Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI810

Қосымша білім беру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

  Қосымша білім беру арқылы оқушылардық функционалдық сауаттылығын арттыру адамның әлеуметтік ,мәдени саяси және эканомикалық қызметтерге белсене араласу яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына жасына қарамай ілесіп отыру алған білімін өмірде кез келген ортада қандай жағдай болмасын қолданып өзін алып шығуға бейімдеу .Хаттидің 2009 жылғы сындарлы оқыту теориясын ұсынған кезде функционалдық даму теориясын түсіндірген болатын. Ал сол оқушының білімін толық жетілдіріп өмірде қолдана алуына өз үлесін қосатын тұлға ол –мұғалім .Ал Паржерсттің тұжырымдауы бойынша мұғалім балаға сабақты игертуге ең бастысы ұстаным деген болатын мұғалімнің ұстанымы биік кез келген жағдайға жоғары ұстанымда болса барлық жайттан баланы ,өзін алып шығады деген еді.
 Балаларды батылдыққа тәрбиелеу
Ал батылдық –қорқыныштың жоқтығы емес ,ол –өз бойындағы қорқынышты өзі  басқару, соны ақылмен жеңу.Марк Твен айтқандай 

Біздің өмірімізде пайда болған әр бір адам –ол ұстаз Біреу бізді батылдыққа ,біреуі ақылды болуға ал –біреуі бақытты өмір сүру үшін кешіруге және өміріміздің әр бір күнін қуанышты етіп өткізуге үйретеді. Ал біреулер аяқтан шалады соданда біз өзімізге тіжірибе жинаймыз.Әр бір адамды –бағалау керек тіпті ол біздің өмірімізге лезде кіріп шықсада.Оның көрінгенінің өзі жайдан жай емес деген Конфуций айтқандай 
 оқушы қбб алу арқылы әр мұғалімнен кем дегенде қалай өмір сүру керек екенін үйренеді.

Қосымша білім берудің  мақсаты - бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.   Оқушыны рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлғаетіп шығару . Қосымша білім беру арқылы баланың білімін ғана жетілдіріп  қоймай сонымен қатар дарындылығының да ашылуына бастама болады.
 Бала қызығушылығы артады өзінің қабілеті қай салаға бар екенін толық анықтап біледі .Қосымша білім алу арқылы бала өз тәжірибелерін жасай алады.Өзін толық жан- жақты жетілдіре алады. Әрине мұғалімнің арқасында.
 Қосымша білім беру -балаға өзінің жеке дара білім алу жолын анықтауға, өзінің қабілеттеріне сәйкес, оқу үлгеріміне қатыссыз, табысқа жету мүмкіндігін береді. Қосымша білім беруде бала сабақтың түрлерін, мазмұнын өзі таңдайды, сәтсіздіктен қорықпайды. Осының барлығы табысқа жетудегі психологиялық ахуал тудырады, бұл өз кезегінде оқу ісіне оң әсерін тигізеді.
Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін : әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым дейді Александор Македонский  Дәл сол сияқты қбб  алу арқылы бала өз мақсатына жету жолдарын табады .

Қазіргі уақытта адамның білімділігі тек арнайы (пәндік) білімдермен анықталмайды, отандық және әлемдік мәдениетте, құндылықтардың заманауи жүйесіндегі бағыт-бағдары бар, қоғамда әлеуметтік белсенді бейімделуге, өмірлік таңдау жасауға, өздігінен білім алуға және жетілуге қабілетті тұлға ретінде жан-жақты дамуына байланысты.

Сондықтан жалпы білім беретін мектептердегі білім беру үдерісі тек нақты бір білімге, біліктер мен дағдыларға ғана бағытталмай, сонымен қатар баланың әртүрлі жоспарлы дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктеріне, қабілеттіліктерін ашуға және адамның жеке даралығына жататын тұлғалық бастамаларына, өздігінен әрекет жасауына, қиялына, өзіндік ерекшелігіне бағытталуы қажет.
Шығармашылық әлеуеттерін, заманауи қоғамға бейімделу дағдыларын дамыту және бос уақыттарын толық ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Бала тұлғасын «жақын арадағы даму аймағы» ретінде балаларға қосымша білім беру, балалардың қалауларымен қажеттіліктерінің әрқашан ұштасатын  білім беру үдерісін жекелендіру басты мақсат. 

Қазіргі кезде жас ұрпақты тәрбиелеуде қосымша білім берудің рөлі ұлғайып келе жатыр. Олардың өмірде өздігінен дамуын қамтамасыз ететін балалардың қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтауға және дамытуға байланысты әлеуметтік проблемаларды шешеді.Балаларға қосымша білім беру, тұлғаны оқытудан, тәрбиелеуден және шығармашылық дамытудан басқа, әлеуметтік маңызы бар басқа да проблемалар қатарын шеше алады, олар: балалардың бос уақытын қамтуды, олардың өздігінен жетілуін және әлеуметтік бейімделуін, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, бақылаусыздықтың, құқық бұзушылықтың және балалар мен жасөспірімдер арасында бейәлеуметтік көріністердің алдын алады. Балаларға қосымша білім беру негізінде таңдау бойынша сапалы білім беруді қамтамасыз етеді, балалар мен жанұялардың әлеуметтік экономикалық проблемаларын, жалпы қоғамның сауықтыру проблемаларын шешеді.

Қосымша білім беру қызметінің негізгі мақсаты балаларға өз ойларын білдіруге, өздігінен дамуға және өзін-өзі анықтауға жағдай жасау. Бұл мақсатты іске асыру үшін білім алушыны объект ретінде қарастырмай, белсенділік, дербестік, коммуникативтілік сияқты жеке қасиеттерді дамытуда мүмкін болып отыр.

 

206 5
Ботагөз Әбенова, Түркістан облысы,Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№72 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қосымша білім беру педагогы Ұлы Дала Ұстазы № 000366
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Аягоз Абен
25 ноября 2021 22:35
Өтте керемет жарайсың
Аягоз Абен
25 ноября 2021 22:57
Абенова Ботагоз өтте керемет
БАЛНУР
25 ноября 2021 23:33
Абенова Ботакоз молодец тек алга!!!
Айрин
26 ноября 2021 15:35
Ботагөз жарайсыз. Тек қана алға!!!
Мирас
26 ноября 2021 15:36
Тамсанып отырмын, керемет жазылған. Рақмет! Жарайсыз!