы»

Саралау: Дереккөз, жіктеу, қолдау көрсету арқылы саралау.

Мақсаты: ақпаратпен жұмыс жасату,  Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау үшін талқылау жасату.

Нұсқаулық:

1-қадам.Мәтінді оқытып,топта «Балық қаңқасын» жасату

2-қадам .Жасаған жұмыстарын сыныпқа ұсынып қалыптастырушы бағалау жүргізу  

Зерттеу сұрағы: (зерттеу сұрағын таңдап алуға ұсынады)

  1.   Ақ Орда-Әбілқайыр хандығы- Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын  қалай дәлелдеуге болады?
  2. Неліктен Ақ  Орда қазақ хандығы құрылуының негізі болды?

Қалыптастырушы бағалау жүргізеді.

 

 

 

 

 

Тапсырма 2. /жекелей/. 

1-қадам. Бейнефильмді көру барысында 

төмендегі сұрақтарға назар аударады.  

  1. Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының кезеңдері қандай?
  2.  Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығы қандай?.
  3. Ақ Орда мен Қазақ хандығының сабақтастығын Қазақстан Республикасымен байланыс қандай?

2-қадам. Бейнефильмді көріп болғаннан кейін  «Үш минуттық үзіліс» стратегиясында ұсынылған  фразалар арқылы өз ойларын білдіреді.

Дескриптор:

-Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдері туралы жазады

-Ақ орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтайды

- мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін көрсетеді

Тапсырма 3 / Топтық/. Мәтінмен жұмыс.

1-қадам. Студенттер берілген мәтіндерді оқып,  топта талқылағаннан кейін ватманда «Балық қаңқасы/фишбоун» жасайды. 

1- топ /қолдауды көп  қажет ететін топ/ Ақ Орданың мемлекеттік құрылымы (Қазақстан тарихы оқулығынан)

Дескриптор

 Ақ Орданың мемлекеттік құрылымының басымдықтарын анықтайды.

Мемлекет белгілеріне дәлел келтіреді.

Мемлекеттің даму себептерін жазады.

Ақ Орданың мұрагерлері жайлы қорытынды жасайды.

2-топ /қолдауды орташа қажет ететін оқушыларҚазақ хандығының құрылуы-тарихи үдерістердің заңды нәтижесі (оқулықтан)

Дескриптор

Орыс хан ұрпақтары мен Әбілқайырдың арасындағы күрестің себептерін анықтайды.

Керей мен Жәнібектің Жетісуға көшуі этникалық және саяси үдерістердің заңды нәтижесі болғандығын дәлелдейді. 

Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан арасындағы оқиғалар сабақтастығы Қазақ хандығының құрылуына әкелгендігіне қорытынды жазады.

3- топ /қолдауды қажет етпейтін оқушылар/ Орыс хан ұрпақтарының күресі-қазақтардың дербес мемлекет құруға ұмтылысы (Хрестоматия. Рашид ад-Дин «Жошы ұлысы туралы)

Дескриптор 

-  Орыс хан Ұрпақтарының әкелген өзгерістерін атайды

-Орыс хан Ұрпақтарының әкелген өзгерістеріне мысалдар келтіреді

-Өзгерістердің маңыздылығын бағалайды

-Өзгерістердің себептерін бағалайды

-Өзгерістердің елеулілігі жөнінде қорытынды жасайды

 

 

2-қадам. Топта өз өнімдерін таныстырады, кері байланыс жасайды

 

Тапсырма 2. «Үш минуттық үзіліс» арқылы оқушылар оқытушыға кері байланыс жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма 3. Ойлау бутерброды (топтар жасаған балық қаңқасын бірге талқылап , топтық кері байланыс жасайды)

 

 

 

«Ақ Орда» бейнефильмі

 

Htts://youtu.de/d8MMhPRvdu8

 

Оқулық, суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хрестоматия. Рашид ад-Дин «Жошы ұлысы туралы

Сабақтың соңы

(13 минут)

 

 

 

 

 

 

Тапсырма 4./Жұптық/.Қиындық деңгейіне байланысты тапсырманы жұптар конверттің түсіне байланысты таңдапалғызып, сұарқтарға жауап бергізу.

Тәсіл:Конверттегі сүрақ

Саралау: /Қиындық деңгейіне байланысты тапсырмалар. Жұпқа алымы жоғары-алымы төмен, алымы орташа-алымы төмен студенттерді жұптау.

Мақсаты: «10.3.3.1 -Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау» оқу мақсатына жеткендіктерін тексеру үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмасын алу.

  1. Студенттерге А,В,С –деңгейіндегі тапсырмаларды ұсынады.

-Өз жұбыңызбен конверттен А,В,С деңгейлі тапсырманы таңдап алып, жауап беріңіз.

  1. Қалыптастырушы бағалау жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру.

Рефлексия: «Бесбармақ» әдісі арқылы сабақ бойынша  рефлексия ұйымдастыру

Тапсырма 4./Жұптық/. Қиындық деңгейіне байланысты деңгейлік тапсырманы жұпта орындайды.

 

1-қадам. Конверттің  түсіне байланысты таңдап алады, сұрақтарға жауап береді. 

2-қадам. Кері байланыс беру барысында дескрипторларды қолданады.

А-деңгейі.

  1. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы  Ақ Орданың рөлі қандай?

В-деңгейі. 

  1. Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығының ұқсастығы болды, өйткені...
  2. Неліктен Қазақ хандығының құрылуына Жошы ұрпақтары Жәнібек пен Керей қазақ тайпалары, Моғолстан хандары мүдделі болды?

С-деңгейі.

- Барлық студенттер: - Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін  Ақ     Орда мемлекеті негізінде сипаттайды, Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтайды.

Басым  бөлігі: Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуындағы Ақ Орда кезеңінің ерекшелігін талдайды;.Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын сипаттайды.

Кейбір студенттер: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы  Ақ Орда кезеңінің маңызын тұжырымдайды;.Ақ Орда мен Қазақ хандығының сабақтастығын Қазақстан Республикасымен байланысты талдайды.Студенттер үй тапсырмасын жазып алады.

Міндетті деңгей: Кесте толтыру (Оқулық)

Ерікті деңгей: «Қазақ хандығына 555 жыл»  қызықты деректер жинау.

Рефлексия: «Бесбармақ» әдісі арқылы оқушылар оқытушыға кері байланыс жасайды.

 

Екі жұлдыз, бір тілек арқылы жұптық кері байланыс жасалады.

Конверт 

Қосымша №1.

Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Тапсырма 2-де.Дереккөз ,жіктеу,қолдау арқылы саралау  

 

      Тапсырма 3-те Дереккөз,жіктеу,қолдау көрсету арқылы саралау

1-топ/ қолдауды қажет ететін оқушылар/ Ақ Орданың мемлекеттік құрылымы(Қазақстан тарихы оқулығынан)

2-топ/ қолдауды орташа қажет ететін оқушылар/ Қазақ хандығының құрылуы-тарихи үдерістердің заңды нәтижесі(оқулықтан)

3-топ/қолдауды қажет етпейтін оқушылар//Орыс хан ұрпақтарының күресі-қазақтардың дербес мемлекет құруға ұмтылысы (Хрестоматия.Рашид ад-Дин «Жошы ұлысы туралы)

 

Тапсырма 4-те Қиындық деңгейіне байланысты тапсырманы жұптар конверттің түсіне байланысты таңдап алады

 

 

 

 

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

 

Тапсырма 1-де     «Элективті тест»

Тапсырма 2-де 3-минуттық үзіліс

Тапсырма 3-те Ойлау бутерброды

Тапсырма 4-теКонверттегі сұрақ

Тапсырма 5-те Кезбе тілші

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

Қауіпсіздік ережесі бойынша тек сабаққа қажетті жағдайда ұялы телефон қолдануда қауіпсіздікті сақтау

607 0
Аққазы Жиенбекова, Абай атындағы Шығыс Қазақстан Гуманитарлық колледжі тарих пәні мұғалімі Өскемен қаласы Ұлы дала Ұстазы № 000320
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: