Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.
Д.И.Менделеев
Сыныптай тез жылжыған уақытпен тез өзгеретін заманда қоғамына сай тұлға тәрбиелеу –мұғалімнің басты міндеті. Шәкіртін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік бағытта тәлім-тәрбие беріп, бойына жақсы қасиеттерді дарытуда мұғалімнің еңбегі зор.
Ата – ана, ұстаз, қоғам осы тәрбиенің үш мектебі адамның құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіріп, оны бақытты етіп, қоғамға мейірбан нұрын шашады. Адам бойына қандай да бір бейімділік белгілерін егуді емес, оны адамгершілігі тұтас тұлға етіп тәрбиелеуді, тұрақты ізгі қасиеттерін қалыптастыруды көздейді. Адамның кім болмағы, қандай болмағы ата - ана, ұстаз бен қоғамға ғана тәуелді емес, алдымен ол адамның өзіне байланысты деп ойламын. Жақсы қасиеттер кез - келген адамның жан дүниесінен табылады. Тек оны уақытымен анықтап, өрісін кеңейте білу керек. Адам бойына дарыған қасиеттерін тану барысында келешегіне болжам жасай алады. Әрине, бала дүниеге келісімен өзін - өзі тануға икемсіз. Сондықтан баланың «Менің» қалыптастырып тәрбиелеуге ата - ана да міндетті.
Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата - анасынан алады. Әркім өзінің баласын адам болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді болғанын қалайды. Еңбексүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп тілейді. Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын - ата - ананың өзі.
Ұстаз-әмбебап, білімдар, салауатты маман иесі болса, шәкірт-ұстазының ұлағатты іс-әрекетін үйреніп, одан білім алушы, жаны жақын, болғандықтан, шәкірт онымен ашық-жарқын, жасқанбай пікірлесіп, ойын ашық айтса, ұстаздың көңілі көтеріліп, шәкіртіне сырын ашып, арман биігіне жетелейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелік көбіне ұстазға байланысты. Нағыз ұстаз ғана салуатты да саналы, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады.
Республикамыздың білім беру жүйесі де қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп келеді. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
Қазіргі жағдайда менің өз тәжірибемде, өз пәнімде оқушыларды шығармашылық ізденіске жетелеу жолдарының бірі:
1. Ең алдымен физика сабақтарында әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім болу керек.
2.Оқушының білім сапасын шығармашылық ізденіске жетелеу көп ізденіп, оқу жүйесін көтеру негізгі мақсат деп есептеймін.
Осы орайда, менің оқушыға қояр талабым:
- қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
- ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
- алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
- физика сабағында формулаларды дұрыс игеріп,тарауларды ажырата білу;
- факультатив,үйірме сабақтарында алған білімдерін теория мен практика жүзінде ұштастыра білу;
- өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;
- басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу,
- осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет,электронды пошта, қоғамдық желілер);
- қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін анықтай білу;
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден оза жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып тұруы тиіс.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Ұстаздың жаңа қоғамдағы орны белгілі бір өлшеммен еңбек еткенде көрінетін жеңіл жұмыстың нәтижесі емес,ол қашанда қобалжуды қажет ететін, қашанда түпкілікті нәтиже-тұлға жетістігін, қалыптасуын көруде көп еңбек пен маңдай тер әрі шыдам мен сабырлылықты қажет ететін, қателікті кешірмейтін еңбектің нәтижесі.
Қазіргі қоғамдағы мұғалім қазіргі уақыт ағымына лайық өзінің де білім беру ісін рухани дамыта отырып, инновациялық ізденіспен жұмыс істеп, білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болуы керек.
Заманауи технология мен жаңа әдіс-тәсілдердің заманында өмірдің заңы -даму, ілгерілеу, озу болса, менің ұстаздық жолдағы мақсатым – білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу, сапалы білім беру, ғылымды дамыту.