Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI836

Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту

    XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – бастауыш сатысы ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала бастауышта ұстазының шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде  ойын әдісінің маңызы көп. Ойын дегеніміз — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.

Бастауыш мектеп жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді.

Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады.

  Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Ойын түсінігі Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты.

     Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

      Бастауыш сатысында ойын әрекетінің маңызы
 Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды.

       Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет
 Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. 

         Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық, ұлттық ойындар
 Осыдан келіп ойын туралы мынандай  тұжырым   жасауға болады:
 -    ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді  тәрбиелейді.
 -    ерік жіне мінез  қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны  жетілдіреді.
 -   ұжымдық сезім  әрекеттері өсе түседі.
 -    эстетикалық тәрбие беру -  өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
 -    еңбек тәрбиесін беру  мақсаттарын шешуге мүмкіндік  береді.  
 -    дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
 Ережелі ойындар

Шығармашылық ойындар- қимыл-қозғалыс ойыны; - ермек ойыны;

- дидактикалық ойыны;

Сөзімді қорытар болсам ойын баланың болашағына жол ашушы құрал, сонымен қатар өзін еркіндікке тіл табысуға, ерік-жігерлі болуға үйретеді. Сабақта да ойынмен қызықтыру арқылы тапсырмаларды тез орындап, қызығушылықпен қатысуға жетелейді.

241 11
Бикирова Гулим Ақтөбе қаласы №77 Жалпы білім беретін орта мектеп КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 001000
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Керемет
1 декабря 2021 12:25
Керемет жүйелі жақсы жазылған. Сабақта пайдасы көп
Керемет
1 декабря 2021 12:26
Керемет,
Жақсы ой жазылған мақала жұмыс барысында пайдасы зор
Керемет
1 декабря 2021 12:26
Цитата: Керемет
Керемет,
Жақсы ой жазылған мақала жұмыс барысында пайдасы зор
Сандугаш
1 декабря 2021 12:50
Сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін. Мақала жүйелі, керемет жазылған
Дархан
1 декабря 2021 12:53
Өте жүйелі жасалған жұмыс. Сәттілік!!!
Guldana
Guldana
1 декабря 2021 13:06
Рахмет пайдасы көп екен
Данагул
1 декабря 2021 16:46
Керемет! Сәттілік тілеймін 🙌😘
Anargul
Anargul
1 декабря 2021 19:00
Сәттілік. Шығармашылық табыс тілеймін
Жұлдыз
1 декабря 2021 19:04
Өте тамаша! Сауатты, білімді оқушыларыңыз көп болсын 👍🏻
Бибіжамал
1 декабря 2021 20:00
Еңбегің еленіп,жемісін көре бер, керемет,әруақытта биіктен көріне бер
Айбану
2 декабря 2021 00:08
Мақалаңыз ұнады, өзіндік ой-пікіріңізбен бөліскеніңізге көп рахмет.
Шығармашылығыңыз тек биікке өрлей берсін, сәттілік!