Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол - тәуелсіз Қазақстан. Әр адамның өз елі және өз тілі болады. Әр адам өз елі мен өз тілін құрметтейді және мақтан етеді. Менің елім мен жерім - Қазақстан. Биыл 2021 жылы Тәуелсіздік алғанына 30- жыл толатын еліміздің әр күні шаттыққа толы. Осы азат күн үшін ата - бабаларымыз, аға - апаларымыз қаншама қан мен тер төкті. Тіпті тіліміз бен дініміз жоғалып кете жаздады. Қаншама адам аштан қырылды. Ал 1986 жылы желтоқсанда жастар азаттық туын көтерді. Бізге Тәуелсіздік міне, осындай қиындықтар арқылы келді. Біздің елімізде көп ұлттық өкілдері тату - тәтті өмір кешіп жатыр, қазақтар ешуақытта басқа ұлттардың өкілдерін жатырқаған емес. Көптеген ұлттар біздің салт-дәстүрімізге қызыға қарайды. Расында да, біздің ата - бабаларымыздан қалған дәстүрлеріміз адамдарды ынтымаққа , бірлікке шақырады. Біз – біртұтас елдің ұланымыз. Қазақстан – қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. “Отаның – алтын бесігің” дейді халқымыз. Сол себепті басынан қандай қиындық замандар өтсе де , ата – бабаларымыз жерімізді ешкімге бермеген. Халымыздың осы бір қасиеті біздің жанымызға ана сүтімен тарап, ақ нанымен бекуге тиіс. Биыл тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлағалы отырған осындай Отанымыз бізге оттан да ыстық. Ақтөбе қаласындағы №34 “Таңшолпан” мектепке дейінгі балабақшасында Тәуелсіздік мерекесіне байланысты көптеген іс – шаралар өткізіледі.
“Елбасымен 30 - жыл”, “Тәуелсіздік тұғырым” т.б. Сонымен қатар барлық топтарда “Тәуелсіз – елім, мақтанышымыз” атты сурет көрмесі ұйымдастырылып отырады. Осы сурет көрмесінде балаларға қатысқандары үшін алғыс хаттар мен дипломдар табысталады. Біздің балабақшамыз Тәуелсіздік мерекесіне байланысты барлық топта ұйымдастырылған ашық – оқу тәрбие сағаты сонымен қатар ертеңгіліктер өткізіледі. Өткізілетін іс – шаралардың мақсаты: бүлдіршіндерді өз елін, туған жеріне, Отанын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу, баулу болып табылады. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болдық. Егеменді көпұлтты ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Қазақстан қазірде дүние жүзінің көптеген елдерімен байланыс орнатып , бүкіл әлем таныған елге айналды. Тату – тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халықпыз. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтануға тұрарлық. Жері көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Қазіргі уақытта Қазақстан күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Құс ұясыз болмайтындай адам Отансыз болмайды . Әрбір адам бала кезінен “Қазақстан - менің Отаным , оның мен үшін жауапты екені сияқты , мен де ол үшін жауаптымын” деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн. Сондықтан өсіп келе жатырған бүлдіршіндердің бойына өз отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру , тәрбиелеу болып саналады . Балалар біздің болашақ Қазақстан азамат , азаматшалары. Қазақстан – қазынаға бай ел . Біздің Қазақстанның табиғаты өте сұлу , көркем. Биік – биік асқар таулар , мөп – мөлдір көлдер бар , неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі . Қазақстан жерінде аңдар мен құстардың түрлері жеткілікті . Тәуелсіз Қазақстанымыз осы 30 жыл ішінде көптеген жаңалықтарға , жетістіктерге жетіп отыр . Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы . Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып , тарихымыз түгелденіп , тіліміз, дініміз қайта оралып , мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды . Егемендіктің еркін жалауы көк аспанда желбірегеннен бері еліміздің оң – солы түзеліп , береке – бірлікте , тату да тәтті ғұмыр кешіп келеді . Қазір Тәуелсіз Қазақстан - үлкен мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған мемлекетке айналды . Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан өсіп келе жатырған өскелең ұрпақтарымызға Тәуелсіздікке 30 жыл мерекесі туралы түсініктерін молайтып , Еліміздің рәміздері , қалалары , ана тілі жайлы білімдерін қалыптастыру болып табылады . Туған жер , туған ел туралы ой – өрістерін дамыта отырып , өз отанына туған жерін сүюуге, ана тілін құрметтеуге рәміздерді қастерлеуге баулып , тәрбиелеуді жалғастыра түсу. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де , маңызы да зор . Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп , тілімізді, дінімізді қайта оралттық . Ендігі біздің мақсатымыз тәуелсіздікті болашақ ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру. Тәуелсіздіктің 30 –жылдық тойына әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы тиіс. 30 – жылдық – елдіктің , егемендіктің , кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналуы тиіс . Тәуелсіз елдің жарқын болашағы – бүгінгі жас ұрпақ . Сондықтан да егемендік алған алғашқы жылдардан бастап , күні бүгінге дейін ұрпақ тәрбиесіндегі ұлағатты істі ұтымды ұйымдастыру мәселесі назардан тыс қалған емес . Тәуелсіздік мерекесіне орай республикамыздың түпкір – түпкіріндегі балабақшаларда өткізілетін ертеңгіліктер , ашық тәрбие – сағаттары , танымдық сабақтар болып саналады . Мерекелік ертеңгіліктерде балаларды білімге , өнегелі тәрбиеге, патриотттық сезімге баулу болып табылады . Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен , жақсылықтарымен Сенім мен Үміт , Бақыт арқалап келе жатырған жақсы мерекемен құттықтаймыз . Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар . Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді . Қазіргі Қазақстан – көп елдермен терезесі тең , елдік рәміздері анық , мәртебесі биік мемлекет . Тәуелсіз еліміздегі жетістіктеріміз көп , бейбіт өмір мен тыныштығымыз баянды болсын ! Ұлттық рухымызды бірге көтерейік ! Тек қана алға Тәуелсіз Қазақстан ! Тәубе! – делік . Елімізде тыныштық , халқымыз аман , аспанымыз ашық болсын! Тәуелсіздік 30 – жылдық мерекеміз құтты болсын!!!