Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI823

Мектепшілік бақылау жүйесі – сапалы білім, жоғары нәтиже негізі

Мектепішілік бақылау – басқарудың негізгі функциясы екені белгілі. Бұл жөнінде белгілі педагог Конаржевский былай деген екен: «Мектепішілік бақылау дегеніміз –   басқару функцияларының ішіндегі ең негізгісі болып табылады. Ол талдау және мақсат қою функцияларымен тікелей байланысты, өйткені талдаусыз берілген мәліметтің мәні болмайды, ал мақсатсыз ештеңені бақылау мүмкін емес».

Білім беру сапасын бақылау және басқару - жалпы оқу үрдісінің ішкі механизмі болып табылады. Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары: оқушы білімінің деңгейін нақтылау,тәрбие деңгейі, баланың жалпы дамуы, оқыту сапасының нақты бағалануы,мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыруы.

Білім беру мазмұнын жаңарту бағытында білім беру сапасын басқару -  жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің білімге қажеттілігін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығын қарастыру болып табылады. Осы орайда, білім беру сапасын басқару мектеп басшысының басқару қызметінің басым бағыты болып табылады.Мектепте  білім беру сапасын басқару: 1) Жалпы білім беру; 2)Білім беру процесін басқару;3) Білім процесін іске асыру; 4)Білім беру процесі нәтижесі; 5) Жалпы білім берудің функционалды сапасы бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Ал,  жалпы білім беру сапасы:білім процесінің негізгі шарттарының, ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, материалдық-қаржылық қамтылудың сапасы   деген бірнеше бөліктен тұрады.

Білім беру процесін басқару сапасына:  кадрлық қамтылу, оқушылардың психосоматикалық денсаулығы   және педагогикалық еңбекті ынталандыру сапасы жатады.

Білім процесін іске асыру сапасына: білім мазмұнының , оқыту және  оқу сапасы жатады.

Білім беру процесі нәтижесінің сапасы: оқыту деңгейі, денсаулық, креативтілік, тәрбиелілік , тұлғаның дамуы деңгейі, басты құзырлылықтың қалыптасу сапасы деген бағыттарда анықталады.

Жалпы білім берудің функционалды сапасы: оқушының білім алу қажеттілігіне;қоғамдық институттар қажетіне;ата-аналарының сұранысына;аймақтық еңбек нарығына;кәсіптік білім беру талабына сай келуін  көздейді.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп алдында тұрған негізгі міндет: басқару жүйесін түсіну және нәтижелік тұрғыдан басқару.Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде процеске бағытталған дәстүрлі басқарудан нәтижеге бағытталған басқаруға көшу жүріп жатыр. Өйткені, мектептегі білім беру сапасының негізгі көрсеткіштеріне ҰБТ қорытындылары алынуда.

Нәтижелік басқаруда -басшы біріншіден, нәтижені анықтап, міндет қойып, стратегиялық жоспар жасап,нәтиженің анықталу барысы бойынша педагогикалық кеңесте есеп береді.

Екіншіден, даму жүйелі және кешенді бағытта жүреді, мақсатты іс-әрекеттер қиындықтың алдын алуға бағытталады.

Үшіншіден, басқаруда нәтиже деңгейлеп көрсетіледі, педагогикалық мониторинг негізінде аралық нәтижелермен  жұмыс жасалады, үрдіс себеп-салдарлық тұрғыдан талданып, олқылық пен қателіктен сабақ алуға бағытталады.

Нәтижелік басқару өзара байланысты екі процестен тұрады: жүзеге асыру және талдау. Нәтижелік басқаруды жүзеге асыру дегеніміз – жағдай жасаудан басталып, білім беру процесін ұйымдастыру арқылы нәтижеге алып келу.  Ал нәтижелік талдау дегеніміз – алынған нәтижені талдаудан бастау, білім беру процесін талдау арқылы жасалған жағдайларды талдау. Мұнда жалпы үдеріс жағдай жасаудан басталып, процеске ұласып, нәтижемен аяқталады.Нәтижеге бағдарланған талдау кезеңдері төмендегіше болады:

1-кезең – күтілетін нәтижені анықтау. Олар: оқу үлгерімі, ҰБТ нәтижесі, жарыстар мен сайыстар, денсаулық пен тәрбие бойынша жетуі тиіс нәтижелерді кесте түрінде сандық негізде жазып жобалау;

2-кезең – осы көрсеткіштер бойынша мектеп жұмысының нәтижесін бақылау.Мектептің қазіргі көрсеткіштерінің нақты деңгейін айқындау;

3-кезең – екі нәтижені салыстыру, ауытқуды анықтау.   Мектептің қазіргі көрсеткіштерінің бұл нәтижелерге қаншалықты жетпей жатқандығын салыстырмалы кесте түрінде беру;

4-кезең – осы ауытқуға әсер ететін оқу-тәрбие үрдісінің кемшіліктерін анықтау. Ол үшін пәндерді тереңдетіп оқытуда, оқыту әдістемесін (технологиясын) жетілдіруде, сыныптан тыс шаралардың ықпалын арттыруда, жаңа тәрбиелік салаларды іске қосудаіс-әрекетте кетіп жатқан кемшіліктерді анықтау;

5-кезең – оқу-тәрбие үрдісіндегі кемшіліктер мен нәтижеге әсер еткен жағдайларды анықтау. Кадрмен қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру, ынталандыруды жүзеге асыру және кемшіліктерді анықтау.

6-кезең –нақты себептері көрсетілген маңызды проблемаларды белгілеу. Дарынды балаға қажетті кадрлар іздеу, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, қажетті бағдарламалар мен оқулықтар алу не құрастыру, оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету, технологияландыру мен ақпараттандыру бойынша мәселелерді ашып көрсету, оларды топтау, реттеу.

    Осындай игі істер оң нәтиже беретін болса, жұмысымыз оңға басады. Мектебіміздің болашағы биік, ертеңі ерекше, келері керемет болса, биік белестерден көрінетініне сенемін.  

 

 

 

 

499 0
Манат Смайлова, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000376
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: