Түйін: бұл мақалада спорттық резервтерді дайындау саласына жаңа инновациялық технологияларды енгізу және қолдану жайлы айтылады. Оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгерту, кәсіби құзырлығы жоғары деңгейде мамандар дайындау.
Аннотация: в этой статье при подготовки спортивных резервов необходимо применять современную инновационную технологию.
Разработка эффективных современных педагогических технологий и подготовка квалифицированных специалистов.
Кілтті сөздер: дене мәдениеті және спорттық білім, инновациялық үрдіс, инновациялық білім, спорттағы инновация үрдісін жетілдіру және енгізу.
Ключевые слова: физическая воспитания и спортивная образования, инновационный процесс, инновационное образование, внедрение и совершенствование, спортивные инновационные процессы.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір оқытушының күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы проблемаларды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде дене тәрбиесіне жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады. Осыларды дамыту негізі екі факторлардан тұрады:
- объективті факторлар, инновациялық үрдісіндегі субъектілер, оның инновациялық іс-әрекеттерін дамытудың дайындық деңгейінің негізіне байланысты болады.
- инновациялық үрдістің субъектісіне ғылым-педагогтар, оқытушылар мен басқа да білім беру саласындағы қызметкерлер жатады.
Алматы қаласы Спорт басқармасының «Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» жаңа типтік бағыттағы спорттық - инновациялық білім беру болжамдарына сүйене отырып, болашақта Қазақстан спортының халықаралық дәрежедегі беделiн, одан әрi арттырудың қажеттiлiгiнен спорт резервiн сапалы дайындау үшін, оқу - жаттығу сабағы мен кәсіптік орта білім беру пәндерінің сапасын жетілдіру барысында жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін әлемнiң алдыңғы қатарлы спортшыларының жаттығу үрдісiне кіргізілген, сапалы оқу-жаттығу сабағының медицина-биологиялық кешендерін ғана емес, сонымен қатар олардың дұрыс тамақтануы, демалуы, психологиялық даярлығы тәжірибесінен жинақталған жаңаша әдістерін жинақтап енгізуді қолға алу қажет. Сондықтан, осы аталғандарды іс - жүзіне асыру үшiн алдымызға мынадай мақсаттар қоюымыз керек:
- халықаралық дәрежеге сай жауап беретін спорттық инфрақұрылымды дамыту;
- оқу-жаттығу сабағына жаңа инновацияық технологияны енгізу;
- спорт саласын білікті жаттықтырушы-оқытушылармен қамтамасыз ету;
- спорттың оқу-жаттығу процесіне арналған ғылыми-әдістемелік тұрғыда оқулықтар, оқу құралдар мен нұсқаулар жазып даярлау;
- спорт резервiн, халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау жүйесiн жетiлдiру;
- сапалы резервтер дайындауда спорт кешені мен пән кабинеттерін жаңа талаптарға сай, материалдық-техникалық, спорттық құрал – жабдықтар базасымен нығайту және дамыту;
- спорттағы оқу-тәрбие процесі мен ғылыми зерттеу жұмыстарының жүргізілу деңгейін сапалы ұйымдастыру;
- спорттағы оқу-жаттығу процесін сапалы дайындау және өткізу;
- жаттықтырушы-оқытушы мамандарды білім жетілдіру курстарынан өткізу;
- халықаралық, республикалық дәрежеде өткізілетін дене мәдениеті және спортқа арналған конференциялар, семинарларға қатыстыру.
Мемлекеттік бағдарламадағы спорттық резервті дайындау саласының құжаттарына көптеген өзгерістер енгізуде, соның ішінде Қазақстандағы спортты білімдендіру мен жаңартудың стратегиялық бағыты, спорттық педагогика, спорттық психология және спорттық медицинаны толық дамыта отырып, спорттық дайындық бағдары бойынша спорт резервiн даярлау барысында оқу-жаттығу сабағының методикасы мен әдiстерiн үнемi жетiлдiріп отыру үшін спорттық инновация түрлерін қолданудың қалыптастыру жүйесін құру.
Олар: Спорттық-педагогикалық инноватика- бұл спорттық білімнің сапасын көтеру үшін, спорттық білім беру процесінде, отандық және шет ел тәсілдерін қолдана отырып, оқу-жаттығу процессіне жаңа әдістемелерін енгізу болып табылады. Спортшыларға техникалық және тактикалық дайындықта оқу-жаттығу сабағын өткізуде, төмендегідей оқу техникасының материалдық құрал - жабдықтар базасын: тренажерлер, үлгілер, бейнедәрістер, бiлiмде акпараттық- коммуникациялық технологияларды тиiмдi қолдану арқылы инновациялық технологияларды оқу-жаттығу процессіне енгізіп, компьютерлік интернет сайттар мен электрондық тақталарды пайдаланып жұмыс жасауды қажет етеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін оқу-жаттығу сабақ мазмұнының түрлерін, практикалық сабақ өткізуде қолданылатын әдістерді жаңартып отыру қажет, сол үшін оқу-жаттығу сабақ процесіне оқытудың инновциялық акпараттық- коммуникациялық технология, компьютерлік оқыту, ойын арқылы оқыту технологияларын енгізсе, спортшы-студенттердің спорттық шеберлігін, біліктілігі мен белсенділігін, спортқа деген қызығушылығын арттырып, берілетін жаттығулар сапасын жақсартуға, өз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға жағдай туғызар еді. Спорттық білім беруде оқу-жаттығу сабағын ұйымдастыруға арналған жаңаша бағдарда ғылыми-әдістемелік құжаттар, құралдар мен нұсқаулар жазылып енгізілуін қамтамасыз етсек, онда оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:
- спортшы-студенттердің спортта, оқу-жаттығу сабағында толық үлгерімін қамтамасыз ету;
- спортшы-студенттерге берілетін жаттығулардың көлем саны мен жүктемесінің сапасын арттыруға мүмкіндік беру;
- спортшы-студенттердің спорттық шеберлік нәтижелерін әділ бағалау;
- спортшы-студенттердің жарыс алдындағы, қорқыныш, мазасыздық, сенімсіздік сезімдерін жою;
- спорттағы дарынды балаларды дер кезінде анықтап, олардың спорттық шеберлігін дамытуға жағдайлар жасау;
- Республика, Азия, Олимпиада ойындарына қатысатын спортшы-студенттер арасынан чемпиондар (жүлдегерлер), жеңімпаздар санын арттыру.
Инноватика (жаңашылдық) - бұл гуманитарлық ғылым іргесі, жаңа бiлiм заңдылықтарын оқу-жаттығу үрдісіне енгiзу, оны іс-тәжірибе жүзінде игеруге үйрету болып табылады. Инновация ұғымы ағылшын тілінен «innovation», аударғанда «жаңалық енгізу» дегенді білдіреді. Спорттағы жаттықтырушы-оқытушылар, профессор-оқытушылар, тәрбиешілер, дәрігерлік орталық қызметкерлері өз мамандығы бойынша білімін жетiлдіру үшін, жаңа техникалық құралдармен жұмыс жасай алумен бірге, сондай-ақ спорт бiлiмiнің проблемалық мәселелерiн талқылауға арналған ғылыми конференциялар, семинарлар, курстар, On-Iine конференция, интернет-семинар, интернет-конкурс, интернет-форумдар, дөңгелек үстелдерге тұрақты түрде қатысып және ғылыми баяндамалар жасауы керек. Сонымен бірге интернетті қолдану арқылы инновациялық технологияларды оқу-жаттығулар процесіне енгізу, педагогикалық кәсіби шеберлігін жоғарылату үшін шебер – сынып (Мастер класс) ашу болып табылады.
Спорттық - педагогикаға, спорттық - психологияға, спорттық - медицинаға жаңа идеология қажет, ал біз бұны спорттық бiлiм беруді ғылыми тұрғыда жүзеге асыру деп қарауымыз керек. Біздің болашақтағы Алматы қаласы Спорт басқармасының «Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» спорт саласында алдына қойған спорттық инновацияның бағыты мынадай:
- әртүрлі жастағы спортшылардың техникалық, тактикалық дайындық шеберлігін жетiлдiру;
- спортшы-студенттердің спорттық нәтижелiлiгiн көтеру;
- спортшы-студенттерге арналған арнайы тамақтандыру бағдарламасын жасау;
- дәрі-дәрмектер мен физиотерапевтикалық емдеуді қамтамасыз ету;
- жаттығу нәтижесі мен жарыс құралдарының тиiмдiлiгiн жоғарылату;
- оқу-жаттығу процессінде әр түрлi құрылымдарды пайдалану;
- өткізілетін жарыс деңгейін жаңа заман жүйесіне сай жасау;
- спорттық білім беруші жаттықтырушы-оқытушыларды жаңалыққа баулу.
Спорттық педагогикалық бiлiм- бұл, спортшыларды дайындауда бiздiң жаттықтырушы-оқытушылардан, профессор-оқытушылардан, тәрбиешілерден спорттағы білім беру процессін жетілдіруде төмендегідей жаңа оқыту түрлерін қолдануды қажет етеді:
- Спортшы - студенттерге олимпиадалық қозғалыс бойынша бiлiм беру;
- Дене мәдениеті мен спорт тарихы;
- Олимпиадалық қозғалыс тарихы, спорттағы Олимпиадалық хартиямен, мәдениет пен бiлiмнiң өзара байланысы;
- Студент-спортшыларды - қазiргi таңдағы Қазақстан мен шетел тәжiрибесiндегі Олимпиадалық қозғалыс жетістіктермен таныстыру;
- Спорттық Олимпиада этикасын бекіту, қолдану;
- Спорттық Олимпиадаға арналған тақырып бойынша колледжiшiлiк пiкiрталастар, викториналар және де қазіргі Олимпияда чемпиондары мен ардагерлерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастыру;
- Алматы қаласы Спорт басқармасының «Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» құрылымындағы спорттық оқу-жаттығу сабағы мен кәсіптік орта білім беру саласының пәндiк байланысын жасау. Жоғарыда айтылғандардың барлығы, дене мәдениетi саласы шеңберiнде теориялық-әдiстемелiктің негiзiн құрайтын сұрақтарға байланысты, қоғам арасындағы адамдардың бір-біріне деген түсінігімен және дене мәдениетiн дамытуға бағытталған болашақтың жаңа үлгілері мен жалпы мәдениеттің негізгі болып табылады.
Жас спортшыларды дайындаудағы проблемаларды шешу негіздері:
- берілетін жаттығулар жиынтығына енгізілген макро, - мезо - және микроциклдарды үйлесімді жетілдіру;
- берілген жаттығу жиынтығы мен жарыс жүктемесінен кейін, спортшылар организмінің қайта-қалпына келуі процестерін бақылау үшін, қолданылатын спорттық педагогикалық және медико - биологиялық әдістерді өңдеу және енгізу;
- жаттықтырушы-оқытушылар мен студенттердің кәсіби білімін және біліктілігін жетілдіру.
Спорттағы жастарға инновациялық ұлттық спорт тәрбиесін беру дегеніміз- жаттықтырушы-оқытушылар, профессор-оқытушылар мен студенттер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты, ұлттық дәстүр мен жалпы адамдық мәдени құндылықтар негiзінде ұйымдастыра отырып, Қазақстан республикасының ұлттық сезiмдi патриот азаматы етіп тәрбиелеп шығару болып табылады.
Мақсаты:
- оқу-жаттығу сабағына енгізілетін жаңа технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы жаттықтырушы-оқытушыларды жан-жақты дамыту:
- кәсіби шеберлігін, біліктілігін, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани келбетін жетілдіріп қалыптастыру:
- оқу-жаттығу процесін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсету;
- спорттық ұлттық тәрбие процессінiң методологиясын жасау;
- спорттық ұлттық тәрбиенiң негiзгi мазмұндарын анықтау;
- Алматы қаласы Спорт басқармасының «Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» спорттық ұлттық тәрбиені іс-тәжірибе жүзіне енгізу үшін педагогикалық- ұйымдастырушылық жағдай жасау.
Міндеттері:
- спорттық оқу-жаттығу сабағының мазмұнын жаңарту;
- мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;
- спорттық ғылыми-практикалық жұмыстарға мән беру;
- оқу-жаттығу сабағының озық технологиясын меңгерту;
- оқу-жаттығу сабағы мен спорттық ұлттық тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу;
- спортқа дарынды балалардың жеке қабілеттерін аша білу;
- оқу-жаттығу сабағында акпараттық- коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану;
- жаттығу нәтижесі мен жарыс құралдарының тиiмдiлiгiн жоғарылату;
- әртүрлі жастағы спортшылардың дене дайындығы мен техника- тактикалық дайындық шеберлігін жетiлдiру.
Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Студентті білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс студенттерді кәсіптік-техникалық білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Олимпиада, Азия ойындары мен әлем чемпионаттарының, және басқада өткізілетін жарыстарға инновациялық жаңа өзгерістер жыл сайын енгізіліп тұруына байланысты, спорт саласы спорттық кәсіби шеберлігі мен біліктілігі жоғары жаттықтырушыларды, менеджер- ұйымдастырушыларды, заңгерлер мен медицина қызметкерлерін қажет етеді. Сол үшінде спорттық педагогика, спорттық психология, спорттық медицинаның сарқылас жасампаз бөлімі болып, болашақта, спортты әлем деңгейіне жеткізетін теориялық – білім берудің өзекті көптеген мәселелерінің шешімдеріне жауап беретін спорттағы инновация үлкен рөл атқарады.
Қолданылған əдебиеттер тізімі
1. Филин В.П., Фомин Н.А. Основы юношеского спорта. - М.: ФиС, 1985. - 255 с.
2.Платонов В.Н. Общая теория подготовки спортсменов в олимпийском спорте. - Киев: Олимпийская литература,1977. - 583 с.
3.Адамбеков Қ.И. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Алматы:2013.-250 б.