Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Мен бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламын. Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «Кім болам?» деген сұрақ тұр. Мамандық таңдау мәселесі жоғары сынып оқушыларының алдында әрдайым маңызды болады, ал қазіргі уақытта бұл мәселе біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге байланысты өте өзекті болуда . Адамға кәсіптің қажеттілігі және оның жеке ерекшеліктері, еңбек нарығының сұранымы сияқты факторларды ескере отырып, кәсіби таңдау жасау, мамандықты табысты игеру, еңбек қызметіне үйлесімді кіру, маманның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы маңызды шарты, сонымен бірге оның отбасының амандығы болып табылады.Сондықтан да, көптеген жаңа кәсіптер туралы оқушыларға ақпарат беріп өзінің кәсіптері жайлы айтып бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін елге елеулі, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын шақырып сыр сұхбат алып білімнің барлық сатыларын қамтитын кәсіби бағдардың кешенді жүйесін құруды қосатын, қосымша білімде сапалы жаңа білім үлгілерін әзірлеп отыруымыз қажет. Мамандық таңдауға дайындық тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуының ажырамас бөлігі болғандықтан маңызды болып табылады, оны жекеше түрде және тұлғаның физикалық, эстетикалық, саяси және зияткерлі, еңбекті, адамгершілік қатынасын, яғни оқыту тәрбиелеу процесінің барлық жүйесімен қарастыру керек. Өздеріңіз көріп отырғандай мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
1. Мамандық таңдауда не маңызды? Қабілет пе, бейімділік пе, қызығушылық па?
Дұрыс таңдалған кәсіп адамдың икемділігі мен қызығушылығына сәйкес келеді, қабілеттілігімен толықтай үйлесімде болады. Тек осындай жағдайда ғана мамндық қанағат пен қуаныш алып келеді. Білім алушылар кәсіптер туралы жан-жақты ақпараттарға, кәсіпті таңдау кезеңінде білікті кеңеске, кәсіптік қалыптасу барысында көмек пен қолдауға мұқтаж болды.
. Кеңес беру бағыты оптантты (мамандық таңдау қажеттілігі алдында тұрған адам) таңдауда көмек көрсетуді тұспалдайды. Бұл көмек көрсету адамның мотивін, оның қызығушылықтарын, бейімділігін, жеке тұлғалық мәселелері мен дүниетаным ерекшеліктерін есепке ала отырып негізделеді. Ол өзіне диагностикалық немесе ақпараттық қырларды енгізуі мүмкін.
Кәсіби кеңес беру бойынша қосымша білім беру педагогының жұмысын үш кезеңге бөлуге болады:
1. Кәсіби үгіттеуді және кәсіби насихаттауды, кәсіби ақпаратты енгізетін кәсіби ағарту.
2. Белгілі бір мамандыққа немесе басқа кәсіпке тұлғаның қызығушылығы мен ерекшеліктерін анықтауға бағытталған алдын ала кәсіптік диагностика.
3. Кәсіби кеңесшілер-мамандар тарапынан мамандық таңдауға негізінен жекеше көмек көрсетуге бағытталған кәсіби кеңес.
4. Ең үлкен мүмкіншілікпен сол кәсіпті табысты меңгере алатын және оған байланысты еңбек міндеттерін орындай алатын тұлғаларды таңдау мақсатында кәсіби іріктеу (таңдау).
5. Әлеуметтік-кәсіби бейімделу.
6. Балаларда кәсіби абырой мен құндылық, жауапкершілік, парыз сезімін қалыптастыруды өз мақсатына қоятын кәсіби тәрбие. · профессиографиялық материалдарды дайындауға қатысады; · кәсіби бағдарлау кабинеттерін жабдықтауға қатысады; · қала және өңірлік еңбек нарығындағы жағдай туралы, тұтас алғанда еңбек нарығында сұранымға ие кәсіптер және оларды облыс және өңірлік оқыту мекемелерінде, оның ішінде мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі органдарының бағыты бойынша алу мүмкіндігі туралы ата-аналар және мұғалімдер, жалпы білім беру мектептерінің түлектері мен жоғары сынып оқушыларын кәсіби ақпараттандыруды жүзеге асырады; · балаларға топтық және жеке кәсіби кеңес беруді жүргізеді; · білім органдарымен, жастар қоғамдық бірлестіктері және ұйымдарымен бірлесе бұқаралық және тақырыптық кәсіби бағдарлау шараларын өткізуге қатысады; · кәсіби бағдарлаудың мамандандырылған кабинеттерін құрады және білім ұйымдарында олардың жұмысын ұйымдастырады.
Тек осындай тәсілдің негізінде балалармен мамандық таңдауға саналы қатынасты қалыптастыруға бағытталған тиісті жұмыс жүргізуге болады. Осыған байланысты, кәсіби ағарту - белсенді процесс, балалардың тікелей сол процесске қатысып ақпарат алуын талап ететін осындай жұмыс әдістеріне көбірек сүйену керек.
Мамандықтарда, оның ішінде жұмысшы кәсіптерде бүгінгі күні қиын және қызықты техника енгізілуде, еңбек мәдениеті де артуда. Компьютер әрекеттің барлық салаларында, тіпті мал шаруашылығына дейін қолданылады. Сондықтан да әрбір адам өз қызметі саласында заманауи техниканы қолдануға дайын болуы керек. Бұл маңызды мәселелерді шешу үшін тағы да маңызды міндеттердің бірі.
Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығыңа деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жинақтап бір –екі ауыз сөзбен қорытындылап жіберсек.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз деген екен. Өмірде мамандық таңдауда жаңылыспай, өз қалаған мамандықтарыңыздың ел кәдесіне жарап, өздеріңізге құаныш сыйлауына, бақытты болуларыңызға тілектеспін.