Мақсаты: Білім еліне саяхат арқылы балалар өтілген материалдарды қалай меңгергенін анықтау, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету. Жазбаша және ауызша есептеу қабілеттерін қызығушылықтарын анықтау, шапшаңдыққа баулу. Белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Өзгенің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Алдын – ала жұмыс:Өткен оқу іс әрекетті пысықтау.
Көрнекіліктер:Сандар, дыбыстық талдаулар.
Құрал:Слайд, музыка әуені.
Сабақ әдісі:Сұрақ- жауап, әнгімелесу.
Сабақтың барысы:Шаттық шеңбер
Балалар шеңбер болып тұрып , жүрекшемен бір-біріне беру арқылы жылы сөздер айтады.
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Күніміз шуағын әрдайым шашып тұрсын!
Барын бағалап, сый-қәдірін білген елдің келешегі кемел болсын!
Көк байрағымыз жоғарыда желбіреп тұрсын!
Нанымыз көп болсын.
Отбасымыз аман болсын.
Достарымыз көп болсын.Т.б
Балалар біз бүгінгі оқу іс әрекетімізбілім еліне саяхатқа деп аталады. Бірақ бармас бұрын ойымызды жинақтап ойын ойнап алайық.
Ойын: «Кім шапшаң?»
-Біз қайдан Республикада тұрамыз?
-Қазақстан Републикасында тұрамыз?
-Біз тұатын қала қалай аталады?
-Нұр-Сұлтан қаласы деп аталады.
-Біздің балалабақшамыз қай көшеде орналасқан? Және атап бер.
-Абылайхан көшесі 8/1 №7 «Аққу » балабақшасы.
-Тұңғыш ел басымыз кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-Ал президентіміз кім?
-Қасым Жомарт Тоқайов Кемелұлы.
-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
-Ту, Елтаңба, Әнұран
-Көк тудың ортасында не бейнеленген?
-Елтаңбаның астыңғы жағында қандай жазу бар?
Жарайсыңдар балалар олай болса енді менімен бірге білім еліне саяхатқа баруға дайынсыңдар деп ойлаймын.
Олай болса кетті.(музыка әуенімен орындыққа отырады).
(Балалар орындыққа отырады.)
Балалар қараңдаршы сыйқырлы тақтада не көріп тұрсыңдар?
Сұрақ белгісін көріп тұрмыз.
Дұрыс айтасыңдар олай болса бүгінгі тапсырмалар осы сұрақтардың артында жасырылған жауаптарын табайық.
(Табиғат әуенін тыңдау. Сурет көрсету).
1-тапсырма Қоршаған ортамен танысу
Қар еріп күн жылынып жатса жылдың қай мезгіліне тән құбылыс деп ойлайсыңдар?
-Көктем мезгілі
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін кім айтады?
-Күн ұзарып, түн қысқарады.
-Көктем тіршіліктің бастауы.
-Көктемде ұйқыға кеткен жануарлардың оянатын кезі.
-Көктемде жануарлар төлдейді.
-Көктемде құстардың туған жерлерінне оралады.
Жылы жақтан қандай құстар ұшып келеді?
(Қарлығаш, тырна, қараторғай, қаз, көкек , аққу, үйрек).
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Олай болса Көктем мезгіліннен кейін қандай мезгіл келеді?
Жаз ......
Күз......
Қыс .........
Ал сонымен бір жылда неше мезгіл бар екен?
Төрт жыл мезгіл бар.
Бұл төрт мезгіл табиғат құбылысына жатады.
-Ал олай болса Табиғат дегеніміз не?
Айналаны қоршаған орта.
-Табиғат нешеге бөлінеді?
Табиғат екіге бөлінеді. (Өлі және Тірі) табиғат
Өлі тірі табиғаттарды атап өту.
(Сұйық зат пен сусымалы заттарды атап көрсету.)
Жұмбақ:
Бірін -бірі қоштаған ,
Бір үйде көрдім
Қырық екі дос – жаран. (42әріп)
Сергіту сәті.
2-тапсырма «Сауат ашу»
Қолды алып шарды
Үрлеймін мен былай
Үрлеймін деп қатты
Жарып алдым шарды
Паһ-паһ –паһ
Балалар не естілді?
Дыбыс
Ал дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дыбыстар екіге бөлінеді
Дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар.
Дыбыс нені құрайды?
Сөз
Сөзден не құраймыз?
Сөйлем
Сөйлем деген не?
Сөйлем деген тианақты ойды білдіреді.
Сөйлемнің неше түрі болады?
Сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, хабарлы сөйлем.
Әріп дегеніміз не?
Әріпті оқимыз, жазамыз, көреміз.
Жалпы әріптердің жиынтығын не деп атамыз?
Алфавит
Кітап, қарындаш сөздеріне дыбыстық талдау жасау.(балалармен жеке жұмыс)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Санамақ видео
3- тапсырма «Математика»
«Кім есепке жүйрік»
1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау.
«Көршісін тап» ойыны (санды көрсетемін, сол санның көршілерін атау.
«Кеңістікті бағдарлау»
Бағдарлау арқылы кеңістікті анықтау.
Жеке жұмыс тапсырмаларды орындау.
Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар,балалар сыйқырлы тақтаға назар аударайық.
Жұмбақтарды жасыра отыра қай ертегілердің киіпкерлері екенін анықтау.
Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
Ертегі киіпкерлерін слайд арқылы жасыру.
Қорытындылау:
Жыл бойындағы өткен сабақтарды, ертегілнерді, санауды, сөйлем құрауды, буынға бөлуді, табиғатты қорғауды, өз қиалдарымен жеткізе біледі.
Жыл бойы өтілген білімдерін тиянақтау.
Достарына алғыс айту, және оларды марапаттау.