Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI839

Тәрбиеші-болу бір бақыт!

                                          Баланы бұзуға, түзетуге себеп болатын бір шарт-   жас күнде көрген өнеге.                

                                                                      Ж.Аймауытов


Балалар біздің ертеңіміздің айнасы.Біз дәл қазір қандай тәрбиес берсек балалар соны бойына сіңіріп алады,біздің кез-келген әрекетіміз ой-пікіріміз олар үшін өте маңызды рөл атқарады.Бірінші орында әрине ол үйдегі тәрбие, яғни ата-ананың,ата-әжесі сондай-ақ бауырларының көрсетер үлгісі болып табылады.Десекте баланың уақытысының көп бөлігі балабақшада өтетіндіктен оның кішкентай кезден бастап тұлға болып қалыптасуына әсер ететін ол біздер балабақшадағы тәрбиешілер және де балабақшадан кейін табан тірейтін мектеп ұстаздары.

Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Тәрбиеші күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды. Жаңа айтып өткенімдей бала қалыптасу кезеңіндегі ең маңызды сәттер ол- баланың бүлдірген кішкентай кездері.Көп ата-аналар бала әлі кішкентай көп нәрсені біле бермейді деп ойлауы мүмкін дегенмен бұл олай емес.Адам психологиясы кішкене кезден қалыптасатындықтан балаға айтылған әр-бір сөз өте маңызды.Балаңыздың жақсы адам әрі үлгілі тұлға болып қалыптасқанын қаласаңыз ең алдымен өзіңізді тәрбиелеңіз!Себебі бала үшін ең алдымен үлгі болар адам ол үйдегі ата-анасы.Қазір өзіңіз қандай болсаңыз, баланың көзінше өзіңізді қалай ұстасаңыз болашақта соның нәтижесін көретін боласыз.

Тәрбиеші болып істеген қаншама уақыт ішінде ешқашан осы мамандықты таңдағаныма өкінген емеспін.Өйткені бала деген ол-бақыт!Таңертеңгі жұмысым сол бақыттан басталатынына мен өте қуанамын.

Әр күн сайын тәрбиеші деп аты айтып тұрғандай мамандығыма сай болуға тырысып,әр баланың тілін тауып екінші анасындай болуға барымды саламын.Кей күндері  жұмысқа барар сәтте бойымды көңілсіздік торлап,көңіл-күйім болмай барған жағдайда алдымнан жүгіре шығып,мені қуантуға тырысатын балалардың арасында жүріп өзге мәселелерді ұмытып та кетемін. Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады.

Пәк көңіл балаларыммен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр педагогтың бақыты деп ойлаймын.

Тәрбиеші мамандығының қызығы мен қиындығы қатар жүреді, себебі біз әр баланың өміріне жауаптымыз.  Бірақ мен өз мамандығымды сүйгендіктен, одан ләззат аламын, бақыт табамын. Тәрбиеші болу-айтуға оңай шаруа болғанымен ,бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар ,осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді.

Әрбір оқу әрекеттерім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын. Әр күннің сәтті шығуы, әрине өзіме байланысты.Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Өз педагогикалық тәжірбиемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу іс - әрекетіне аударту, баламен оқу іс - әрекеті үстіндегі әрбір қарым - қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр.

«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік.

239 0
Арай Менгельбекова, «Көркем»балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серікткстігінің тәрбиешісі Ұлы Дала Ұстазы № 001003
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: