Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI844

Математикаға оқушыларды қызықтыру тәсілдері

«...Түсінгендіктің шын белгісі – «иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады – деп араб жазушысы Абу-ль-Фарадж аль-Исфахани айтқандай, шәкірт жүзінен түсінгендіктің шын белгісі ретіндегі қуанышты көру – үлкен бақыт. Бұл бақыттың әр ұстаз үшін орны бөлек. Сол үшін түрлі талпыныстар жасап, қызықтыру үшін көптеген ойындар ұйымдастырады. Математиканы оқушыларға үйрету үшін алдымен оларды қызықтыра білу керек.

Математикаға оқушыларды қызықтыру жұмыстарын жүргізбес бұрын, мектеп жасындағы балалардың математикадан нені білу керектігін анықтап алған жөн. Мысалы: сандарды салыстыру, қосу, азайту, көбейту, пайызды есептеу, формулаларды білуі, теоремаларды білуі т.с.с. Бұдан кейінгі атқарылу керек іс – жоғарыда аталған мәселерді оқушыларға қандай жолмен түсіндірсем оларға қызығырақ болады деген секілді сұрақтар аясында жоспар құру керек.

Математикаға оқушыларды қызықтырудың бірнеше тәсілдері бар:

  1. Түрлі ойындар ұйымдастыру арқылы қызықтыру;
  2. Геометриялық фигуралардың макетін жасау секілді қолөнермен қызықтыру;
  3. Көрнекіліктерді қолдану арқылы қызықтыру;
  4. Сыйлықтар, сертификаттар тағайындау арқылы қызықтыру.
  5. Техниканың көмегіне сүйену.

ЕСКЕРТУ: оқушыларға бір қолданылған тәсілді көп пайдалануға болмайды. Бұл оқушыларды жалықтырып, олардың қызуғушылықтарын төмендетеді. 

Жоғарыдағы тәсілдер түсінікті болу үшін, жеке-жеке тоқтала өткен дұрысырақ.

Түрлі ойындар ұйымдастыру арқылы қызықтыру. Ойын – оқытуды денсаулықты нығайтумен қатар тәрбиелейді. Сабақты ойын, жарыс, эстафета сияқты өту – оқушыларға сабақты түсіндірудің оңтайлы шешімі. Оқушының қиналатын есептерін де табудың бір жолы. Сабақтарда жиі қолданылатын ойын түрлеріне ыстық орын, хан талапай, қыз қуу секілді ойындарды жатқызуға болады. Бұдан да өзге қызыты ойындарды сабақта пайдаланған дұрыс. 

Геометриялық фигуралардың макетін жасау секілді қолөнермен қызықтыру. Фигуралар макетін жасаудың өзі геометриялық фигураларды танып-білуді талап етеді. Фигуралардың өлшемдерін біліп олардың, қанша жағы бар екенін де ажыратуға көмектеседі. Өздері жасаған фигураларды зерттеу де (ауданын, периметрін, көлемін)  қызығырақ болар еді. 

Көрнекіліктерді қолдану арқылы қызықтыру. Адам назарын аударатындай қызықты заттарды пайдаланған жөн. Оларды басында слайд түрінде сабақты түсіндіру тұрса, түрлі жемістерді пайдалана отырып, есептер шығарту да назар аудартады. Нақтылай өтсек бастауыш сынып оқушыларына есептерді қосып-азайтуды жемістерді пайдаланса, жоғарғы сыныптарда ықтималдық теорияларын өткенде есептерді жеміс секілді өзге де көрнекіліктерді пайдалануға болады.

Сыйлықтар, сертификаттар тағайындау арқылы қызықтыру. Сыйлық алғанды ұнатпайтын адам бар ма екен? Барлығы сыйлық алғысы келеді. Мұны сабақта тиімді пацдалануға болады. Жоғары да айтылған ойындарды ойнағанда жеңген топтарға сыйлық немесе мақтау грамоталарын беру оларды сабақты толық меңгеруіне итермелейді.

Техниканың көмегіне сүйену. Техника дамыған мына заманда барлық оқушыларда смартфон бар. Дәл осы смартфондарды сабақта тиімді пайдалануға болады. «Kahoot» секілді өзге де программаларды пайдалана отырып, тест тапсырып, олардың білім деңгейлерін тексеруге әрі оларды сабаққа қызықтыруға болады.

Математика сабағын терең меңгеру әр оқушы үшін маңызды. Дегенмен қазіргі үлкен мәселердің бірі – оқушылар сабақты өткен уақытта біліп, кейін ұмытып қалады. Мұның тек бір ғана шешімі бар. Ол – шешу жолдары бір есептерді көп беру. Қазіргі ҰБТ-ға дайындайтын қосымшалардың көпшілігі осы тәсілді көп қолданады. Олардың бір тақырып аясында бірден 30-50 есеп аясында беру себебі де сондықтан. 

Қорыта келгенде, математика сабағы кез келген жаратылыстық пәндердің бастауы. Сондықтан математиканы терең меңгеру әр оқушы үшін маңызды.

278 0
Зилола Режаева, № 94 жалпы орта мектеп, математика пәні мұғалімі Түркістан облысы, Сайрам ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000388
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: