Бастауыш мектептердің алдына қойылатын жауапты міндеттердің бірі- оқушылардың таза, көркем жазуын қалыптастыру. Өйткені каллиграфиялық мәдениет жалпы жазу мәдениетінің аса қажетті саласы екені белгілі. Жазудың әдемі болуы оқушының мінез-құлқын тәрбиелеуге, әсемдік сезімін оятуға, ой өрісін дамытуға мейліеше әсер етеді. Таза, сұлу жазылған жазба жұмыстары оңай, тез оқуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар сырттай көрер көзге де сүйкімді. Көркем жазу оқушыны ұқыптылыққа, тыңғылықтылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Көркем жазудың негізі бастауыш сыныптарда қалыптасады. Бастауыш мектепке арналған қазақ тілі бағдарламасында әдемі жазуға қойылатын негізгі талаптар белгіленген.
1-сыныпта көркем әліппе кезеңінен басталып, оқу жылының соңына дейін үзбей жетілдіріледі. әдетте, мұғалім жалпы жазу жұмысын, оның ішінде көркем жазуды, бастаудан бұрын сыныппен біршама даярлық жұмыстарын жаза білу икемділігін меңгеруге керекті төмендегідей дәстүрлі ережелерді қамтиды:
1. Оқушыларды жазу кезінде дұрыс отыруға машықтандыру (аяқтың еденге немесе столдың табалдырығына толық тірелуі, екі білектің стол үстінде болуы, сол қол шынтағының стол- парта бетінен аздап (1-2 см) шығыңқы болуы, бастың сәл ғана еңкейіңкі болып, көз бен қалам ұшы ара қашықтығының 25-30 см-ден кем болмауы, денені түзу ұстау, кеудені стол бетінен 3-5 см алшақ етіп отыру).
Дұрыс отыру ережелері орындалмаса, жас балалардың дене пішіні мен көзіне едәуір зақым келетінін мұғалім естен шығаруға тиіс емес.
2. Дәптерді дұрыс орналастыру (дәптер кеуденің ортасына бағытталып, оң жақ ұстіңгі бүрышы-жоғары, сол жақ ұстіңгі бұрышы төмендеу еіліп, көлбеу қойылады. Стол жиегінен көлбеу бұрышы 25 с болу керек).
3. Қаламды дұрыс ұстауға машықтандыру (қаламды үш саусақпен қарыстырмай, еркін ұстау, сұқ қолымен үстінен, бармақпен- сол жағынан, ортаңғы саусақпен қағазға әлсіз тиіп, солдан оңға қарай еркін қимылдап, жылжып отыруға тиіс, саусақтар қалам ұшынан 2-2,5 см қашықтықта болуы тиіс, пастаны жиі тексеріп, ауыстырып отыру, оның қатып қалмауын, еріп кетпеуін қадағалау).
Бұл талаптарды орындау бастауыш сынып білім алушылары үшін айтарлықтай дәрежеде оңайлыққа түспейді. Әсіресе, мектепке алғаш келген бірінші сынып білім алушылары дұрыс отыру ережесін орындауға бірден төселіп, көніге алмайды. Баланың еркін қозғалып, жиі қимыл жасап отыруы табиғи қажеттілік екені белгілі. Сондықтан мұғалім жазу барысында, біршама уақыт өткен соң, ара-тұра қозғалыс минуттарын өткізіп тұруға тиіс, сол сияқты, дәптерді стол үстіне дұрыс орналастырып, қаламды дұрыс ұстау икемділігі үлкен төзімділікті, мұғалім тарапынан ұдайы қадағалауды, сыныппен, ондағы әрбір білім алушымен жалықпай жұмыс жұргізуді керек етеді.
Аталған ережелерді меңгергеннен кейін, оқушылар кіші әріптер мен бас әріптерді жазуға көшеді. Әріптерді сөз ішінде бір-бірімен дұрыс байланыстырып қоса білуді үйренеді. Сауат ашу кезеңі біткен соң, әріптерді дұрыс таңбалап жазуды қалыптастыру мақсатымен көркем жазу сабақтары жүргізілуге тиіс. Бұл кезеңдегі көркем жазу жұмысы тығыз да қарқынды етіліп өткізуді қажет етеді. Жазуды жазылуы оңай әріптермен бастап, жазылуы қиын әріптерді жазуға біртіндеп көшкен жөн. Басқаша айтқанда, жазу жұмысы әріптер тобы бойынша өткізіледі. Көркем жазуға арналған жаттығулардың қатарына әріп элементтері мен тұтас әріптерді жазу ғана емес, сонымен қатар жеке сөздер мен сөйлемдерді жазу да кіреді. Оқу жылының аяғында оқушылардың жазу қарқынын (темпін) біртіндеп жылдамдатуға көңіл бөлінеді. Кіші әріптер мен бас әріптерді алфавит ретімен жазу икемділігі қалыптастырылады.
Жазу жұмысының жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын төмендегідей біртұтас арнайы талаптарды жүзеге асырады.
- Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу.
- Дәптердің сыртқы бетіне жазылатын жазулардың біркелкі болуы, оның қандай мақсатқа арналғанын көрсету (қазақ тіліне арналған дәптер, ана тіліне арналған дәптер т.б.), (сыныбы, мектептің нөмірі мен аты, өз фамилиясы мен өз атын жазып қою).
1 сынып оқушыларына арналған дәптердің сыртына жазылатын жазу үлгісін мұғалімнің өзі жазады.
- Шетіндегі ашық жолдарды басып жазбау.
- 1 сыныптың қазақ тілі мен математика пәні бойынша бірінші тоқсандағы жұмыстары.
1 сыныпта екінші жарты жылдықтан бастап, сондай-ақ 1-4 сыныптарда жазба жұмысының арнаулы мерзімі көрсетіледі. Цифрлардан соң дефис қойылмайды.
5. жаттығу мен есеп нөмірлерін қою, жазба жұмысының қайда орындалғанын (сыныпта, үйде) көрсету.
6. Азат жолдарды сақтап жазу.
7. 1-4 сыныптарда әрбір жазба жұмысының тексін, жұмыстың датасы мен тақырыбы (аты) көрсетілген бетте азат жолдан бастап жазу.
Қазақ алфавитіндегі әріптерді жазуға үзіліс жасау-жасалмауына қарай төменгі топтарға бөліп қарауға болады.
Кіші әріптер
1. Үзіліссіз жазылатын бір элементті кіші әріптер: ә,б,в,г,е,о,с,ь.
2. Үзіліссіз жазылатын көп элементті кіші әріптер: а,д,з,и,л,м,н,ң,п,т,у,ү,һ,ц,ч,ш,щ,ы,ю,я.
3. Бір үзіліспен жазылатын кіші әріптер: ғ,й,к,қ,ө,р,ұ,х,і,э.
4. Екі үзіліспен жазылатын кіші әріптер: ф,ж.
Ескерту: Ж әріпінің элементтерін екі түрлі етіп жазуға болады:
Бас әріптер
1. Үзіліссіз жазылатын бас әріптер: А,Ә,В,Д,Е,З,И,Л,М,Н,О,С,У,Ү,Ц,Ч,Ш,Щ,Ы,І,Ю,Я.
2. Біз үзіліспен жазылатын екі элементті бас әріптер: Б,Г,Р,Х,К,Қ,Ұ,Ө,Э.
3. Екі үзіліспен жазылатын бас әріптер: Г,Ж,П,Е,Ф.
4. Үш үзіліспен жазылатын төрт элементті бас әріп: Т.
Қорытынды.
Қоғам мен жалпы білім беретін мектептердің сұранысына сәйкес бастауыш мектеп буында көркем жазу пәнінің мәні зор. Оқушылардың жазу дағдысы қалыптастыру оны кейінгі сыныптарда жетілдіру үшін, жазу әрекеті мен психофизиологиялық әрекеттерін ескеру жазуға үйренудің әр тәсілдерінен қарулану тек көркем жазу сабағында жүзеге асады. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларында графикалық каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру процессінің психологиялық физиологиялық дидактикалық негіздерін ашу керек.
Сонымен қатар оқушыларды жазу кезінде дыбыс таңбаларын дұрыс қолданып, көркем әрі сауатты жазумен бірге, айтылған ойды жылдам жазуға, оқылған тексті есте сақтап жазуға үйрету де өзекті мәселелердің бірі.
Бір қарағанда әліпбидегі санаулы дыбыс таңбаларын әдемі және жылдам жазуға балаларды үйрету онша көп қиындық келтірмейтін сияқты. Шын мәнінде бұл дағдыларды оқушылар бойында қалыптастыру барысында мектептің алдында көптеген қиындықтар кездеседі. Жазба жұмыстарын көптеп орындатуға қарамастан, кейбір оқушылар дыбыс таңбаларын, олардың бір – бірімен байланысу жолдарын жазу кезінде қолдана біледі. Дыбыс таңбаларын көркем әрі айқын жазуға дағдыланса да, жылдам жазуға әдеттенбегендіктен, айтылған ойға ілесе алмайды әрі жазу сауаттылығы мен анықтығы төмендейді.
Көркем жазу табиғаты, әрине асықпай жазуды талап етеді. Алайда жазудың өте баяу болуы біздің сабағымызға кедергі келтіреді. Сынып жоғарылаған сайын жедел жазу міндеті жүктеледі.
Әдемі, көркем жазу білім алушылардың мінез-құлықтарын тәрбиелейді. Таза, сұлу, көркем жазылған жазба жұмыстары да оңай, тез оқуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар көрер көзге де сүйкімді.