Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI809

Бала біздің болашағымыз!

      «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деп философ, ғалым   Әл – Фараби айтқандай:

Отбасы – адамзаттың алтын ұясы екенін барлығымыз білеміз. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан  бастап, сол ортаға бейімделіп ер жетеді.«Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам» деген екен грек философы Эпикет. Барлығымызға белгілі-  бала әр ата – ананың болашағы, өмірінің жалғасы. Біздер ата- аналар өз балаларымыздың тәрбиесі үшін ел алдында жауапты болып балаларымыздың парасатты, өнегелі, тәртіпті, инабатты,білімді азамат болып өсуіне қам жасауымыз керек.

Біз, ата – аналар, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ екенін ұмытпауымыз керек. 

Балаларымыздың адал да мейірімді, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарауына отбасы тәрбиесінің ықпалы өте зор.

 Қазіргі таңда көбінесе ата-аналар баланың қызығушылықтарына немқұрайлылықпен қарап, балаларын тәрбиелеудегі, жауапкершіліктен 

қашқақтайтын отбасыларда балалардың білім алу процесінде, мұғалімдер мен құрдастарымен қарым-қатынас жасауда қиыншылықтарға ұшырайтындығын білеміз.  Кейбір отбасында баланың тәрбиесі шектен тыс  қысымда болатын болса –  ол отбасының баласы екіжүзді және оның қарсылығы мейірімсізденуден ызаға ұласып жатады.Ондай  отбасында тәрбиеленген бала  өз – өзіне қол салу фактілеріне барып жатқандарын  біздер ата – аналар сезбей де қалып жүрміз.

Ал егер отбасы махаббатқа, сыйластыққа, өзара түсіністікке, кішіпейілділікке және тілектестікке толы атмосферада өмір сүрсе, баланың сайма-сай өзін-өзін бағалай біледі, ол өзіне сенімді, ол жақсы оқығысы келеді; ол сыныптастарымен достасқысы келеді және ол қолынан келеді; педагогтарға құрметпен қарайды. Ол өскенде, алдына үлкен мақсаттар қояды және оған мақсатты түрде қол жеткізеді. 

 Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұл кісілер жанұя мектебінің ұстаздары болып келетіні бәрімізге белгілі. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап – тілектері – баланың « әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып, мейірімділікке, имандылыққа баулып өсіреді. Тәрбие басы әдептілік деп білетін ата – ана әуелі баласына өздерін сыйлап – құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды, сонымен қатар балаларының ер – азамат болып, халқына еңбек етулерін, қыздарының инабатты  және келешекте басқа отбасында аяулы жар, ибалы  келін болатындықтарын басты міндет етіп қояды.

Бейне ролик  «ӘКЕ, МЕНІ ВАЛЬСҚА ШАҚЫР!» 

Құрметті ата-аналар, сіздердің алған әсерлеріңізге қарап, фильмнен көргенәкесі мен қызының қарым-қатынасындағы жылылық пен махаббатты сезіне алдыңыздар деп үміттенемін.  Қызының әкеге деген және әкенің қызына деген сезімдері сіздерді терең толғандырғандығын көріп отырмын. Фильмдегі әкенің өз қызын қалай тәрбиелейтіндігі мен оған қиындықты жеңуге қалай көмектесетіндігі жайдан-жай көрсетілген жоқ. Әке беделінің күші, ересек ер-азаматтың ақылы, сынақ сәтінде балаларға – ұлдарға да, сондай-ақ қыздарға да қажет-ақ. Әке  иығы – ең сенімді тірек!

Фильм әрбіреуімізге жарқын сезімдер сыйласын! 

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейірім шапағат көзі – ол әйел баласы. Әсіресе отбасында әйел баласы өзінің аналық борышын ұмытпай, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда ғана оның мәртебесі арта түседі. Отбасында анасының әкесіне деген қарым – қатынасы, балалардың әкеге деген көзқарасының сипатын анықтайтынын естен шығармауымыз керек. Ананың қамқорлығы, ананың нәзіктігі, ең бастысы – ананың махаббаты барлық ауыртпалықтардан ең басты шипа! Ананың жүрегі – ең сенімді қорған осы! Ана барлық балаларын жақсы көреді – баласы біреу ме, үшеу ме, немесе бесеу ме – бәрібір, оның махаббаты барлығына жетеді! Және бұны барлығымыз өте жақсы білеміз. 

Ролик «Бір келіншектің отбасы жайлы»

 Осы жағдайларға байланысты  арнайы сіздерді күнделікті кейбір отбасыларында орын алып жатқан оқиғаларға байланысты«Бір келіншектің отбасы жайлы»тақырыбында жасалған бейне роликті көруді ұсынамын.

Ал  енді құрметті ата – аналар өздеріңіз көріп тамашалаған бейне роликтен не ұқтыңыздар? Бұндай отбасында тәрбиеленген баланың тағдыры,тәртібі, мейірімділігі және өмірге деген көзқарасы қандай болмақ деп ойлайсыздар? Осыдан жүйкесі жұқарған бала өз – өзіне қол жұмсауға ұмтылыс жасамауына кім кепіл?

Жасөспірімдік шақта бұндай жағдай балаларымызды бұзақы мінез-құлыққа итермелеу арқалы, шылым шегуіне, балағат сөздер айтуына, өз міндеттемелерін елемеуіне,  алкоголь мен есірткі қолдануына  , компьютер ойындарына, әлеуметтік желідегі қарым-қатынасқа кетеді. Отбасында қолдау мен түсіністік болмаған соң, жасөспірімдер теле -   және интернет - тәуелділік, нашақорлық, ойын құмарлық, затқа табынушылық секілді қазіргі әлемнің сансыз теріс азғырындыларына оңай еріп кетеді.    Әлемде мейірімсіз арсыз балалардан асқан қасірет бар ма?

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру – әрбір жеке отбасының және жалпы бүкіл қоғамның міндеті. Американ жазушысы Томас Харрис дәл айтқандай, «Балаларға көмектесудің ең жақсы тәсілі – бұл олардың ата-аналарына көмектесу». Балаларымызды мейірлене құшақтауда сараңдық жасамайық! Баламызды құшақтайық – физикалық  байланыс тыныштандырудың сенімді құралы болып табылады; белгілі американдық отбасылық психолог Вирджиния Сатир: “Баланың жай ғана өмір сүруі үшін күніне төрт рет, ал дұрыс дамуы үшін, - он екі рет құшақтау керек”, - деп жазған.

Қарасаң барлығы қарапайым нәрсе сияқты! Ал бірақ өмірде «жүгіріп», «әбігерленіп» жүріп, туған баламызды құшақтауға да үлгермей жатамыз!

         Бүгінгі балаларды жақсы етіп тәрбиелеудің ең жақсы тәсілі оларды бақытты ету екендігін біздер ата – аналар ешқашан ұмытпауымыз қажет. Әрбір ата – ана өз отбасында баланың бойына дұрыс, уәждемелі, тыныштандыратын және өз-өзіне деген сенім ұялататын ата-аналық бата - тілек жасай білсек:«Мен сенің барлығын жеңе алатындығыңа сенімдімін! Барлығы жақсы болады! Абыржыма, байсалды бол! Ұстамды бол! Сен – ақылдысың әрі күштісің! Мен сені мақтан тұтамын! Не болса да, біз сені жақсы көреміз! Сен біз үшін – ең тамашасың!» деген сияқты қарапайым әрі жағымды сөздерді айтып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді.. 

Сонымен қатар біз ата – аналар ешуақытта балаларымызды қыспаққа алмауымыз, оған  деген сүйіспеншілігімізді, мейірімізді аямауымыз керек.Әрқашан балаларымыздың  жанында болып және онымен әңгімелескенде әрдайым ашық сөйлесуіміз қажет.

Баламыз үндемесе, ия болмаса тұйықталып, өз ойын ашық айта алмаған жағдай да, біз оған ренжімей, қайта баламыздың өзімізге сеніп, бар ішкі сырын айтуына, ашылуына  шамамыз келгенше тырысып бағуымыз керек. Егер де баламыз өз ойын, ішкі сырын бөлісуге ұмтылса, онда біз оның ойын байыппен, ықыласпен тыңдап, сұрақтар қою арқылы, қолдау білдіріп отыруымыз,  дауыс көтермей байсалды сөйлесуіміз керек. Ал керісінше балаға орынсыз жерде ақыл айту арқылы ұрысып, жағымсыз эмоцияларымызға ерік беретін болсақ, бұл әрекетімізден бұдан былай баламыз бізге ешқандай сырын сеніп айтпайтын болады. Сондықтан баланы өзіміздің ересек досымызды тыңдағандай тыңдай білейік.

Егер ата-ананың ашуы немесе жазалауы лайықты болса, олар өте қажет. 

Бұл шаралар балаға қателерін көрсетеді және өмір сүруге үйретеді. Барлықата-аналардыңықпалетуәдістеріәртүрлі. Ұрып-соғуарқылыжазалауғажолберугеболмайтындығытүсінікті. Бірақжақсыата-ананақты осы балағаненіңерекшетиімдіәсерететіндігінанықбіледі. Алайда, қандайжағдайболса да жазалаушарасыестеқалуыкерек. Алғашында бала ата-анасыменкеліспеуі де мүмкін, бірақесейгесін, бала олардыміндеттітүрдетүсінетінболады. Сабырмен , түсіндірумен, балаңыздың неліктен мінез – құлқының дұрыс емес екендігін түсіндіріп, бірақ түсіндірме жүргізгенде айғайламай  жай қарапайым сөздермен, намысына тиетін сөздерді пайдаланбай, оғанкөбірек көңіл аударумен жеткізуіміз қажет – деп есептеймін. «Жылы – жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» демекші, балаға да әрдайым жылулық танытып отырсақ, балаларымыздың тәрбиесі жақсы болар ма еді деген ой туындайды.

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі оқушылардың   ҰБТ тапсыруы. Болашақта немен айналысуды шешу – бұл балаларымыз үшін ең қиын іс. Біз ата – аналарбарлық мүмкіндіктерді көрсетуге тырысып – оған әр түрлі мамандықтар туралы айтып, келешекте балаларымыздың қандай мамандықтың иесі болғысы келетіндігін біліп алып, шамамыз келгенше жол сілтеуіміз керек. Алайда кейбір отбасыларда баланың ойымен санаспай, барлық мәселені ата – анасы шешіп қояды. Ол мүлдем дұрыс емес. Себебі әрбір баланың өз ой – пікірі, арманы, алға қойған мақсаты болады. Сондықтан құрметті ата – аналар балаларымыздың болашағын ойлайтын болсақ, кішкене болса да балаларымыздың ой – пікірімен санаса білуіміз қажет. Балаларымызбен   көбірек сөйлесуге тырысайық! ҰБТ тапсырар алдында  оның барлық сұрақтарына жауап беру арқылы,оның үрейлері мен қорқыныштарын талқылайық! Баламызбенәңгімелесуге уақытымызды аямайық! Өйткені тап қазір бұл оған аса мұқтаж. Бала біздің ілтипатымызды өмір бойы естен шығармайтындығы және ол үшін әрдайым риза болатындығына сенімді болайық.

Мұндай жағдайда ең алдымен балаларымызға  ата - ананың көмегі қажет екендігін ұмытпауымыз керек.. Бірақ бұл жерде шындықты айтуға тырысайықшы. Барлық ата-аналар  бірдей өз балаларын нақты қолдай ала ма? Бұл сұрақтың дұрыс жауабы – ЖОҚ, БАРЛЫҒЫ БІРДЕЙ ҚОЛДАЙ БЕРМЕЙДІ!

Көбіне біз  ата-аналар керісінше, үрей тудырып, балаларымызға тым артық талап қойып та жатамыз.   

Сондықтан біз әрбір ата-ана  балаларымызға алда – әлі ұзақ өмірдің жатқандығын және де оған өзінің күшіне деген сеніммен, ата-анасы өзін түсінеді және қолдайды, тіпті егер бірден барлығы ойлағандай болмаса да, болашақта алға қойған мақсатына жету мүмкіндігі бар екендігі сезімімен қадам  жасауына жағдай жасауымыз тиіс.

    Өмірдің ең үрейлі және күрделі  сәттерінде көрсетілген қолдау, барлығынан да артық бағаланатындығын және есте сақталатындығын баршамыз естен шығармауларымыз керек.  Әрбіреуіңіз де өз балаларыңызға деген   сенімді тірек болу үшін жеткілікті күш, қуат, даналықтарыңыз бар екендігіне сенім білдіреміз.

 

 

 

 

454 0
Асем Басанова, Түркістан облысы,Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№72 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Ұлы Дала Ұстазы № 000365
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: