Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI831

Ұлы тұлғалар

Мазмұны:

Кіріспе....................................................................................................................................4

Түсініктеме хат......................................................................................................................5

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі..........................................................................................6

Нормативті бөлім...................................................................................................................7

Элективті курстың күнтізбелік жоспары.............................................................................8

Ақпараттық бөлім...................................................................................................................9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................................10

Оқушыларға арналған әдебиетттер тізімі............................................................................10

 

 

Кіріспе

       Ұлан байтақ Қазақ даласының көгінде мәңгі-бақи сөнбес жұлдыздар болып жана беретін нағыз дүлдүлдер туралы мағлұматтар «Аңыз адам» журналында нақты көрсетілген. Журналда біздің еліміз бен түркі дүниесінің, қала берді, бүкіл адамзат әлемінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер – даналар мен тарих доңғалағының қай бағытта дөңгелеуін белгілеген Тәуке хан, Абылай хан және Әбілқайыр хандар сияқты қарама қайшылықты тұлғалардың да аласапыран тағдыры, заманалар көшінде алатын орны жан жақты көрсетіледі.

      «Қазақ «сынықтан басқаның барлығы жұғады» дейді. Жас жеткіншектердің бойына жұқса дәл осындай біртуар азаматтардың ең жақсы қасиеттері жұқсын, Құдай берсе осылардың жолын берсін! Сондықтан, оқушы кішкене бірдеңе оқыса да уақыт тезінен өткен таңдаулы шығармаларды оқысын, әйтпесе бүкіл адамзат мойындаған ұлы адамдардың ұлағатты өмірінен оқып үйренсін.

       Оның бергі жағында, жас ұрпақтың ұлы тұлғаларға ұқсап өсуіне бәріміз бірдей ат салысуымыз керек. Сонда ғана Қазақстанның әр баласы өзге елдің жүз баласына татитындай біртуар азамат болып өседі. Сонда ғана Қазақ елі дамыған елу елдің емес, ең үздік жеті елдің қатарына енеді.

       Ендеше, ұқсасаң – ұлыларға ұқса, жас жеткіншек!»

       Абай айтпақшы:

                    «Болмасаң да ұқсап бақ,

                    Бір ғалымды көрсеңіз.

                    Ондай болмақ қайда деп,

                    Айтпа ғылым сүйсеңіз...»

        «Мен қалай Абайдай Хәкім боламын, Нұрсұлтандай Елбасы боламын?» деп, олардың жүріп өткен өмір жолдарын қайта – қайта оқып, жадында мәңгі сақтайды деп үміттенемін.

       Сондықтан да, өз халқымыздан шыққан ұлы азамат, жалынды патриот, данышпан ғалымдардың ұмытылмас есімін зор құрметпен атаймыз, сұйіспеншілікпен еске алып, мақтан етеміз.

 

І – бөлім.

Түсініктеме хат

     Элективті курстың мақсаты – оқушылардың қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар туралы білімдерін тереңдете білу, патриоттық ұғым, сезім, сана, рух қалыптастыру, қиялын ұшқырлап, қызығушылығын ояту, қайсарлыққа, өжеттікке, өнегелі іске ұмтылуын бағыттау, жеке тұлғалық қасиеттерінің: адамгершілік, еңбексүйгіштік, табандылық, ойшылдық, зейінділік, талаптылық, ізденімпаздық, Отанды, елді, атамекенді, тілді қорғаушы және тағы басқа да жақсы қасиеттерге шыңдалуына ықпал ету.

Міндеттері:

- ұлы тұлғалардың мемлекеттілікті орнықтыруға қосқан үлесін саралау;

- оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру;

- ұлы тұлғалардың тарихтағы өзіндік орнын білдірту;

- олардың халқына істеген істерін үлгі ету;

-патриоттық ұғым, сезім, сана қалыптасуына ықпал ететін факторларға және деректі материалдарды (қазақ батырларының бойындағы қаһармандық қасиеттердің жиынтығын, азаматқа тән адамгершілік қасиеттерін сипаттайтын поэмалар, өлең – жырлар, Ұлы Отан соғысының батырлары жөніндегі естеліктер, әңгімелер, көркем әдеби шығармалар т.б.) негізге ала отырып, олардың ерліктерін мазмұндау.

     ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған шақта тәуелсіз Қазақстан дүниежүзілік білім кеңістігінде өз орнын айқындауды, еліміздің экономикалық, саяси, мәдени, дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп  шығаруды мақсат етіп отыр.

     Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халыққа Жолдауының «Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік Қазақстанды құрудың маңызды факторлары» бөлімінде былайша көрсетілген: «...біздің Отанымызға, көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымызға деген заңды мақтанышымызға, біздің балаларымыздың келешегінің кемелдігіне деген зор сенімімізге негізделген жалпы қазақстандық патриотизміміздің берік ірге тасы сомдалады». Көне тарихтан халық өзінің ерік-жігерін, ақыл – парасатын, қажыры мен қайратын биік мұрат жолындағы жасампаздық істерге жұмылдырған кезеңдерге ұлы тұлғаларымыз небір қиындықтарды еңсеріп, дамудың ғажайып асқар биігіне  көтерілгенін көрсеткен.

     Бүгінгі күні алдыма қойып отырған басты талабым – ұлы тұлғаларды оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, тарихи теориялық білімдерін одан әрі тереңдету. Ұлы тұлғалардың өмірінен, олардың ерлік – істерінен және халқына істеген істерінен үлгі алу, туған елін, Отанын сүю, құрметтеу сөздерімен тәрбиелеу.

     Қазақ тарихындағы ұлы тұлғаларды оқыту арқылы жас жеткіншіктердің патриоттық санасын, біліктілігін, шыдамдылығын, алдына қойған мақсатына жетуін, яғни олардың алдағы өмірінде қоғамның табысты болуына көмектесетін қасиеттерді қалыптастыру.

     Адамның жаны, ақыл – ойы мен патриоттық сана – сезімдер бірлескен жағдайда ғана патриотизм  мәселесі туындаған проблемаларды шешуге ұмтылады және өз өмірін рухани жағынан толықтырып отырады.

     Ұлы тұлғалардың шығармаларында көшпенділер болмысы мен дүниетанымы, адамгершілік өмір мәселелеріне байланысты туған адам, қоғам, табиғат, өмір, ерлік тақырыбы кеңінен орын алғандығын, әрі патриоттық тәрбие проблемасына қазақ қоғамының барлық даму кезеңдерінде аса мән берілгендігін көреміз.

     Сондықтан, ұлы тұлғаларымыз рухы биік, намысы мен жігері берік халқымыз қандай қиыншылық пен қасіреттерге кездессе де, түбінде қайта түлеп, іргелі ел болатынына, біртектестігін сақтап қалатынына сенген. Қоғамдық – гуманитарлық бағыты бойынша оқитын 10 сыныпқа арналған «Ұлы тұлғалар» атты элективті курстың бағдарламасы 34 сағатқа арналып жасалды. Жалпы бағдарлама «Аңыз адам» журналының негізінде құрылды. 

 

ІІ бөлім.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі.

       Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» бағдарламасында қоғам бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың білімді әрі ғылым негіздерін меңгерген ұрпақ болуын талап етеді.

       Өкінішке орай қазіргі қолданылып жүрген оқулықтардан ұлы тұлғаларды сипаттайтын материалдың аздығын көре отырып, оның аз ғана тақырып көлемінде шектелгендігін және көмекші құралдардың аздығы қынжылтады. Сол себептен ұлы тұлғалар туралы біраз еңбектер жинастыра отырып, элективті курс ретінде терең оқытуды жөн көріп отырмын.

       Оқушылар ұлы тұлғалар туралы мәліметтерді мектеп қабырғасында біліп шыққандары пайдалы болады. Оған қазір толық мүмкіндік бар.

       Бұл элективтік  курстық жұмыста оқушыларды шығармашылыққа үйретуге болады.

       Элективті курстың ерекшелігі оқушылар тек қана ұлы тұлғалар туралы мәлімет ала қоймайды, сонымен қатар, терең негізгі білім алады, курсқа деген қызығушылықтары артады.

       «Ұлы тұлғалар» атты элективті курсты оқытуды іс жүзіне асыру мұғалімнің құзіреттілігін талап етеді. Шәкәрім: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олардың барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» деген екен. Ол бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап – ақ тәрбиелейді – деп есептейді. Құнды қасиеттерге баулу – туған кезден басталса керек. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.

         Бағдарламаның мазмұндық бөлімі: әр тақырып бойынша оқу материалының мазмұнын анықтайды.

        Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақталған мәдениеті, білім, ақыл – парасаты, таным – түйсігі, зердесі, арман – қиялы оның мәдени мұраларында көрініс табады. Оқушыларға ұлы тұлғаларды оқыту арқылы патриоттыққа тәрбиелеуде осы тарихи мұралар, ескерткіштер мен ұлттық тәрбие негіздерінің алатын орны зор.

        Тарихи, мәдени мұралар ескерткіштерді мынадай топтарға жіктейміз: тарихи ескерткіштер, археологиялық ескерткіштер, сәулет ескерткіштері, өнер ескерткіштері мен құжаттық ескерткіштер. Осы элективті курс осындай тарихи, мәдени мұралар мәнділігімен, мазмұнының ауқымдылығымен ерекшеленеді.

       Қазіргі жаһандану үдерісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық тәрбие, ұлттық мүдде, ұлттық рухты сақтап қалу үшін оқушыларды рухани асыл мұраттарға қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар және тағы басқа қасиеттерге тәрбиелеу аса маңызды іс. Халқымыздың ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлеуге, имандылық, адами, патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерге баулуымыз «Ұлт тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің дәлдігін айқындайды.

        Ұлы тұлғаларды оқыту негізінде оқушылар өз бойларына келесі қасиеттерді сіңіре алады:

Отанын, туған жерін, халқын, тілін, дінін, тарихы мен мәдениетін құрмет тұта білетін;

қазақ ұлтын әлемге танытуға рухани игіліктерді жасауға ұмтылушылық;

қазақ халқының өнерін сүюі, алдына қойған мақсат – мүддесін жоғары қоюы;

өзіне және өзге де адамдарға, отбасы мүшелеріне, ата – анасына, тума – туысқандарына, туған жеріне, патриотизмі, адамгершілігі жоғары;

патриоттық   тақырыптарға ән, жыр, күйлерді ынта қойып тыңдайтын;

 қазақ халқының тарихи жерлерін, батыр ұл – қыздары жөнінде материалдар, шежірелерді білуге жинақтауға белсенділік көрсететін;

мемлекетіміздің рәміздерін қасиет тұтатын, оның мәні мен маңызын жете түсініп, қорғай білетін;

патриоттық сана – сезімі, намысы, мінез – құлқы, дүниетанымы қалыптасып жетілген;

ерлікті, үлгі- өсиетті қастерлеп, өнеге тұтатын азамат болады.

 

 

ІІІ бөлім

Нормативті бөлім.

      Оқушылар «Ұлы тұлғалар» атты элективті курсты оқу барысында:

халық батырларын, қоғам, өнер қайраткерлері мен халықтың дара тұлғаларын білуі тиіс;

тарихи орталықтар, көшелер мен алаңдар, тарихи орындарды білуі тиіс;

өз халқына, Отанына, отбасына қарым – қатынастағы жауапкершілігін қалыптастыруды меңгеруі тиіс;

ұлы тұлғалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, олардың ұрпаққа қалдырған рухани байлықтарын меңгеруі тиіс.

 

 

IV бөлім

Ақпараттық бөлім.

       Қоғамдық – гуманитарлық бағыты бойынша оқитын 10 сыныпқа арналған «Ұлы тұлғалар» атты элективті курсты оқыту барысында оқушыларды шығармашылыққа баулу, олардың тілін дамыту курстың барлық мазмұнымен үздіксіз байланыста жүргізіліп отырады. Сонымен қатар оқушылардың тіл байлығын молайтуға, олардың жеке қабілетін дамытуға жетелейді. Тіл дамыту жұмыстары, негізінен, қазақтың тарихы, әдет – ғұрпы, көркем – әдебиеттің классикалық үлгілерімен ұштастырыла жүргізіледі.

        Сабақ барысында, оқушылар өз бетімен орындайтын жұмыстарда, шығармашылық тапсырмаларда оларды әдебиет теориясын меңгеруге, оларды кеңінен пайдалана білуге үйрету қажет.

        Оқушылардың білімдік деңгейіне қойылатын талаптар:

ұлы тұлғалар жөніндегі негізгі мағлұматтарды білу;

ұлы ойшылдар мен қазақ ғұламаларының негізгі идеяларын атау.

Сонымен бұл элективті курс:

оқушының сана сезімі мен рухани жан дүниесін дамытады;

ғылыми дүниетанымын қалыптастырады, оларды осы заманғы ғылыми біліммен  қаруландырады;

оқушыларды логикалық тұрғыда дұрыс ойлай білуге үйретеді;

оқушыларды өз көзқарасын, пікірін дәлелдеп, қорғауға үйретеді, белсенді өмірлік позициясын қалыптастырады;

«Ұлы тұлға» атты элективті курстың құндылығы:

оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады;

оқушы деректермен жұмыс істейді;

ізденеді және өз ісіне жауапкершілікпен қарауды үйренеді;

оқушының өзіндік көзқарасы мен танымы қалыптасады;

зерттеу жұмысын жүргізеді

сөйлеу мәдениетін үйренеді.

     Халықта: «Шайнап берген ас болмас» - деген мақал бар, сондықтан материалды оқушыға дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай, танымдық қызығушылығын арттыратындай әдіс тәсілдерді аламын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

«Аңыз адам» журналы. №6, 7, 9, 11 (2010 ж). №3, 6, 8, 12, 15, 16, 22, 23, 24        (2011 ж). №1, 2, 15, 24 (2012 ж). №5, 7 (2013 ж).

Т. Сұлтанов. «Қазақ хандығының тарихы». Алматы, «Мектеп», 2008.

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1, 4 том. Алматы, «Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы», 2005.

Т. Сүйінбай. «Тұңғыш қазақ  ғарышкері». Ғұмырнамалық эссе. Алматы, «Құс жолы», 2004.

С. Ақсұңқарұлы. «Алашым менің – аспанда». «Орталық Қазақстан», 2011-8-14 сәуір (№14).

Шоқан Уалиханов. Көп томдық шығармалар жинағы. 4-том. Алматы, «Толағай групп», 2010.

«Ұлы дала мемлекеттері». Ғылыми кеңесшісі З. Қинаятұлы. Алматы, «Аруна», 2010

«Қазақстан». 1-2 том. Алматы, «RUAN», 2005

Б. Кенжебаев. «Асау жүрек». Алматы, «Жазушы» 1975

Б. Кенжебаев. «ХХ ғасыр басындағы әдебиет». Алматы, «Білім», 1993

 

 

 

Оқушыларға арналған әдебиетттер тізімі:

«Ғасыр сазын тербеген» (Нұрғиса Тілендиев туралы естеліктер). Алматы, «Білім», 2007.

С. Жолдасбайұлы. «Ежелгі және орта ғасырлардағы қазақ елінің тарихы». Алматы, «Кітап», 2012

Ш. Құдайбердіұлы. Өлеңдері мен поэмалары. Алматы, «Рауан», 1990

Білгің келсе алдымен зертте мені. Алматы, «Сарыжайлау» қоғамдық қоры, 2010.

А. Жұбанов. Ғасырлар пернесі, Алматы, «Жазушы», 1975.

 

 

353 0
Балдырған Наметбаева №7 мектеп-гимназиясы КММ-нің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тараз қаласы Ұлы дала ұстазы № 000960
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: