Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI834

Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту

“Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп,отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де тоқтайды. ”деп педагог

К.Ушинский

Әлеуметтік өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты білім беру жүйесінде де түрлі өзгерістер туындауда.Білім берудегі жаңа құндылықтарға орай,өзінің алдына оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, олардың білімді өз бетінше алу және алған білімді қолдана білу дағдысын қалыптастыру міндеттерін жан –жақты. Оқушылардың ана тіліндегі жазбаша сөйлеу әрекетін қалыптастыру болып табылады . Шығармашылық педагогикасына арналған зерттеулер мен еңбектерді талдай отырып,оқушыларға тән шығармашылық қасиеттері қалыптасуы.Оқушылардың шығармашылыққа бағытта оқушылардың ана тіліндегі жазбаша сөйлеу дағдыларын шебер меңгереді,олардың өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасып,шығармашылық қабілеттері жетіледі.Білім беру жүйесінің алдында оқушыны сыни ойлануға үйрету,қоршаған ортасын зерттей тани білуге ,қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы өз бетімен шешуге белсенді тұлғаны қалыптастыру .Осыдан келіп,оқушылардың танымдық белсенділігін ,ізденімпаздық және оны ұйымдастыру нәтижесін көру танымдық қанағаттану сезімін тудырады.Шығармашылық әр кезеңінде оқушы бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады.Жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген ілтипат,шығармашылыққа деген күдік ,шығармашылыққа елес-қиял орын алады.Әрине,шығармашылыққа жұмыстың түріне,мақсатына қарай дамып отырады.Дей тұрғанымен ,тұтас алғанда ,әр оқушының бойындағы табиғи,қайталанбас ерекшеліктерімен көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғайып үлгісін құрайды.Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі.Өз мүмкіншілігіне сенімділік.Өзін –өзі жақсы сезіну,жақсы әлеуметтік пен зейінін тұрақтауға жоғарғы қабілетке қарайды.Барлық нәрсеге үлкен қызығушылық қарауы.Шығармашылық қабілетте тұрақты қызығушылық белсенділік пен ізденістер нәтижесіне жетуге деген іс-әрекетіне байланысты.Сонымен,адам әрекетінің шығармашылық деңгейі оның ішкі қажеттерінен, танымдық қызығушылығы мен белсенділігінен пайда болуы және дамуына адамның алдында айқын мақсат қойып,әрекет үстінде белсенділік,дербестік көрсетуге мүмкіндік болуы.Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда сыныптан тыс,жеке ,ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой,пәндік

апталықтар мен ғылыми –шығармашылық жобалар,үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор .Сондай-ақ ,сайыстар,көркемөнер,көрмелер,түрлі шығармашылық кештер оқушының ізденіс қабілетін ұштап,дербес оң нәтиже жетуге ықпалын береді.Қабілет әрбір балада болатын қасиет,олар өмір сүру барысында дамып отырады.Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз-өзіне баға бере білуі.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін деңгейіне қарай топтау,бағдарлама беру,оқулықтарды зерттеп,талдау.Оқушының ең әуелі іс-әрекетіне деген көзқарасы өзгеріп,танымдық белсенділігі артады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері, пәнге деген қызығушылықтары артады. Жоғарыда айтылған мәселелерді түйіндейтін болсам, қызығушылық пен белсенділік үнемі артып отыру арқылы қабілеттің көптеген қырларын қалыптастыруға болатындығы айқын көрінеді. Мысалы ашық сабақтарымда ұлттық ойын түрлерін көрсету арқылы оқушының өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттырамын. Наурыз айында өткізілген «Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» атты мектепішілік ашық тәрбие сағаттары сайысында І-ші орынды иеленуіміз сол ұлттық тәрбие берудегі еңбегімнің белестері деп білемін. Оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік шаралар арқылы да қалыптастырудамын.Әр ұстаз оқу - тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетеріміз сөзсіз. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады.

1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.

2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.

3. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды есепке алып зерттеу.

4. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.

5. Мұғалім алдына қойған мақсатқа қол жеткізу үшін жасалатын жұмыстардың нәтижелілігі.

Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан - жақты дамыған, ұлтжанды, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Бастауыш сынып оқушыларының жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылығы басым болады. Ондай істер баланың ақыл - ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.Балаға білімді үйретуден жалықпайтын тынымсыз еңбекқор жанмын. «Елдің тірегі,мектептің жүрегі»бола білетін ұлағатты ұстазбын. «Білім Жолы Нұрлы Жол»тақырыбымен тұрақты өткізілетін ақпараттық бойынша материал жарияладым.Астана қаласының жиырма жылдығына орай білім беру ұйымдары арасындаөткен «Астана елімнің жүрегі-тәуелсіздік тірегі»атты республикалық олимпиадасының «Үздік жоба номинациясы бойынша»жинағы кітабына шығармаларым жазылды.Қалалық танымдық әдеби –көркем журналына көптеген мақалаларым бар. Сыныптан тыс шығармалар мен мақала жазумен және шығармашылық педагог болуға жұмыстанып жүрмін.

197 0
Таңжарық Бегендікова, Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектетің бастауыш сынып мұғалімі,шығармашылық педагог Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы,Қызылсай ауылы. Ұлы Дала Ұстазы № 000385
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: